Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік препаратпен жаппай вакциналаудың бірінші кезеңі басталады. Ал 15 ақпаннан бастап Қазақстанда өндірілген "Спутник V" вакцинасы егіледі. 2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап вакциналау процесіне отандық өнім - QazCovid-In препараты қосылады. Бұл вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың 3-ші кезеңінде тұр. Бірінші кезекте кімдерге екпе салынады, балаларға егіле ме, вакциналаудан бас тартуға бола ма - осы және өзге де сұрақтардың жауабын Sputnik Қазақстан материалдарынан таба аласыз.
Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға өтініш беру басталды. 23 қаңтардан Enpf-otbasy.kz сайты іске қосылды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін 700 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады. Есепшотты қалай ашу керек, қандай баспана алуға болады, үлескерлер мен ипотекасы бар азаматтар не істейді – осы және өзге де сұрақтардың жауабын Sputnik Қазақстан материалдарынан таба аласыз.
Иран 8 қаңтарға қараған түні АҚШ-тың Ирактағы екі әскери базасына зымыранмен соққы жасады. Соңғы мәліметтер бойынша Иран аумағынан 20-дан астам зымыран ұшырылған. Иран сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұхаммад Джавад Зариф зымыран соққысын өзін-өзі қорғау шарасы деп атады. Ал Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп "бәрі жақсы" екенін айтып, таяуда Иранға қатысты мәлімдеме жасайтынын хабарлады. Айта кетсек, Иран тарапы бұған дейін генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек қайтаратынын мәлімдеген еді. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыз.
Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2020 жылы өтеді. 2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұдан бөлек, мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілді. Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлау мәселесі пысықталып жатыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыздар.
2019 жылы елімізде 20 маусым мен 5 шілде аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Биыл тест тапсырмалары 30 процентке жаңартылды. Талапкер бұрынғыдай үш негізгі пән – Қазақстан тарихы, математика және оқу сауаттылығын тапсырады. Бұдан бөлек, екі салалық пән бар. Оны талапкер өзі таңдайды. Бес пән бойынша 120 тапсырма бар. Алайда 140 ұпай жинауға болады. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқыңыз.