Алматыдағы атыс: 5 адам қаза болды

20 қыркүйекте Алматының Ақбұлақ ауданында ер адам 5 адамды атып өлтірді. Олардың ішінде екі полицей, бір сот орындаушысы және тағы екі азамат бар. Құқық қорғау органдары сот үкімін орындауға келген. Бірақ баспананы босатуға міндетті ер адам үйдегі мылтықтан оқ атады. Бес адамның барлығы қайтыс болды. Полицейлер мен сот орындаушысының жанында үйдің жаңа иесі және оның танысы болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ондай қылмыс үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.