Рамазан - 2021

2021 жылы Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні. Барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы осымен екінші жыл қатарынан пандемияға байланысты енгізілген карантинмен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халыққа үндеу жасап, санитарлық талаптарды сақтауға шақырды. Биыл бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы мен ауызашар әрбір өңірдің эпидемиологиялық жағдайына қарай өткізіледі. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыз.