Ызғарлы көктем

Қазақстанда көктем мезгілі біршама тосын сый жасады. Сәуір айынан бастап мамыр айы бойы еліміздің басым бөлігінде оқтын-оқтын қар жауған. Мамыр айының үшінші он күндігінде дүлей дауыл соғып, бұршақ аралас нөсер жауын салдарынан ағаштар, құрылыс нысандары мен зәулім ғимараттар зиян шекті.