Видео

"Астана Опера" театры Пласидо Домингоның ұлына қатты ұнады

Жазылу
Опера сахнасының "патшасы" Пласидо Домингоның ұлы Альваро "Опералия" халықаралық конкурсына дайындалу үшін Астанаға келді

"Опералия" конкурсы Астанада 24-29 шілде аралығында болады. Қазақстанның намысын төрт қатысушы қорғайды, олардың арасында "Астана Опера" әншісі Мария Мудряк бар.

Ла Фениче Федерико Лепре - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО кезінде Астанаға "Ла Скала" әртістері келеді

Альваро Доминго "Астана Опера" театрының мұндай жоғары деңгейлі байқауларды өткізуге мүмкіндік беретін басымдықтарын атап өтті. Театр сахнасы мен акустикасы заманауи талаптарға сай келеді.

"Астана Опера" — баға жетпес байлық, мұндай сахнада тұрып ән шырқау үлкен мәртебе. Театрдың болашағы зор екендігіне сенімдімін", — деп ойымен бөлісті Альваро Доминго.

Жаңалықтар
0