Видео

Сочидегі кездесуде Путин Ердоғанның орындығын құлатып алды

Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі баспасөз мәслихаты кезінде Түркия мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған отырған орындықты абайсызда құлатып алды

Сочиде Иран, Ресей және Түркия мемлекет басшылары – Хасан Роухани, Владимир Путин және Режеп Тайып Ердоған арасында үшжақты келіссөз жүргізіліп, соның нәтижесінде президенттер Сирия бойынша бірлескен мәлімдеме жасады.

Бірлескен баспасөз мәслихаты аяқталған кезде Путин тұрып, Ердоғанмен қол алысады да, орындығын артқа итерем дегенде, орындық гүрс етіп құлап түсті.

Жаңалықтар
0