(0:59 / 7.04Mb / )

Михаил Саакашвили төбеден секіремін деп әлек салды оқиға орнында түсірілген видео

163
(Жаңартылды 15:51 06.12.2017)
Желіде пайда болған видеода Михаил Саакашвили полицияға ұсталған кезде үйінің төбесіне шығып алыпты

Грузияның бұрынғы президенті әрі Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили өз үйінде ұсталды. Құқық қорғаушылардан қашқан ол сегіз қабатты үйдің төбесіне шығып алып, секіремін деп әлек салды. Саакашвилиді жақтаушылар полицейлерге қарсылық көрсетіп, көліктің дөңгелегін жарып, көшбасшыларын алып кетуге кедергі келтірді.

Михаил Саакашвилиді ұстаудың бейресми себебі – Украина президенті Петр Порошенкомен арадағы кикілжің деп айтылып жүр.

163

Ғарышкерлер орбитадан құттықтау жолдады видео

56
(Жаңартылды 21:27 12.04.2021)
Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік экипажы Жер планетасының тұрғындарын Ғарышкерлер күнімен құттықтады

Осыдан тура 60 жыл бұрын кеңестік зымыран тасымалдағыш "Восток-1" Юрий Гагаринді орбитаға жеткізді. Осылайша Гагарин ғарыш кеңістігіне аяқ басқан алғашқы адам болды.

2011 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 12 сәуірді ғарышқа алғаш рет адам ұшқан Халықаралық мейрам ретінде белгілеуді қарастыратын резолюцияны қабылдады.

Ресейлік ғарышкер Олег Новицкий Гагариннің ғарышқа ұшуы кеңестік технологиялардың артықшылығын күллі әлемге паш етіп, КСРО-ны тұңғыш ғарыш державасына айналдырғанын атап өтті.

Ғарыштан жолданған бұл құттықтауға ғарышкерлер Петр Дубров, Сергей Рыжиков пен Сергей Кудь-Сверчков те қосылды.

56
Кілт сөздер:
ғарышкерлер, видео

"Ешқашан ұмытылмайды": Олжас Сүлейменов Гагарин, ғарыш және Алматы туралы - видео

47
Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуы қарсаңында белгілі қазақстандық ақын, жазушы, лингвист және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасы шыққаннан кейін өзінің әдеби әлемге бірден танымал болғанын еске алды

Олжас Сүлейменов саналы ғұмырында Алматыда екі думанды күннің есінде қалғанын айтты. Бірі – 1945 жылдың 9 мамырындағы Жеңіс күні, екіншісі – 1961 жылдың 12 сәуірінде Юрий Гагарин ғарыш кеңістігін бағындырған сәт.

"Бүкіл әлем 12 сәуірде дүркіреп тұрды. Алматы тікесінен тік тұрды. Бұл мереке болды! Алматыда болған осындай керемет екі-ақ оқиғаны білемін. Бірі – 12 сәуір және 1945 жылдың 9 мамыры. Ол кезде жас болдым. Алматы көшелерінде де осындай үлкен қуаныш болды. Барлығы жақсы көңіл-күйде жүрді. Таңғаларлық. Өкінішке қарай, бұдан басқа мұндай мереке күндері есімде қалмапты", - деп еске алады Олжас Омарұлы.

Оның сөзінше, 1961 жылдың сәуірінде оның жазушы ретінде мансабы басталды. Бұл оның ғарышқа адамның ұшуына арнап "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасы шыққаннан кейін болды. Өлең бірнеше күнде бүкіл әлемге тарады, поэма үзінділері әлемнің әр тіліне аударылды.

"Жаздым. Бір апта жазған болармын. Тоқтамастан жаздым, жаздым. Айғайладым! Себебі мұндай дүние үнсіз жазылмайды. Дауыстап айтып отырып жазылады. Бөлме ішінде ары-бері жүргенімнен үйдегілер де қорқып кететін. Нәтижесінде сәуірде "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасын аяқтадым", - дейді Олжас Сүлейменов.

Сонымен қатар ақын ғарышкер Юрий Гагаринмен қалай кездескені жайлы да айтты. Олар жиі кездеспесе де, бірнеше басқосудың өзі есінде жақсы сақталған. Олар Вешенская ауылында бірге сөз сөйлеген. Кейін дәмдес болған.

Оның сөзінше, ғарышкердің қазасы туралы қаралы хабар бүкіл елді дүр сілкіндірді.

"Біз сол жерге бардық (Юрий Гагарин қайтыс болған жер – Sputnik). Владимирский облысы Киржач ауданы болу керек. Орманда мүсінші Рукавишников темір ескерткіш, темір құлпытас орнатыпты... темірдің төмен жағына "Адамға табын, Жер, енді..." деп ойып жазылған екен. Ол жерде леп белгісі емес, көп нүкте қойылған. Юрий Алексеевичті осылай шығарып салдық", - деді Сүлейменов.

Олжас Сүлейменов қазір жұрттың ғарышкер Юрий Гагаринді сирек еске алатынын айтып қынжылды.

"Жаңа ұрпақ келді. Не дегенмен арада 60 жыл өтті. Жаңа буын алғашқы ғарышкерлерді ұмытып кетті. Олардың өз қызығушылығы бар. Алғашқы ғарышкерлердің атын атамайды. Қазір олардың өз қаһарманы бар. Алайда осы ерліктің 60 жылдығында адамзат шын түсініп, қандай да бір акция арқылы атап өтуі өте маңызды. Өткізеді деген үміт бар. Гагарин ешқашан ұмытылмайды", - дейді ақын.

47
Кілт сөздер:
Олжас Сүлейменов, видео
Ақорда

Тоқаев ұлттық экономика министріне бірқатар тапсырма берді

87
(Жаңартылды 18:23 13.04.2021)
Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысына биылғы І тоқсандағы еліміздің экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары, Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарының іске асырылуы туралы есеп берілді.

Президентке экономиканың нақты секторындағы ахуал және жалпы ішкі өнімге қатысты болжамдар жөнінде баяндалды. Әсет Ерғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа ортамерзімді перспективадағы экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолдарын ұсынды.

Сонымен қатар министр шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі президент тапсырмасының орындалуы туралы баяндады.

Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді.

Кездесу соңында мемлекет басшысы министрге бюджет саясатының тиімділігін арттыруға, өңірлік саясатты жетілдіруге және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

87
Тақырып бойынша
Ауыл әкімдерін сайлауға 17 миллиард теңге қажет - экономика министрлігі
Атырау зауытында жөндеу мерзімі созылды: бензин қанша күнге жетеді
300 мың теңгеге дейін төленеді - министрлік акцияның басталу уақытын жариялады
Зейнетақы қоры 1 мамырдан бастап қандай өзгеріс болатынын айтты
Қазақстандықтар бір айда 3 мыңға жуық алтын құйма сатып алған