"Спарта" жеңімпаз атанған КВН ойындарының видеосы жарияланды

296
(Жаңартылды 14:37 06.01.2018)
YouTube-те қазақстандық "Спарта Номад" командасы жеңіске жеткен КВН Жоғарғы лигасы финалының толық видеосы жарияланды

Финалдың телевизиялық нұсқасы 1 қаңтар күні кешке көрсетілді.  

 Финал Мәскеуде 15 желтоқсан күні бес команданың қатысуымен өтті: Үлкен Мәскеу Мемлекеттік Циркі (Мәскеу), "Спарта Номад" (Астана), "Плюшки" (Тверь), " Свобода радиосы" (Ярославль) және "Раисы" (Иркутск).

"Спарта Номад" қазақстандық командалар арасында алғаш рет КВН ойындарының алтын медалін иеленді.    


296

Қарақат Башанова "Балалар Евровидениесінде" екінші орынға ие болды видео

230
(Жаңартылды 09:06 30.11.2020)
Ән авторы белгілі композитор Хамит Шанғалиев. Ол Ержан Максимнің "Арманыңнан қалма" әнін де жазған болатын

Ұлттық қазылар алқасы мен онлайн дауыс беру нәтижесіне сәйкес қазақстандық қатысушы 152 ұпай жинады. Франциялық Валентина 200 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үшінші орын испаниялық Солеаға бұйырды (133 ұпай). Қазылар алқасы да Қарақатқа екінші орын берген болатын.

Результаты голосования за конкурсантов Детского Евровидения
© Photo : скрин трансляции Junior Eurovision
"Балалар Евровидениесі-2020" байқауының дауыс беру қорытындысы
Junior Eurovision 2020 ресми YouTube-каналында Қарақат Башанованың клипін 200 мың рет тамашалаған. 12 жасар әнші әкесіне арнаған Forever әнін орындады. Әкесі қыз 7 жаста болғанда өмірден озған. 

Қарақаттың клипін тамашалаған адамдар әнді тыңдап, көзіне жас алғанын жазып жатыр. 

"Ол Дисней ханшайымына ұқсайды, Қазақстанға дауыс беремін", - деп жазды өзін Nerd деп атаған қолданушы.

"Керемет дауыс, бұл шедевр", - дейді Diego Robles Martínez.

Ән авторы белгілі композитор Хамит Шанғалиев. Ол Ержан Максимнің "Арманыңнан қалма" әнін де жазған болатын.

230
Тақырып бойынша
Ержан Максимнің анасы Тасмағамбетов баласына қандай ақыл бергенін айтты
"Тіл-көзден сақтасын": Ержан Максимнің алғашқы концерті қалай өтті?
Ержан Максим "Балалар Евровидениесінде" болған қызықты оқиғамен бөлісті
Қиындық бар: Ержан Максимнің анасы ұлының Мәскеудегі өмірі жайлы айтып берді
Отбасылық дуэт: қазақстандық балалар ресейлік байқауда жұртты таңғалдырды

Ақтаулық Симба Алматыдағы жаңа "үйіне" үйреніп жатыр - видео

31
Жазда Ақтаудан Алматыға жеткізілген теңбілше демеушілер қаражатына хайуанаттар бағындағы кең қаумалға жайғасты. Әкімшілік Симбаға жұп тауып беру жағын ойластырып жатыр

Симбаның жаңа үйі бірнеше ай бойы салынды. Ол қарапайым тор емес, аумағы 750 шаршы метр қысқы павильоны бар қоршалған орын. Құрылыс кезінде Еуропалық және Дүниежүзілік хайуанаттар бағы мен аквариумдарына қатысты барлық талап сақталған.

"Хайуанаттар бағының тарихында алғаш рет қаумалды демеуші толықтай өз ақшасына салды. Бақ атынан Нұрәлі Әлиев пен оның Snow Leopard Foundation қорына алғыс білдіреміз. Олар құрылыс, тамақтандыру, тасымалдау және ветеринарлық тексеруді өз мойнына алды. Жаңа жылдан кейін арыстан бақтың балансында болады, яғни біздің қарамағымызға өтеді", - деді Алматы хайуанаттар бағының директоры Сейілхан Ақылбеков.

Симбаның орынжайын жасауға қанша қаражат жұмсалғаны нақты айтылмай отыр. 

Симбаның Ақтаудан Алматыға сапары

Симба туралы қазақстандықтар маусым айының басында алғаш рет естіді. Ол Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында жүрген. Ерекше жағдайды жұрт видеоға түсіріп, тарата бастады. 

Кейін полицейлер оның иесін тапты, алайда ол кері алғысы келмеген. 

Жануарларды қорғаушылар Симбаға жаңа үй іздеді. Алматы хайуанаттар бағы арыстан күшігін қабылдауға келісті.

31
Кілт сөздер:
видео, арыстан, Алматы, Ақтау
Тақырып бойынша
Жеті қазынаның бірі: тазы тұқымын сақтап қалу үшін не істеу керек – видео
Алматыны автобус-кабриолетпен аралауға болады - видео
Конор Макгрегордан айнымай қалған қазақстандық шоумен болып кетті - видео
Бұлан адамдармен футбол ойнап жүр – қызықты видео
Балықшы теңіз алыбына мініп алды – экстремалды видео
Коронавирус сынама

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан жеті адам көз жұмды

5
(Жаңартылды 10:03 30.11.2020)
Өткен тәулікте 794 адам инфекция жұқтырды, 43 адам пневмонияға шалдықты. Пандемия басталғалы 131 659 адамда коронавирус расталды

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ал коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Қазір коронавирус инфекциясынан 13 164 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 905 бала бар. 
Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 222 адамның жағдайы ауыр, ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 794 адам инфекция жұқтырды, 43 адам пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы 131 659 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 034 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 42 147 адам пневмонияға шалдықты, 443 адам қайтыс болды.

 

5
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр – ғалымдар дабыл қақты
Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады
ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы ескертті
Ғалымдар қай халықтың коронавирусқа көп жылдан бері бейім екенін айтты
Қанша облыс коронавирустың "қызыл" аймағында тұр