100-ден астам жолаушысы бар Bek Air ұшағы жедел қонуға мәжбүр болған - видео

86
Bek Air әуе компаниясының экипаж мүшелері Таразда шұғыл түрде қонған ұшақтың ішін видеоға түсіріп жариялады. Кадрдан тыс дауыс бортта өрт болмағанын мәлімдеді

Алматыдан Атырауға сейсенбі күні таңертең аттанған ұшақта 100-ден астам жолаушы болған. Алайда ұшақ шұғыл түрде Таразға қонуға мәжбүр болыпты.

"Ұшақтағы қысым көтеру жүйесінде ақау шықты. Ұшақ командирі қауіпсіз биіктікке төмендеп, межелеген жерге жетуге болатын еді, бірақ жанармай таусылып қалуы мүмкін болғандықтан, ұшақты Тараз қаласының әуежайына қондырды", — деп мәлімет берді Bek Air компаниясының бас директоры Сырым Омаржанов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Әуе компаниясы жолаушыларды Атырауға жеткізу үшін Таразға басқа ұшақ жіберген.

86
Кілт сөздер:
оқиғалар, ұшақ, Bek Air

Талибанды* кім қаржыландырады - сарапшы пікірі

134
Талибанды* кім қаржыландырады және бұл есірткі саудасы, Пәкістан көмегі мен халықты тонау есебінен іске асырылып жатыр ма?

Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов тәлібтерді* кімнің қаржыландырып жатқанына қатысты пікір білдірді.

*Талибан – Қазақстан, Ресей және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым

134

Ресейде "Прометей" С-500 жүйесі сынақтан өтті

149
Ресейдің Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонында жаңа С-500 зенитті зымыран жүйесі сынақтан өткізілді. Зымыран жоғары жылдамдықтағы баллистикалық нысанаға ұшырылып, ол жойылды

Елдің қорғаныс министрлігі атап өткендей, жүргізілген сынақтар арқылы жаңа С-500 зенитті зымыран жүйесінің беріктігі расталды.

Сонымен қатар ведомство С-500 зенитті зымыран жүйесінің әлемде теңдесі жоқ екенін және биіктік пен жылдамдықтың барлық ауқымында әуе-ғарыш шабуылының кез келген нысанына соққы беруге қабілетті екенін атап өтті.

149
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0