Видео

Желіде Кемероводағы өрт кезіндегі аласапыранның видеосы шықты

Жазылу
Бақылау камераларына түсірілген видеоны өрт кезінде қарындасы, әйелі және үш баласынан айырылған Игорь Востриков жариялады

Востриковтың айтуынша, бұрын Желіде осы видеоның қысқартылған нұсқасы пайда болған. Бірінші фрагментте адамдардың қашып, ғимараттан шығуа тырысып жатқаны түсірілсе, екінші кадрда – тар баспалдақтағы аласапыран.

"Мынау не сұмдық. Төменге түсудің екі-ақ жолы болған", — дейді Востриков видеоға қатысты пікірімен бөлісіп.

25 наурызда Кемероводағы  "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт шығып, салдарынан 64 адам ажал құшты. Қайғылы оқиға кезінде Игорь Востриковтың әйелі Елена, жеті жасар қызы Анна, бес жасар ұлы Артем, екі жасар ұлы Роман мен қарындасы Алена қаза тапқан. 


Жаңалықтар
0