Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов депутаттарға "Арлан" бронды машинасы туралы айтты. Әскери көлікті Kazakhstan Paramount Engineering компаниясы шығарады.
Көлік сағатына 100 километр жылдамдықпен жүре алады, баллистикалық шабуылдан сақтап, минаға төтеп беру үшін екі рет құрышпен қапталған.
"Арлан" жарықшақтарға төзімді әрі жарылыс күшін бейтараптандырады. Бронды машинамен –50°C аязда да, +50° аптапта да жүруге болады. Әрі биологиялық және химиялық қаруға қарсы қорғаныс жүйесі орнатылған.
2018 жылы атыстардың бірінде аяғынан айырылған Мұхаммед жарақат алғанға дейін футбол ойнап, марафондарда жүгірген. Енді ол бір аяғымен болса да, халықаралық спорттық шараларда ел намысын қорғау арманын жүзеге асыруға бел буып отыр.
Бір аяғы кесілген Ахмед те паркурмен (кедергіден өту) айналысады. Өз шеберлігін көрсету үшін жастар протезін шешіп, қоршаулар мен қабырғалардан ептілікпен секіріп жүр.
Спортшылар сонымен қатар баскетбол, футбол ойнайды және өз командасын құруды армандайды.
Ресейдің сыртқы істер министрі журналистердің сауалдарына жауап береді. Жиын, негізінен, көрші елдің 2020 жылдағы дипломатиясының қорытындысына арналған.
Ауқымды баспасөз мәслихаты тұңғыш рет онлайн форматта өткізіліп отыр.
Әдетте мұндай баспасөз мәслихатына ондаған елден жүздеген бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысады.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында екі басқарма біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді.
"Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне бақылау жасайды", - делінген хабарламада.
Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.
Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгеріс болды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды.
Оқи отырыңыз: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді
Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.