(0:45 / 6.19Mb / )

Гавай аралдарындағы жанартау атқылауының салдары видео

823
(Жаңартылды 14:39 18.06.2018)
Гавай аралдарындағы Килауэа жанартауы мамырдың басында оянып, айналасын ыстық лава жайлай бастады. Жанартау атқылауы осымен бесінші аптаға ұласты

Лава мұхит жағалауына тез жетіп, бірнеше жарылыс болды. Нәтижесінде улы будан түзілген бұлттардан "отты жаңбыр" жауған, деп хабарлайды РИА Новости.

Соңғы аптада жанартау бірнеше көл, шығанақ пен Леилани-Эстейтс қаласындағы үйлердің басым бөлігін, екі курорт ауылын, көптеген жолдарды жойып жіберді.

823
Кілт сөздер:
жанартау, лава

Әскери теңізшілер Каспийде жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындады

16
Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспий теңізіндегі жаттығулар кезінде жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті

Жаттығулар Қазақстандағы әскерлердің барлық түрі мен тармағын қамтитын тосын тексеру аясында өткізілді. Қорғаныс министрлігі тексеріс ел президентінің тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

Бұл тәжірибелік іс-қимылға "Қазақстан", "Орал", "Сарыарқа", "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық корабльдері, "Алатау" мина-тралдық кораблі, "Жайық" гидрографиялық кемесі, жылдам жүретін қайықтар мен катерлердің жауынгерлік жүзушілер жасағы тартылды.

Маневрға барлығы 600-ге жуық матрос, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер де қатысуда.

Арнайы әскери операциялар кезінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіздегі экономикалық қызмет нысандарын күзету және оларды қорғау ұйымдастырылды, жағалаудағы құрлық әскерлерінің іс-қимылын қолдау қамтамасыз етілді.

Плацдармды басып алу және оған оқ жаудыру үшін тактикалық теңіз десанты түсірілді. Авиация, зымыран күштері және артиллерия бөлімшелері бірлесе отырып, теңіз жағалауына түсірілген десантқа қарсы қорғанысты ұйымдастыру тапсырмаларын пысықтады.

 

16

Ұмыт бола бастаған салт-дәстүрді жаңғыртуға арналған жоба басталды видео

50
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба жыл соңына дейін жалғаспақ. Контент қазақ және орыс тілдерінде 25 бейнеролик түрінде онлайн шығады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қазақтың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпты жаңғыртуға арналған JAS NOMAD жобасын іске қосты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл жоба желтоқсанға дейін жастар арасында ұмытылып бара жатқан қазақ дәстүрі мен әдет-ғұрыпты сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені ретінде онлайн-форматта өтетін болады.

"Біз іс-шараларды онлайн өткізетін боламыз. Контент біздің YouTube-арнамызға ұлттық костюмдердің атаулары мен тарихы, ұлттық тағамдар, ұлттық аспаптар, ет турау рәсімдері бойынша шығарылатын болады. Бұдан бөлек, қазан айында қолөнер, қыш және тігін ісі бойынша екі офлайн іс-шара өтеді", – деді "Астана жастары" жастар бастамаларын қолдау жөніндегі маманы Олжас Амангелді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба жыл соңына дейін жалғаспақ. Контент қазақ және орыс тілдерінде 25 бейнеролик түрінде онлайн шығады.

Ашылу салтанатында жобаның 15 қатысушысы үйретушінің көмегімен киіз үйді жинап көрді.

Айта кетсек, жоба жаттықтырушыларының бірі – "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Батырхан Жұмабаев бұл бастаманың елорда жастары үшін өте маңызды екенін атап өтті.

"JAS NOMAD – қала жастары үшін маңызды шара. Мен жастарды ұмытылған дәстүрді жаңғыртуға баулимын. Өйткені өзім тарихшы, этнологпын. Өкінішке қарай, қазір қала мен ауыл арасында үлкен айырмашылық бар. Ауыл жастары қалалықтардан қатты ерекшеленеді. Біз ауылдан шыққанымызды мақтан етуге тиіспіз. Қазақ "Ауыл – ұлттың негізі" деп бекер айтпаған. Бұрын бабаларымыз күздің осы кезеңі – Мизам шуақта киіз үйлерді жинап, тастан, шым кірпіштен салынған күздік баспанаға (күзеу) көшіп, кейін қыстауға қоныстанған", – деді Батырхан Жұмабаев.

Жобаға 14-29 жас аралығындағы ниет білдірген жастар қатыса алады. Ол үшін "Астана жастары" Instagram парақшасына кіріп, Google пішініндегі нұсқаны толтыру қажет. Қатысу тегін.

50
Тақырып бойынша
Омбы қазақтары ана тілі мен салт-дәстүрін қалай сақтап қалды?
Қазақы төбеттер қылмыс ашуды үйреніп жүр – видео 
Бас мүфти мешіттерді қазақы салт-санаға келтіру туралы айтты
"Асық" ойынын жақсы білесіз бе?
Асқар Мамин ЕАЭО-дағы әріптестерімен киіз үйде бас қосты – фотодерек
Архивтегі форто

Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген сауналардың әкімшісі ұсталды

0
(Жаңартылды 21:46 24.09.2021)
Олар облыс орталығында 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке жеккен екі сауна анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірде 19 қыркүйекте басталған "Стоп-трафик" республикалық арнайы операциясы аясында полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 5 қылмысты ашты (оның екеуі жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу қылмысы).

Мысалы, 21 және 23 қыркүйек күндері облыс орталығында полицейлер 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған екі саунаның әкімшілерін ұстады. Олар кінәсін мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар 19 қыркүйекте жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, ол жергілікті тұрғынның материалдық жағдайын пайдаланып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан.  

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 308-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

 

0