Видео

Видеодерек: мүмкіндігі шектеулі түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады?

Жазылу
Қазақстан білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында хабарлағандай, сынақ өтетін кабинеттер мүмкіндігі шектеулі түлектерге арналған құрылғылармен жабдықталады

Ведомство айтқан сөзінде тұрды. Арнайы құралдарды пайдаланған түлектердің бірі – елордалық №7 мектептің оқушысы Рамазан Есмағамбетов.

Қазақстанда ҰБТ басталды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ-ның алғашқы күні қорытындыланды: есінен танып, залдан қуылғандар кім?

Рамазан жыл бойы емтиханға барын салып дайындалды. Тестілеуге бойындағы күш-жігерін жинап, сақадай сай келген. Келешекте бозбала тілші мамандығын игеріп, телеарналардың бірінде диктор болуды армандайды.

Болашақ тележұлдыз ендігі кезекте өзі таңдаған ЖОО-да шығармашылық емтиханнан өтуі тиіс.

Рамазан Есмағамбетовтың айтуынша, ең бастысы – өзіңе және арманыңа қалтқысыз сеніп, ешқандай кедергіге қарамастан алға ұмтылу.

"Екіжүздісіз!" ҰБТ кезінде түлектерге көмектескен мұғалімдер желіні шулатты>>

Жаңалықтар
0