Қазақстандық балуан екі ұшақпен күш сынасты - видео

287
(Жаңартылды 18:48 07.07.2018)
Астананың 20 жылдығы қарсаңында қазақстандық балуан Сергей Цырульников өзінің 13-ші рекордын орнатты. Екінші шілдеде алып күш иесі әрқайсысының қуаты 120 ат күшіне тең екі ұшақты үш минуттай ұстап тұрды

Бұдан бұрын атлет әр қолымен екі жол талғамайтын көлік, төрт ат және он адамның күшін бағындырған еді. Ең қиыны аттарды ұстап тұру болды, дейді балуанның өзі.

"Ұшақтарды ұстап тұру жол талғамайтын көліктерді ұстағанға ұқсайды. Бірақ бұл жолы бицепстегі қан тамырларым жарылып кетті. Жаңа рекордымды қала күніне арнаймын", – деді Цырульников Sputnik агенттігіне.

Қазақстандық балуан әр қалада жаңа әлемдік рекорд орнатпақшы.

Астананың мерейтойы құрметіне Цырульников вагон тіркелген тепловозды сүйретті>>

287
Кілт сөздер:
Астана, Сергей Цырульников, қазақстандық балуан, алып күш иесі, ұшақ, рекорд

Қазақстандық министрлер бір жалақыға қалай өмір сүріп жүргенін айтты видео

78
Қазақстанда инфляция қарқыны бәсеңдейтін емес. Азық-түлік пен тауарлар күннен-күнге қымбаттап жатыр, ал халықтың жалақысы көтерілген жоқ

Sputnik Қазақстан тілшілері министрлерден халық дағдарыстан қалай шығуы керек екенін сұрады. Үкімет мүшелері тығырықтан шығар жолды көрсетудің орнына өз мұңын шақты.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазір үкімет пен әкімдіктер бағаны тұрақтандыруға тырысып жатқанын мәлімдеді. Алайда бүкіл әлемде азық-түлік пен өзге де тауарлар бағасы өсуде.

"Өкінішке қарай, қазір бүкіл әлемде жағдай осындай. Біз бұл проблеманы бірігіп шешуіміз қажет. Мен қазір ертең баға түседі деп айта алмаймын, бірақ біз жұмыс істеп жатырмыз. Бағаның өскені халыққа ғана емес, маған да әсер етті", - деді министр.

Ал энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев баға қашан төмендейді деген сұраққа жауап беру мүмкін емес дейді.

Ол, сондай-ақ жайлы өмір сүру үшін қазақстандықтардың жалақысы қанша болуы керек деген сұраққа да жауап бере алмады.

Шенеуніктердің бағаның өсуі мен қазақстандықтардың айлығы туралы не ойлайтынын Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.

78
Кілт сөздер:
министрлер, жалақы, видео

Жауынгерлік бауырластық: қазақстандық әскерилер ҰҚШҰ оқу-жаттығуына қатысты - видео

35
(Жаңартылды 14:51 23.10.2021)
Тәжікстанның "Харбмайдон" полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық жедел ден қою күштері арасында "Өзара іс-қимыл-2021" оқу-жаттығуы басталды

Құрамына десанттық-шабуылдау, мотоатқыштар, артиллерия бөлімшелері мен арнайы мақсаттағы топтар кіретін қатысушылар Орталық Азия өңірінде шекара маңындағы қарулы қақтығысты оқшаулау жөнінде бірлескен операция жүргізеді.

Бірінші кезең барысында әскери қызметшілер бірлескен операцияны ұйымдастыру, ҰҚШҰ ҰЖДК бөлімшелерін міндеттерді орындауға дайындау және бөлімшелерді үйлестіру мәселелерін пысықтайды. Екінші кезеңде мемлекеттік шекараны бақылауды қамтамасыз ете отырып, заңсыз қаруланған құрылымдардың жауынгерлік топтары мен жасақтарын ауыздықтауды және оларды жоюды жүзеге асыру қажет.

"Өзара іс-қимыл-2021" бірлескен оқу-жаттығуы "Жауынгерлік бауырластық-2021" жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде өтеді. ҰҚШҰ-ның жедел ден қою ұжымдық күштері ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнетін сын-қатерлерге уақтылы ден қоюға арналған.

Қазақстандық әскерилердің оқу-жаттығу кезіндегі іс-қимылын видеодан тамашалаңыз.

35
Кілт сөздер:
жауынгерлер, әскерилер, ҰҚШҰ, видео
Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

0
Сонымен қатар соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай қаржыгерлер аллеясы ашылды.

Қаржы министрлігі ғимаратының жанына 100 көшет отырғызылды, ол енді елорданың жасыл қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаржыгерлер аллеясының ашылу салтанатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы министрлік мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды
© Photo : Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қаржыгерлер аллеясы

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланым ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, тәуелсіздік жылдарында министрлікке 14 адам басшылық еткен.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан