(0:32 / 4.14Mb / )

Астанада ерекше пирамида пайда болды

115
(Жаңартылды 15:52 15.07.2018)
Астананың 20 жылдығына елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше сый жасалды. Бейбітшілік және келісім сарайының дизайны бойынша жеміс-жидек пен көкөністен жасалған композиция жұртшылықты тамсандырмай қоймады.

Композиция авторлары – Қазақстан суретшілері одағының мүшесі Игорь Гойденко мен Qazaq Gourmet мейрамханасының бас аспазы Артем Канцев. Оларға жеміс-жидек пен көкөністен пирамида жасауға бір аптаға жуық уақыт қажет болған. 

Жүз келіден артық жеміс-көкөністен жасалған туынды Арбатта бар болғаны бір-екі сағат қана тұрды, одан кейін жұртшылық пирамиданың дәмін татып көрді. 


115
Кілт сөздер:
Астана, Арбат, бейбітшілік және келісім сарайы
(NaN:NaN / NaNMb / )

"COVID-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасы ЕАЭО аумағында қалай жұмыс істейді - видеокөпір

27
Медицина және ІТ өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі коронавирус және цифрландыру тақырыбын талқылады

Sputnik мультимедиялық баспасөз орталығында Мәскеу – Бішкек – Ереван – Минск – Нұр-Сұлтан видеокөпірі аясында мамандар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде "COVID-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасын қолдануға қатысты 25 шілдеде күшіне енген өзгерістерді сөз етті. 

Дискуссияға Мәскеуден Еуразиялық даму банкі цифрлық бастамалар дирекциясының директоры, "COVID-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасының кураторы Тигран Тигранян қосылды. Бішкектегі студияда сұрақтарға Қырғыз Республикасы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Бақыт Жанғазиев жауап берді. "Республикалық гигиена, эпидемиология және қоғамдық денсаулық орталығы" мемлекеттік мекемесі бас дәрігерінің орынбасары Ирина Глинская Минсктен қосылды.

Ал Нұр-Сұлтанда журналистермен байланысқа денсаулық сақтау министрлігінің электронды денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев шықты.

"COVID-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасы қазақстандықтардың Еуразиялық экономикалық одақ аумағына жеңілдетілген тәртіп бойынша шығуына мүмкіндік береді. Қосымшаны қолданушы коронавирусқа тест тапсыру үшін клиниканы таңдап, QR-код арқылы нәтижесімен жолға шыға алады. Қосымша Ресей, Армения, Қырғызстанда сонымен қатар одаққа енбеген Тәжікстанда қолданылады.

27
Кілт сөздер:
саяхат, Еуразиялық экономикалық одақ, коронавирус
Тақырып бойынша
Ер адам бес бірдей ешкіні мотоцикліне тиеп алды – желіде тараған видео
Балаларды коронавирустан қалай қорғауға болады: педиатрдың кеңесі – видео
Антальяда ресейлік туристер мінген автобус аударылды – видео  
Жарылыстан кейінгі бір жыл: Бейруттың бүгінгі бейнесі - видео
(1:29 / 11.25Mb / )

Аптап ыстық, су тасқыны, орман өрттері табиғи апаттар видеосы

56
Әлемде түрлі апат болып жатыр. Құдды қайырым көрмеген табиғат-ана ашуға мініп, өзін-өзі құртып жатқандай. Табиғи апат бүгінгі күннің шынайы болмысына айналуы мүмкін бе?

Селекционер Иван Мичурин "біз табиғаттан мейірім күтпеуіміз керек, оның мейірімін алу біздің міндетіміз" деген болатын. Алайда өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары осы сөзді айтқанда бұл міндеттің салдары жеңіл болмасы туралы ол ойламаған да шығар.                                                           

Бүгін әлем климаттық өзгерістер салдарынан зардап шегіп отыр. Африкада жаздың ортасында қар түседі, Еуропа жауынның астында қалуда. Ал Түркия мен Солтүстік Африкада орман өрттері өршіп тұр. Жер планетасында не болып жатқанын видеодан көре аласыз.

 

56
Кілт сөздер:
табиғат апаты, климаттың өзгеруі, ауа райы
Тақырып бойынша
"Керуен сарай" маңындағы жағдай тұрғындардың ашуын тудырды – видео
Балаларды коронавирустан қалай қорғауға болады: педиатрдың кеңесі – видео
Антальяда ресейлік туристер мінген автобус аударылды – видео  
Жарылыстан кейінгі бір жыл: Бейруттың бүгінгі бейнесі - видео
АҚШ полицейлері

АҚШ-тың гипердыбысты зымыраны тағы да сынақтан өте алмады

0
Алғашқы америкалық гипердыбысты зымыран прототипінің бірнеше сәтсіз сынағы АҚШ-тың Ресей мен Қытайдан технологиялық тұрғыда кейіндеп қалғанын көрсетеді   

28 шілдеде АҚШ-тың әскери-әуе күштері AGM-183A Air-Launched Rapid Response Weapon (ARRW) гипердыбысты зымыранын ұшыру сынақтарын сәтсіз аяқтады. Super duper missile өнімі Оңтүстік Калифорния жағалауында B-52H Stratofortress бомбалаушы ұшағынан бөлініп шықты, алайда реактивті тартылыс іске қосылмады. Прототипі Тынық мұхитқа құлады.

Сәуірдегі ұшу сынағы кезінде AGM-183A зымыраны тасымалдағыш ұшақтың қанатынан ажырамай, Эдвардс авиабазасына қайта оралды.

Салыстыру үшін айтсақ, ресейлік гипердыбысты "Кинжал" зымыран кешені 2017 жылдың желтоқсанында әскери-ғарыш күштеріне қарулануға қабылданды. Зымыран әскері қатарында стратегиялық мақсаттағы "Авангард" гипердыбысты блоктары 2019 жылдан бері кезекшілікте тұр. Ресейлік әскери-теңіз флоты "Циркон" кемеге қарсы гипердыбысты зымыранының мемлекеттік сынақтарын аяқтап жатыр. РФ әскери-ғарыш күштері үшін үлкен қашықтыққа ұша алатын Х-95 гипердыбысты зымыраны әзірленіп жатыр.

АҚШ перспективалы гипердыбысты зымыранын әзірлеуді 2022 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. AGM-183A аппараты "сипаттамасы жағынан кез келген ресейлік аналогтан озық болады деп күтілуде". Бұл шындыққа жанаспайтын секілді.

Америкалықтар 5 Махтан асатын гипердыбысты жылдамдыққа қол жеткізуді әзірше армандап қана жүр. Ресейдің "Авангард" гипердыбысты блогы 28 Махқа дейінгі жылдамдықпен ұшады. "Кинжал" мен "Циркон" 10 Махқа дейін жылдамдықты үдете алады.

Ал Қытайдың орташа қашықтыққа ұшатын гипердыбысты DF-17 техникасы 10 Махты еңсере алады. Ол 2019 жылдан беру қарулануға қабылданған.

АҚШ-тың әскери-әуе күштері 2022 қаржы жылында 212,8 миллиард доллар, соның ішінде құпия жобалар үшін 39 миллиард доллар сұрап отыр. Бұл 2021 жылдың бюджетімен салыстырғанда 7,3 миллиард долларға жоғары. Гипердыбысты қаруды дайындауды қаржыландыру 386 миллионнан 438 миллион долларға дейін артады.

AGM-183A аппаратын дайындау 2018 жылы басталған болатын және Lockheed Martinм компаниясы 480 миллион долларға келісімшарт жасады. Оның жобалық қашықтығы 1600 километр болса, жылдамдығы 20 Махты құрауы керек.

The Drive басылымының мәліметі бойынша америкалық әскери-әуе күштері ARRW ұшу сынақтарының кестесі бойынша жеті жылға кешігіп келеді. Бастапқыда оны іске қосу 2020 жылға жоспарланған болатын. АҚШ-тың әскери бюджеті 700 миллиард доллардан баяғыда-ақ асып кетті. Әйтсе де әскери өнеркәсіптік кешен Пентагон үшін гипердыбысты зымырандар құрастырудан жақсы нәтиже көрсете алмай келеді.

Мәскеу мен Бейжің өз территориясын қорғау үшін басымды мақсатта гипердыбысты зымырандарды дайындауға кірісті. Ресей мен Қытай басқа мемлекеттерге әскери шабуыл жасап, басқыншылықпен айналысуды көздемейді. Бұл ұжымдық Батыстың кей кезде агрессияға толы әрекеттерінен қорғану үшін жасалып жатқан шаралар.

Америка Құрама Штаттары 2021 жылдың басында F-15EX сегіз жойғыш ұшағын қаржыландыруды мақұлдады (құны 1,2 миллиард доллар болатын келісімшарт). Бүкіл бірінші партия бойынша ықтимал шығын көлемі шамамен 23 миллиард долларды құрайды. Қалай дегенмен де бүгінде Ресей мен Қытай гипердыбысты қару-жарақ дайындауда оқ бойы озық шықты.

0