Видео

Алматыдағы "барахолка" өртенді – оқиға орнында түсірілген видео

Жазылу
Алматыда "Байсат" базарынан өрт шықты. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Куәгерлердің айтуынша, төрт дүңгіршек өртенген. Өрт шыққаны туралы ақпаратты Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады. Өрт туралы хабарлама "101" пультіне сағат 16.26-да түскен. 

Жантүршігерлік отты құйынның видеосы шықты - Sputnik Қазақстан
Видео
Жантүршігерлік отты құйынның видеосы шықты

"Алғашқы өрт сөндіру көлігі оқиға орнына жеті минуттан кейін, сағат 16.33-те келді. 15 минуттың ішінде өрт ауыздықталды", — деп нақтылады ведомства.

Алматы гарнизоны өрт сөндірушілерінің шұғыл әрекет етуінің арқасында көрші контейнерлер мен дүңгіршектерге жалын шарпыған жоқ. Өрт сағат 17.25-те сөндірілді. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Жалынды сөндіруге Алматы өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 60 адамы мен 18 техникасы жұмылдырылған.

Жаңалықтар
0