Видео

Адам сияқты сөйлейтін ит әлеуметтік желіні дүрліктірді – видео

Жазылу
Мынау сүйкімді ит жапонша сөйлеп үйреніп жүр. Ол бірнеше сөзді үріп айтып, желі қолданушыларын таңғалдырды.

Иттің тұқымы —  Сиба-ину, аты – Бени. Әзірге оның лексиконында екі-ақ сөз бар. 

Видеодан Бенидің "taberu" (жапон тілінен аударғанда "тамақ ішу") және "hanbagu" (гамбургер) сөздерін иесінің артынан бірнеше рет қайталап айтқанын көруге болады. 

Бени әлеуметтік желіде өте танымал, оның тіпті өз Twitter-аккаунты бар. Ал оның сөздік қорын көрсеткен видеосын бірнеше күнде 150 мыңға жуық адам тамашалаған. 

Жаңалықтар
0