Видео

Әзербайжанда жанартау оянып, аспанға от шашты – видео

Жазылу
Куәгерлер Әзербайжанда Баку маңында орналасқан Отман Боздаг жанартауы атқылағанын видеоға түсіріп алды

Балшықты жанартау аспанға от шашқаны алыстан көрінеді. Видеодан қалың қара түтінді де байқауға болады.

Әзербайжан экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше,  жанартау 23 қыркүйек күні таңертең Бакудің Гарадаг ауданы аумағында атқылаған. Оның биіктігі 200-300 метрге жетеді. 

Sputnik Әзербайжан хабарлағандай,  қорық нысандары орналасқан Отман Боздаг жанартауы аумағындағы топырақ эрозияға ұшыраған – табиғи апат салдарынан тереңдігі 40 метрге дейін жететін сызат пайда болды.  

Бұған дейін Отман Боздаг жанартауы 2017 жылдың ақпанында 50 жылдан кейін оянған еді (одан алдын 1965 жылы атқылаған).   

Жанартау қорық аумағында орналасқан.  


Жаңалықтар
0