Пілдің баласын өзен ағызып әкетті оқиғаның жалғасын ешкім күтпеген еді (видео)

3808
Кішкентай пілдің құтқарылған сәті түсірілген видео желіде жылдам таралып жатыр

Оқиға Қытайдың Юньнань провинциясында болды. Видеода пілдің баласын өзен ағызып әкеткені анық көрінеді.

Кішкентай жануар өзеннің қатты ағысына қарсы тұра алар емес, сол кезде оған ересек пілдер көмекке ұмтылады. Олар пілдің баласын қоршап, жағаға алып шықты.

New China TV арнасында жарияланған видео пілдердің қандай мейрімді жануар екенін көрсетеді. Олар қиын сәтте бір-бірін ешқашан тастамайды.

3808
Кілт сөздер:
құтқару, піл, видео, жануарлар әлемі, Қытай
Тақырып бойынша
Алып жыланды құшақтап алған бала жұртты дүрліктірді – видео
Нөсер жаңбырдан кейінгі тасқын су әйел адамды ағызып әкетті – жантүршігерлік видео
Туристермен құшақтасқанды ұнататын арыстан жұртты сүйсіндірді - видео
Циркте арыстан өз үйретушісіне шабуыл жасады – видео

Алматыны автобус-кабриолетпен аралауға болады - видео

32
(Жаңартылды 10:48 26.11.2020)
Hop-On Hop-Off экскурсиясы көптеген елде сұранысқа ие. Енді Алматыны тамашалаймын деушілер де осы қызметті қолдана алады

Автобус бағыты бойынша бірнеше аялдама қарастырылған. Экскурсияға билет алған жолаушылар олардың кез келгенінен шығып, қаланың көрікті жерлерін аралай алады. Кейін сол билетпен қалаған аялдамада автобусқа қайта отыруға болады.

Әзірге мұндай бір ғана автобус бар. Олардың санын төртеуге жеткізу көзделіп отыр.

"Жаз мезгілінде автобустың төбесін ашып қоямыз. Қыста салон жабылады. Алайда үлкен терезе мен орындықтардың биік орналасуының арқасында қаланы тамашалау мүмкіндігі жаздағыдан еш кем емес ", - деді қалалық әкімдіктің туризм басқармасы.

Экскурсия бағытына Алматының "алтын квадраты" - қаланың тарихи орталығы енген. Бұдан бөлек, автобус орталық стадион және "Атакент" көрме кешені арқылы өтеді. Барлығы 50-ге жуық орын таңдалған.

Жолаушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде Алматы тарихынан қызықты фактілер айтылады.

Жоба толықтай жеке инвестиция арқасында іске қосылып отыр.

Толығырақ видеодан көре аласыз.

32
Кілт сөздер:
видео, автобус, Алматы
Тақырып бойынша
Жеті қазынаның бірі: тазы тұқымын сақтап қалу үшін не істеу керек – видео
Маскаңды тақ! Қатал аққу саябақтағы қауіпсіздікті қадағалап жүр – видео
Конор Макгрегордан айнымай қалған қазақстандық шоумен болып кетті - видео
Семейліктерді шошытқан аспан жарқылының не екені белгілі болды – видео
Көлігіндегі қарды тазалап тұрған ер адам бір ажалдан аман қалды – видео

Ресейлік музыканттар қазақтың танымал күйін халық аспаптарымен орындады

64
(Жаңартылды 16:24 25.11.2020)
"Березка" хореографиялық ансамблі оркестрінің әртістері қазақтың әйгілі "Әлқисса" күйін орыс халық аспаптарымен орындап шықты

Қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің аңызға айналған күйіне жаңа интерпретация жазу оркестр әртісі Светлана Закунованың идеясы болып шықты. Ол қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мәскеуге келуіне орайластырылды, деп хабарлады Dimash News сайты.

Светлана Закунова "Әлқиссаны" алғаш рет "Бастау" концертінің жазбасын көріп отырып, Димаштың және басқа музыканттардың орындауында тыңдаған. Оған күйдің ерекше әдемі үні ұнаған. Оның айтуынша, туынды орыс халық аспаптары – балалайка және домрамен жақсы үйлеседі.

Оқи отырыңыз: Димашты Нью-Йорк әуежайында атақты америкалық спортшы қарсы алды 

Светлананың ойын "Березка" мемлекеттік академиялық хореографиялық ансамблінің оркестріндегі әріптестері бірауыздан қолдаған.    

"Бәріміз жиналып, композицияны тыңдадық, оны аспаптар арасында партияларға бөлдік. Өз бетімізше толықтырдық. Дайындықтан кейін ойлаған нәтижеге қол жеткізіп, жазып шықтық", - деп атап өтті Светлана Закунова.

"Березка" оркестрі 1959 жылдың басында кеңестік балетмейстер әрі хореограф Надежда Надеждиннің бастамасымен құрылды.  

64
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Индустрия министрі 5 жылда Қазақстанда қанша тұрғын үй салынатынын айтты

4
(Жаңартылды 16:13 26.11.2020)
Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін атап өтті. Айтуынша, 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Министр 2020 жылдың 10 айында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындысы мен министрліктің басым бағыттары жайында есеп берді. Сондай-ақ, 2020-2025 жылдарға арналған индустриаландыру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Кездесу барысында Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін айтты. Сонымен қатар жыл соңына дейін инвестиция көлемі 995 миллиард теңгені құрайтын 200 жоба іске асады.

"Министр жыл басынан бері "Нұрлы жол" бағдарламасының шеңберінде жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілгенін атап өтті. Еларалық жүк тасымалы да өскен. Атап айтқанда, Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал 61,6 пайызға артқан", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 14,1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 15 миллион шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр. Ал 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады.

Оқи отырыңыз: "Әйелдер ипотекасына" қатысты тың ақпарат шықты 

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Атамқұловқа жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын арттыру, сондай-ақ, ведомствоның негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

4
Кілт сөздер:
баспана, тұрғындар
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй орталығы ашылды: қандай қызметтер көрсетіледі
"5-10-20" бағдарламасының төртінші кезеңі басталды: өтінішті кімдер тапсыра алады
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотека беру жүйесіне өзгеріс енгізеді
Үкімет басшысы астананың құрылыс алаңын аралады