Видео

Димаш Құдайберген журналистер алдында жанды дауыспен ән айтты – видео

Жазылу
Бүгін мәдениет және спорт министрлігінде Димаш Құдайберген журналистердің алдында жанды дауыспен ән шырқады

Бүгін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен кездесті. Кездесу барысында жас жұлдыздың 19 қарашада Лондонда беретін жеке концертіне дайындық барысы талқыланды. Журналистердің бірі әншіден жанды дауыста ән орындап беруді өтінді. Димаш та өтінішті жерге тастамады. Әнші "Туған күн кешінде" әнін шырқады. 

Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концерті Қазақстанның Ұлыбританиядағы мәдениет күндері аясында өтеді. Әнші шет ел сахнасында 30-ға жуық ән орындалатынын айтты. Олардың арасында қазақтың халық әндері де бар.

Мәдениет министрінің айтуынша, концерттің билеттерін сатудан түскен ақшаның бір бөлігі Данэлия Төлешованың "Балалар Евровидениесіне" қатысуға кететін шығындарын төлеуге жұмсалады.


Жаңалықтар
0