Видео

Ер адам дельтапланға бір қолымен ғана жармасып қалықтады - видео

Жазылу
Дельтапланнан бір қолымен ұстап, салбыраған күйі аспанға ұшқан ер адамның видеосы желі қолданушыларының жағасын ұстатты

Турист Швейцарияда демалыста жүріп, өмірінде алғаш рет дельтапланмен ұшпақ болады, алайда ұшқыш оны байлауды ұмытып кетіпті.

Жіберілген ағаттықты ұшып кеткеннен соң бір-ақ білген. Ер адам бір қолымен дельтапланнан мықтап ұстап, екінші қолымен инструкторға жармасып, екі минуттан артық уақыт бойы ұшты. Кез келген сәтте қолы шығып кетіп, төменге құлдилауы әбден мүмкін еді.

Бірақ, абырой болғанда, қайғылы оқиға орын алған жоқ. Ер адамның қолына ғана зақым келіп,жерге қонған соң бірден ауруханаға барған.

Жанын шүберекке түйіп, дельтапланмен ұшқан ер адамның оқиғасын видеодан көріңіз.

Жаңалықтар
0