Астана алып мұз айдынына айналды - видео

168
(Жаңартылды 17:59 07.12.2018)
Елорда тұрғындарын бұрын-соңды болмаған көктайғақ әбден мезі қылды. Астанада ауа райы ылғалды әрі аяз. Бұл кезде қар күрелген соң, жолдар мен тротуарларды жап-жалтыр мұзға айналады

Әкімдіктің тапсырмасымен мердігер ұйымдар жолдарға құм мен реагент төксе де, еш нәтиже болмады.

Өткен демалыста көктайғақта құлап, жарақат алғандар саны 125 адамға жеткен. Соңғы тәулікте зардап шеккендер қатары 66 адаммен толығыпты – 4 желтоқсанда 52 адам және сәрсенбіде тағы 14 адам.

"Қарды күремей-ақ қоймай ма, мұншалықты тайғақ болмас еді", — дейді астаналықтар.

Жолдарды көктайғақ қылып сыпырмай, қар басып жата берсе қайтер еді? Мұндай ұсынысты Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек те айтқан.

"Тұрғындардың тілегі қабыл болса, коммуналдық қызметтердің жұмысы да әжептәуір жеңілдейтін еді. Мұндай әдіс Орталық Еуропада жиі қолданылады, әсіресе қар аз түскен кезде. Ал бізде қар қалың түседі, сондықтан күреп, шығарып тастап отыру керек, әйтпесе, тротуарлар қар құрсауында қалады. Жауған қар сыпырғышпен тазартылып, үстіне құм төгіледі", — дейді ол.

Әзірге мәселе шешілмей жатыр, ал Астана тұрғындарына табаны кедір-бұдыр аяқ киім таңдап, әр қадамын абайлап, баппен басуға кеңес береміз.


168
Кілт сөздер:
мұз, көктайғақ, видео, Астана
Тақырып бойынша
Көктайғақта қалай дұрыс құлау керек? Астаналық дәрігерден кеңес
Алматыда әйел басына мұз түсіп көз жұмды — видео
Мұз айдынындағы "стриптиз": мәнерлеп сырғанаушы қыз киімін шешті - видео
Үлкен Алматы көлінде түсірілген видео желіні "жарды" – сұлу қыздың биі кімге жақпады?

Көлік тізгінінде 61 жыл жамбылдық полиция жүргізуші әжей туралы видео түсірді

194
Жамбыл облысында 60 жылдан бері көлік жүргізіп, бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған әйел жас полицейлерге шеберлігін көрсетті

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 85 жастағы Лидия Сидоренкомен кездесіп қайтты. Ол жүргізуші куәлігін 1959 жылы Жамбыл қаласында алған. Көп жыл облыстық тұтынушылар одағында жұмыс істеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Лидия Сидоренко 61 жылдан бері көлік жүргізеді. Ол жолдағы тәртіпті жүргізуші, осы уақыт ішінде ешқандай заңбұзушылық жасамаған", - деді полиция.

Осы уақытқа дейін әжейдің төрт көлігі болған. Ең біріншісі – "Москвич-восьмерка". Одан кейін қызыл түсті Москвич-2140 көлігін айдаған. 1990 жылы сарғыш ВАЗ-2106 көлігін алды. Ал 2011 жылы Волга ГАЗ-24 көлігін алып, қазірге дейін осы көлікті тізгіндеп жүр.

"1976 жылы маған жұмыстағы жетістігімді бағалап Москвич автокөлігін берді. Облыстағылардың барлығы мені сол көлігімнен танитын. Ешқашан жол ережесін бұзған емеспін", - дейді Сидоренко.

Жергілікті полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Лидия Сидоренкомен кездесіп, жол ережесін қатаң сақтап жүргені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ, Сидеренко Волга, Жигули, Москвич көліктерін айдап, жиналған жас полицейлерге шеберлігін көрсетті.

"Көп жылдан бері Қазақстан заңдары мен жол қозғалысы ережені қатаң сақтағаныңыз және жауапты азаматтық ұстанымыңыз үшін сізге шынайы алғысымды білдіремін. Тұрғындар арасында көлік жүргізу тәртібін қалыптастыруға және нығайтуға баға жетпес үлес қосып келе жатырсыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін", - деді Жанат Сүлейменов.

Сонымен қатар тәжірибелі көлік жүргізушісі Лидия Сидоренко жастарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

194
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, видео, әжей, жүргізуші
Тақырып бойынша
Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне үндеу жасады
Көлік нөмірі мен төлқұжатын алуға қатысты жаңашылдық жарияланды
"Шаруаларың болмасын": 65 жастағы алматылық әжей неге түнгі клубта өнер көрсетіп жүр?
"Жылаған адам көп болды": 102 жасқа келген қазығұрттық кейуананың әңгімесі
"Дәрігерлер аң-таң": Димашпен кездескен соң жаңазеландиялық әжейдің өмірі өзгерді

Астаналықтар адам ағзасын алуға қатысты пікір білдірді видео 

181
Қазақстанда кез келген адам қайтыс болғаннан кейін ағзасын алуға алдын ала келісім бере алады, я болмаса, одан бас тартуға мүмкіндік бар  

Бұған дейін емханада арнайы өтініш жазылса, енді оны электронды үкімет порталы арқылы жіберуге болады.

Ресми мәліметке сәйкес, алғашқы бірнеше күннің ішінде электронды өтініш жазған адамдардың 7-8 проценті қайтыс болғаннан кейін трансплантация үшін тінді немесе ағзаны алуға келісім берді. Қалғаны қарсы болған. Sputnik Қазақстан тілшілері астаналықтардың осы мәселеге қатысты пікірін біліп қайтты.

Менталитет мен мұқтаждық

Қала тұрғындарының көбісі жаңа электронды қызмет туралы білмейтін болып шықты. Бірақ қайтыс болғаннан кейін ағзаны беруге дайын адамдар аз емес. Ал келіспейтіндердің басым бөлігі діни ұстанымды алға тартады.

"Біреулер үшін ол қалыпты жағдай болуы мүмкін. Ондай адамдар батыстық тәрбиеге жақын шығар. Ал біздің менталитетімізге келмейтін тәрізді. Мен де қарсымын. Өйткені ислам бойынша тыйым салынған", - дейді тұрғындардың бірі.

Енді біреулер адам о дүниеге аттанса, жерде ауру адамдардың қалатынын еске салды. Олар өлген адамға ағзаның қажеті жоқ, ауру адамға берген дұрыс деп есептейді.   

"Сіз жасай алмай кеткен жақсылықты ағзаңызды алған адамдар жалғастырып, "әттеген-ай" деп армандап кеткен ісіңізді аяқтауы мүмкін", - дейтіндер де бар.

Ал егде жастағы адамдар жемқорлықтан қауіптенеді. Дін тұрғысынан тыйым бар екенін біле тұрса да, мұқтаж адамға өз ағзасын беруге дайын адамдар да жоқ емес.

Электронды қызметті қалай алады?

13 қазанда электронды үкімет порталында қайтыс болғаннан кейін трансплантация үшін тіндерді немесе ағзаларды алуға келісім беру, я болмаса, бас тарту бойынша онлайн қызмет іске қосылған болатын. Бұрын адам өзі тіркелген емханада өтініш жазатын. Енді оны үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады.

Электронды қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында "Денсаулық сақтау" бөлімінде авторизация жасау қажет. Осыдан кейін "Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға көзі тірісінде өз еркімен келісуді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу" қызметін таңдау керек.

Бұдан әрі қолданушы өтініш түрін таңдайды: "Келісімді қайтарып алуды тіркеу" немесе "Келісімді тіркеу".

Келісім берген жағдайда қолданушыға қандай органдарын алуға болатынын көрсету мүмкіндігі беріледі.

Айта кетейік, биыл жазда президент "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске қол қойды. Оған сәйкес, енді қайтыс болған адам көзі тірісінде донор болуға келісетінін немесе келіспейтінін білдірмесе, онда оның органын алу үшін жұбайының немесе жақын туыстарының жазбаша рұқсаты қажет.

Бұдан бөлек, Қазақстан аумағынан адам ағзалары мен тіндері тек шетелде ем алып жатқан Қазақстан азаматына медициналық көмек көрсету үшін ғана шығарылады.

181
Кілт сөздер:
видео, трансплантация, адам ағзасы
Вакцина, архивтегі фото

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпеден кейін 60-қа тарта адам көз жұмды

0
(Жаңартылды 10:33 29.10.2020)
Бірақ елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өліміне вакцинаның қатысы жоқ екенін мәлімдеп,  процедураны жалғастыруға бел буды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы вакцинациядан кейін 60-қа жуық адам қайтыс болды.

Бірақ үкімет осы процедураны жалғастыруға бел буып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінде науқастардың өлімін вакцинамен байланыстырмайды, деп хабарлады "Хабар 24".

Дәрігерлердің айтуынша, вакцинациядан кейін қайтыс болғандардың барлығы, 17 жастағы пациенттен басқа, егде жастағы адамдар.

Денсаулық сақтау министрі оңтүстікореялықтарды екпеден қорықпауға шақырды және өзі осындай процедурадан өтті. Ол тек Кореяда жыл сайын үш мыңға жуық адам маусымдық тұмаудан қайтыс болатынын еске салды. Халық арасында вакцинацияға деген сенімсіздік осы айда тұмауға қарсы вакцинаның 1 миллионнан астам дозасы дұрыс сақталмау және пайдаланбау себептерін алып тастағаннан кейін туындады.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды 

Ел үкіметі ақысыз вакцинация бағдарламасы жыл соңына дейін жалғасатынын айтты. Себебі маусымдық тұмау эпидемиясы COVID-19 бен күресті қиындатуы мүмкін. Вакцинаны тегін ала алатын 19 миллион Корея Республикасы азаматтарының 56%-іне екпе жасалды.

"Денсаулығы жақсы адамдарға ғана тұмауға қарсы екпе алуды ұсынамыз. Вакцинациядан кейін ауруханада 30 минут болу керек, адам өзін жақсы сезінген жағдайда кетуіне болады. Тұмау мен СOVID-19 эпидемиясының бірлесіп таралуы твиндемия деп аталады, сондықтан вакцинациялауды ұсынамыз. 70 жастан асқан және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар қауіпті топта. Вакцина алудан гөрі маска кию маңызды екенін баса айтқым келеді. Қолды мұқият жуып, дезинфекциялау керек. Жөтелген кезде аузыңызды қолмен жабыңыз", - дейді Тэгу қаласы алдын алу шаралары басқармасының басшысы Мин Пок Ки.

0
Кілт сөздер:
Оңтүстік Корея, вакцина
Тақырып бойынша
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында карантин күшейтіледі
Министр жазда коронавируспен ауырып шыққандарға сақ болуға кеңес берді
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды