(1:41 / 13.91Mb / )

Қортық доңыз әлеуметтік желіні шулатты күлкілі видео

966
(Жаңартылды 13:12 24.12.2018)
Әлеуметтік желілерде мыңдаған адамның көңілін көтерген жаңа 2019 жылдың бойтұмары – қортық доңызбен танысып қойыңыз

Джузеппа атты күлкілі шошқа Instagram-ды "жаулап" алды, жазылушылар саны күн санап артып жатыр.

Джузеппаның иесі желідегілерді ол мінез-құлқымен баурап алғанын айтады. Кішкентай екеніне қарамастан өзі қыңыр көрінеді. Алайда оны еркелеткен адаммен жақсы қарым-қатынас жасайды.

Instagram-ның нағыз жұлдызы ретінде доңыз диета ұстайды, иесі тұяғының тырнағын алып, Жаңа жылға Аяз атаның киімін тігіп жатыр екен.

Алты айлық жануардың қалай 62 мыңнан астам жазылушы жинап, интернеттің жұлдызы болғанын видеодан көріңіз.   


966
Кілт сөздер:
видео, 2019 жыл, доңыз жылы
Тақырып бойынша
"Кел, сүйісейік!": тотықұстың мысыққа деген жауапсыз махаббаты желіні жарды – видео
Адам сияқты сөйлейтін ит әлеуметтік желіні дүрліктірді – видео
Адам кейіпті мысық Желіні шулатты - видео
Ролик тепкен ит желіде жұлдызға айналды - видео

Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлік миссиясы: сараптама қорытындысы видеокөпір

87
(Жаңартылды 16:38 24.01.2022)
Саясаттанушылар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің бітімгерлік күштерінің Қазақстандағы миссиясының мәні мен нәтижелерін талқылап жатыр

ҰҚШҰ-ға мүше барлық елдің президенттері берген бағалау бойынша, бітімгерлік контингенттің ел аумағына кіруі Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтауға мүмкіндік берді.

Бұл ретте уәде еткендей, бітімгерлер республикадағы терроризмге қарсы операцияның белсенді кезеңі аяқталғаннан кейін бірден елден шығарылды.

Сарапшылар мен аналитиктер ҰҚШҰ-ның тарихта тұңғыш рет орындалған бітімгерлік операциясының маңыздылығын қарастырып, алдын ала қандай қорытынды жасалғанын және ел беделіне қатысты салдары қандай болатынын талқылап жатыр.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының алаңында өткен "Қазақстандағы тарихтағы тұңғыш ҰҚШҰ бітімгерлік операциясы" тақырыбындағы видеокөпірге посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі Дарья Чижова, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев, "Еуразиялық мониторинг" аналитикалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Тәжібаев пен "Альтернатива" Өзекті зерттеулер орталығының жетекшісі Андрей Чеботарев қатысты.

87
Кілт сөздер:
ҰҚШҰ, видео, сараптама

Ер адам үйіне кіріп келген аюмен жалаң қолмен айқасты видео

109
(Жаңартылды 09:31 24.01.2022)
Видеода Флорида тұрғыны үйіне кіріп кеткен жыртқышпен жалаң қолмен айқасады

Желіде ер адамның аюмен айқасып жатқаны жайлы видео жарияланды. АҚШ тұрғынының батылдығы қолданушыларды таңғалдырды.

Үй иесі иттерін қорғау үшін аюмен жалаң қолмен айқасқан.

Кадрдан жыртқыштың ашық тұрған есіктен үйге баса-көктеп кіріп келе жатқанын көруге болады.

Ол бөлмеде жүрген иттерге тұра ұмтылған. Алайда үй иесі жыртқышты дер кезінде тоқтатып үлгерді. Ол аюмен айқаса кетіп, есіктен итеріп шығарды.

Осы кезде ашулы жыртқыш ер адамды жарақаттап үлгерген.

Америкалық жабайы жануарды үйінен қуып шықты, содан кейін үйге кіреберісті орындықпен бөгеп тастап, полиция мен жабайы табиғатты қорғау қызметіне қоңырау шалған, олар қауіпті жыртқышты іздеуге кірісті.

109
НАТО

Ресей мен Батыс келіссөзі: НАТО-ның мақсаты қандай

0
2022 жылдың қаңтар айының соңы Ресей мен ұжымдық Батыс өкілдерінің арасындағы маңызды келіссөздерге толы болды

АҚШ, Еуроодаққа мүше мемлекеттердің дипломаттары мен натолық жоғары лауазымды шенеуніктер Мәскеудің қауіпсіздік жөніндегі бастамаларына жауап қатудың ортақ бағытын құрастыруға әрекет етіп жатыр. Бүгінгі күні бұл бағытта ілгерілеу белгісі байқалмай отыр.

АҚШ пен оның одақтастары НАТО үшін "ашық есік саясаты" туралы және Альянс құрамына кірмейтін Ресей сынды мемлекеттердің ұйымның кеңеюіне тыйым сала алмайтынын айтудан жалығар емес. Ал Ресей әскери блок "демократия бірлестігі" бола алмайтынын алға тартып отыр. Сонымен қатар, интеграциялық бірлестікке қандай да бір мемлекеттің мүше болуы мінсіз бола алмайды. Ол кемінде әскери альянсқа мүше бола алмайтын немесе болғысы келмейтін тараптардың да мүдделерін ескеруі керек. Әйтпегенде қауіпсіздіктің бөлінбейтіні туралы қағида ескерусіз қалады.

Көзқарастары мен ұстанымдарының қарама-қайшы екеніне қарамастан, Батыс та, Ресей де келіссөзден шығуға асығар емес. Мәскеу қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі бастамаға жазбаша жауапты күтіп отыр. Сондай-ақ орыстар ресейлік СІМ басшылығымен одан әрі консультациялар жүргізу үшін Сотүстікатлантикалық альянсқа мүше мемлекеттердің министрлері Мәскеуге келеді деп күтіп отыр.

Осы кездесулер, келіссөзер, пікірлер мен мәлімдемелер аясында Еуропа посткеңестік кеңістіктегі жағдайға баса мән беріп отырғанын байқамау мүмкін емес.

Бір жағынан, АҚШ пен оның одақтастары келіссөз тақырыбын Украина және "Ресей шабуылының қаупіне" дейін қысқартуды көздеп отыр. Бұл әңгіме ауанын еуропалық қауіпсіздік аясындағы ортақ проблемалар мен ұстанымдардан аулақ алып кетуге және қарсы тарапты ақталуға, қорғануға мәжбүрлеуге бағытталған әрекет екені анық.

Бірақ Ресей үшін таяу шетелде қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды ұстаным болып отыр. Сондай-ақ НАТО-мен қарым-қатынастағы үш жүйелі дағдарыстың екеуі посткеңестік кеңістікке байланысты туындады. Біріншісі 1999 жылдың наурыз-мамырындағы бұрынғы Югославиядағы натолық интервенцияға, екіншісі Грузиядағы "бес күндік соғыспен" және үшіншісі украин дағдарысы мен Қырымға Ресейің үстемдік етуіне байланысты болды.

Кез келген мемлекет үшін оның көршілері – ерекше мүдделер аумағы болып саналады. Батыстағылар "ықпал ету аясын асырып отыр" депп айыптауды әдетке айналдырған Ресейде ноу-хау ұсынып отырған жоқ. Ол бар болғаны өз аумағы мен іргелес орналасқан елдерде тыныштық пен бейбітшілік орнағанын көздейді.

НАТО-ның бұрынғы КСРО аумағына келуінің басты қаупі әдетте халықаралық қарым-қатынас аналитиктері жазып жатқан ресейлік ықпалды батыстағылардың ығыстыруында ма? Негізгі проблема – Альянстың кеңеюінде емес, оның көпұлтты халық тұратын және ұлттық бірегейлік толыққанды қалыптасып үлгермеген, халықаралық қызметтегі тәжірибесі аз және өз елінің сыртқы саяси перспективасына түрлі баға берілетін құрамы күрделі мемлекеттерде үстемдік етуге тырысуы.

НАТО-ға мүше болу үшін "ашық есік саясатын"қолдайтындар арасында Грузия, Молдова мен Украинаның аумақтық бүтіндігін толық қалпына келтіруді жақтайтындар басым. Бұл әдісті қабылдаған күннің өзінде пікірдің қақ жарылғанын мойындау керек. Абхазия, Оңтүстік Осетия, Қырым және Приднестровье, ДХР және ЛХР сынды мойындалмаған республикалар Вашингтон немесе Брюссельді емес, Мәскеуді өз қауіпсіздігінің кепілдігі деп танып отыр. Мұны ескермеуге болмайды.

Киев халықаралық әлеуметтану институты өткен жылдың желтоқсанында елдің бүкіл аумағында жүргізген сауалнама нәтижесі халықтың 59,2%-і Украинаның НАТО-ға кіруін қолдаса, 28,1%-і қарсы екенін анықтады. Ресейді агрессор және Солтүстікатлантикалық альянсты құтқарушы етіп көрсететін ақпараттық науқан кезінде де елдің басым бөлігі НАТО-ға кіруге қарсы болып отыр.

Сондықтан НАТО-ның өз шекарасына қарай жақындай түсуі көрші елдердегі халықтың арасындағы түрлі топтың алаңдаушылығын тудырып, оларға еуроатлантикалық ұмтылыстарға қарсы тұру қажеттілігі туындағанын мойындатып отыр. Мұндай ішкі қайшылықтарға геосаяси бәсекелестік қоса жүруі тіпті қауіпті. Солтүстікатлантикалық альянстың туы астына посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздікті ығыстыруға тырысуы бұл қайшылықты үдете түседі. Ал бұл бұрынғы КСРО елдерінің қалыптасқан толыққанды мемлекет болу бағытындағы жоспарын жүзеге асыруға үлкен кедергі болады.

Қалай болғанда да альянсқа мүше болуды жоққа шығару жеткіліксіз. Бұл мәселені талқылап, балама шешімдер ұсыну қажет. Мұндай шешімдер грузин, молдаван немесе украин саяси орталарында жоқ емес.

Бүгінде көпшілік Австрия, Швейцария немесе Финляндияның үздік тәжірибесі жайлы жиі айтып жүр. Швейцариялық зерттеуші Оливье Мёвли "бейтараптылық "біздің мемлекет қандай да бір қақтығысқа араласпауына ғана емес, басқаларға өзінің делдалдық немесе төрелігі сынды игілікті қызметін ұсынуға мүмкіндік берген факторға айналды" деген пікір білдірді.

Дәл осы Швейцария дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ кезде Грузия мен Ресейдің арасындағы байланысты қамтамасыз етті. Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты келіссөз кезінде швейцариялық дипломаттар шешуші рөл ойнады.

Бейтараптылықты кейбір саясаткерлер мен сарапшылар бүгінгі Украина немесе Грузия үшін ұнамсыз, капитуляциялық курс ретінде қарастырады. Бір сөзбен айтқанда, бейтараптылық - бұл панацея емес, бұл әр ел мен аймақ үшін жеке ішкі және халықаралық факторлардың күрделі үйлесімі.

Австриялық маман Александр Дубовы мұның жеке мақсат емес және "мемлекеттік стратегияны алмастыру" әрекеті емес екенін, соған қарамастан, бейтараптылық туралы пікірталас "мемлекет болашағы, көпұлтты қауымдастықтардың ұлттық мүдделері, сондай-ақ осы елдердің аймақтағы рөлі туралы пікірталастардың бастапқы нүктесі және өзіндік қозғаушы күші бола алатынын айтты. Мұндай диалог бұрынғы қақтығыс пен шиеленіске алып келмей, мағыналы әрі сындарлы әңгіме аясында жүргізілуі керек.

0
Кілт сөздер:
Ресей, келіссөздер