Назарбаев қазіргі заманда қажетсіз мамандықтар жайлы айтты видео

3439
(Жаңартылды 15:11 20.12.2018)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дамыған елдердің қатарына қосылу үшін қазіргі заманның экономикалық сын-қатерлеріне бейімделе білу керектігін мәлімдеді

Мемлекет басшысы мамандығы қажетсіз болып қалған адамдарға ақыл-кеңесін берді. Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында видеодан үзінді жариялады.

"Ең өзекті мәселе – дамыған 30 елдің қатарына ену. 30 дамыған елде не болып жатыр? Онда адамдар қалай өмір сүреді, біз қандай болуға тиіспіз? Бүгінде цифрландыру, роботтандыру жүріп жатыр… Таяу уақытта 500 мамандық жойылады. Қолымыздан келетін нәрсе қажетсіз болып қалатынын білсек, басқа мамандықты игеру керек.  Қорқынышты ештеңе жоқ", — деді Назарбаев.

Ең бастысы, президенттің айтуынша, қазіргі заманға бейімделіп, тиісті білімді ала білу қажет. 


3439
Кілт сөздер:
жаңа мамандық, робот, видео, цифрландыру, Назарбаев
Тақырып бойынша
Елбасы 2068 жылғы ұрпаққа хат жазып қалдырды
Назарбаев: Қазақтар – ең толерантты халық
Аймағамбетов: қазақстандық колледждерге 28 жаңа мамандық енгізіледі

Өрт сөндірушінің әрекеті желі қолданушыларының таңданысын тудырды видео

37
(Жаңартылды 11:03 27.01.2021)
Кәдуілгі балтаны пайдаланып түрлі жаттығулар жасаған өрт сөндірушінің әдеттен тыс жаттығуы әлеуметтік желіде кеңінен тарады

Ресейдің Находка қаласында өрт сөндіруші болып қызмет ететін азаматтың қауіпті жаттығуы көпшіліктің таңданысын тудырды.

Бейнежазбада ресейлік төтенше жағдайлар қызметкері күш пен дәлдікті бір нүктеде түйістіре алу қабілетін көрсетеді. Яғни, тепе-теңдікті сақтау арқылы балтаның жүзіне бар салмағын шебер түсіреді.

Сонымен қатар ол арқасына оттегі бар баллонды да қойып алады.

Оқи отырыңыз: "Спутник V" вакцинасының 2 миллион дозасы Венгрияға жеткізіледі

Осылайша, ер адам балтаның жүзінде тұрып, жерден қолмен көтерілу жаттығуын орындайды.

37

Сөзге емес, камераға сенеміз бейне бақылау жасалатын Нұр-Сұлтандағы қар полигоны

35
Цифрландыру Нұр-Сұлтандағы қар полигонына жетті. Өткен жылы қыста елорда көшелерін қар басып қалғаннан кейін, қар полигонына бақылау камералары орнатылды

Sputnik Қазақстан тілшілері полигонда болып, цифрландыру елорданы қардан тазарту жұмысын жақсартуға қалай көмектескенін біліп қайтты.

Енді коммуналдық қызметтер қар тазалаудан жалтара алмайды. Бақылау камераларын орнату қар шығару көлемін және әр жүк көлігі жұмысының тиімділігін бақылауға көмектеседі.

Қар полигоны 2020 жылдың 12 қарашасында ашылды. Үш айдың ішінде мұнда 641 мың тонна қар түсірілді. Бұл былтырғы қысқа қарағанда 87 мыңға аз.

Қазір елорданың сол жағалауындағы қарды тазартумен 30-дан астам мердігер айналысып жатыр. Аудан бойынша қар тазалауға 400-ден астам адам жұмылдырылды. 12 сағаттық ауысым кезінде полигонға 1300 КамАЗ қар әкелінеді.

Полигондағы он камера әр көліктің мемлекеттік нөмірін және әкелінген қардың көлемін түсіреді.  Жүйе онлайн-режимде жұмыс істейді және ақпаратты бүкіл маусым бойы сақтайды. Мұндай тәсіл коммуналдық қызметтерді тәртіпке келтіріп, адам факторын жояды. Әрбір қызмет көрсетуші қарды тазартып, ақысын уақытында алуға мүдделі.

35
Вакцина, коронавирус

COVID-19-ке қарсы вакцинаны 5 жағдайда салдыруға болмайды маман кеңесі

0
(Жаңартылды 15:51 27.01.2021)
АҚШ-тың Джордж Мэйсон университетінің жүйелі биология мектебі арнайы зерттеу жүргізген. Мамандар қорытындысын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Өткір респираторлық вирустық инфекция, коронавирус оң тесті, постковидтік жағдай, IgM антиденелері бар болғанда және ауыр сырқат кезінде вакцина салдыртуға болмайды. АҚШ-тың Джордж Мэйсон университеті жүйелі биология мектебінің мамандары осы бес жағдайда вакцина алуға болмайды деп отыр. 

"Мәселен, біз антиденеге қан тапсырып, М иммуноглобулиндері табылса, ағза вирусқа иммундық жауап беруді жалғастырып жатыр деген сөз. Демек, ПЦР-тест теріс нәтиже көрсетсе де, ағза вируспен байланыста. Вирус жасырын болуы мүмкін. Бұл жағдай персистенция деп аталады", - деді биологтар.

Ал постковидтік жағдай деген ағзада IgG, без IgM антиденелерінің болуы. Олар болса, вакцинациядан өтудің қажеттілігі жоқ, деп жазады Lenta.ru7

"Иммуносупрессия немесе склероз сырқаты барлар да екпе салдырмас бұрын дәрігерге қаралуы тиіс. Бірақ дәрігерлер де мұндай жауапкершілік алғысы келмейді", - дейді мамандар.

Еске сала кетсек, 1 ақпанда қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отырғанын айтты.

0