Иттермен тіл табысқан мысық желі қолданушыларының жүрегін жаулап алды - видео

256
(Жаңартылды 17:13 11.01.2019)
Коко есімді бенгаль мысығын жұрт көшеден танып жатады. Өзі сондай сүйкімді. Онымен селфи жасау үшін тіпті балмұздақ алып беретін көрінеді. Ал бұл – мысықтың ең сүйікті тәттісі

Кішкентай "ягуар" иесімен қыдырғанды жақсы көреді, иттердің де тілін тапқан. 

Ерекше жаратылған үй жануарын видеодан тамашалаңыз.

256
Кілт сөздер:
ит, балмұздақ, жануарлар әлемі, видео, мысық
Тақырып бойынша
Ақ аю фотографты жеп қоя жаздады - жантүршігерлік видео
Алматы зообағында сәби қауіпті жыртқышпен ойнады – елдің жағасын ұстатқан видео
Желтоқсан айында ер адам көлігінің ішінде жұмыртқа қуырды – желіні жарған видео
Астанада жаңажылдық мерекеде қорқынышты клоун балалардың зәресін алды – видео
Егіздің сыңары болған қиын ба – күлкілі видео
Аққұтан қолтырауынның арқасына қонып алыпты – күлкілі видео

Көлік тізгінінде 61 жыл жамбылдық полиция жүргізуші әжей туралы видео түсірді

326
Жамбыл облысында 60 жылдан бері көлік жүргізіп, бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған әйел жас полицейлерге шеберлігін көрсетті

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 85 жастағы Лидия Сидоренкомен кездесіп қайтты. Ол жүргізуші куәлігін 1959 жылы Жамбыл қаласында алған. Көп жыл облыстық тұтынушылар одағында жұмыс істеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Лидия Сидоренко 61 жылдан бері көлік жүргізеді. Ол жолдағы тәртіпті жүргізуші, осы уақыт ішінде ешқандай заңбұзушылық жасамаған", - деді полиция.

Осы уақытқа дейін әжейдің төрт көлігі болған. Ең біріншісі – "Москвич-восьмерка". Одан кейін қызыл түсті Москвич-2140 көлігін айдаған. 1990 жылы сарғыш ВАЗ-2106 көлігін алды. Ал 2011 жылы Волга ГАЗ-24 көлігін алып, қазірге дейін осы көлікті тізгіндеп жүр.

"1976 жылы маған жұмыстағы жетістігімді бағалап Москвич автокөлігін берді. Облыстағылардың барлығы мені сол көлігімнен танитын. Ешқашан жол ережесін бұзған емеспін", - дейді Сидоренко.

Жергілікті полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Лидия Сидоренкомен кездесіп, жол ережесін қатаң сақтап жүргені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ, Сидеренко Волга, Жигули, Москвич көліктерін айдап, жиналған жас полицейлерге шеберлігін көрсетті.

"Көп жылдан бері Қазақстан заңдары мен жол қозғалысы ережені қатаң сақтағаныңыз және жауапты азаматтық ұстанымыңыз үшін сізге шынайы алғысымды білдіремін. Тұрғындар арасында көлік жүргізу тәртібін қалыптастыруға және нығайтуға баға жетпес үлес қосып келе жатырсыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін", - деді Жанат Сүлейменов.

Сонымен қатар тәжірибелі көлік жүргізушісі Лидия Сидоренко жастарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

326
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, видео, әжей, жүргізуші
Тақырып бойынша
Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне үндеу жасады
Көлік нөмірі мен төлқұжатын алуға қатысты жаңашылдық жарияланды
"Шаруаларың болмасын": 65 жастағы алматылық әжей неге түнгі клубта өнер көрсетіп жүр?
"Жылаған адам көп болды": 102 жасқа келген қазығұрттық кейуананың әңгімесі
"Дәрігерлер аң-таң": Димашпен кездескен соң жаңазеландиялық әжейдің өмірі өзгерді

Астаналықтар адам ағзасын алуға қатысты пікір білдірді видео 

232
Қазақстанда кез келген адам қайтыс болғаннан кейін ағзасын алуға алдын ала келісім бере алады, я болмаса, одан бас тартуға мүмкіндік бар  

Бұған дейін емханада арнайы өтініш жазылса, енді оны электронды үкімет порталы арқылы жіберуге болады.

Ресми мәліметке сәйкес, алғашқы бірнеше күннің ішінде электронды өтініш жазған адамдардың 7-8 проценті қайтыс болғаннан кейін трансплантация үшін тінді немесе ағзаны алуға келісім берді. Қалғаны қарсы болған. Sputnik Қазақстан тілшілері астаналықтардың осы мәселеге қатысты пікірін біліп қайтты.

Менталитет мен мұқтаждық

Қала тұрғындарының көбісі жаңа электронды қызмет туралы білмейтін болып шықты. Бірақ қайтыс болғаннан кейін ағзаны беруге дайын адамдар аз емес. Ал келіспейтіндердің басым бөлігі діни ұстанымды алға тартады.

"Біреулер үшін ол қалыпты жағдай болуы мүмкін. Ондай адамдар батыстық тәрбиеге жақын шығар. Ал біздің менталитетімізге келмейтін тәрізді. Мен де қарсымын. Өйткені ислам бойынша тыйым салынған", - дейді тұрғындардың бірі.

Енді біреулер адам о дүниеге аттанса, жерде ауру адамдардың қалатынын еске салды. Олар өлген адамға ағзаның қажеті жоқ, ауру адамға берген дұрыс деп есептейді.   

"Сіз жасай алмай кеткен жақсылықты ағзаңызды алған адамдар жалғастырып, "әттеген-ай" деп армандап кеткен ісіңізді аяқтауы мүмкін", - дейтіндер де бар.

Ал егде жастағы адамдар жемқорлықтан қауіптенеді. Дін тұрғысынан тыйым бар екенін біле тұрса да, мұқтаж адамға өз ағзасын беруге дайын адамдар да жоқ емес.

Электронды қызметті қалай алады?

13 қазанда электронды үкімет порталында қайтыс болғаннан кейін трансплантация үшін тіндерді немесе ағзаларды алуға келісім беру, я болмаса, бас тарту бойынша онлайн қызмет іске қосылған болатын. Бұрын адам өзі тіркелген емханада өтініш жазатын. Енді оны үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады.

Электронды қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында "Денсаулық сақтау" бөлімінде авторизация жасау қажет. Осыдан кейін "Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға көзі тірісінде өз еркімен келісуді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу" қызметін таңдау керек.

Бұдан әрі қолданушы өтініш түрін таңдайды: "Келісімді қайтарып алуды тіркеу" немесе "Келісімді тіркеу".

Келісім берген жағдайда қолданушыға қандай органдарын алуға болатынын көрсету мүмкіндігі беріледі.

Айта кетейік, биыл жазда президент "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске қол қойды. Оған сәйкес, енді қайтыс болған адам көзі тірісінде донор болуға келісетінін немесе келіспейтінін білдірмесе, онда оның органын алу үшін жұбайының немесе жақын туыстарының жазбаша рұқсаты қажет.

Бұдан бөлек, Қазақстан аумағынан адам ағзалары мен тіндері тек шетелде ем алып жатқан Қазақстан азаматына медициналық көмек көрсету үшін ғана шығарылады.

232
Кілт сөздер:
видео, трансплантация, адам ағзасы
Қырау басқан жапырақтар

Тұман, жаңбыр және қатты жел ертеңге ауа райы болжамы жарияланды

57
Республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, солтүстікте жаңбыр жауады деп болжануда

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда, синоптиктердің болжамынша, 1 қарашада күн ашық болады.

Қазақстанның басым аумағында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігінде жаңбыр жауады деп болжануда. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне үндеу жасады

Жамбыл, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерді тұман басады, Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 15-20 м/c дейін күшейеді.

Дабылды ескерту

Қызылорда облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Ақмола облысында 1 қарашада тұман түседі деп болжанып отыр.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн ашық болады. 3-5 м/c жел тұрады. Түнде ауа температурасы -3-4 градус, ал күндіз – 5-8 градус жылы.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз. Секундына 1-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +4... +5 градусты, ал күндіз +9... +10 градусты көрсетеді.

Шымкентте күн жылы әрі ашық,  2-5 м/c жел соғады. Ауа температурасы түнде +3... +5, күндіз +17... +19 градус болады.

57
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы