Қалам ұстауды енді үйренген сәби таңғажайып суреттер салады - видео

556
(Жаңартылды 15:44 18.01.2019)
Бөбектің табиғи дарыны жұртты таңғалдырды

Қалам ұстауды әлі дұрыс үйренбесе де, кішкентай қыз сызықтарды түзу сызып, әдемі суреттер салады. Қытайда түсірілген видеоны желіге бүлдіршіннің ата-анасы жариялап, оның ерекше қабілетін көрсеткісі келген екен.

Желі қолданушылары таңғалып, жас сәбидің тамаша туындыларына тәнті болды. Кейбірі үш жасқа дейін жазған шимай-шатпақтарын еске алып жатыр.

Бірақ жас суретшінің өнеріне күмәнмен қарағандар да табылды. Олардың айтуынша, видео жалған, ақ қағаздың астындағы түпнұсқаны кішкентай қыз жай ғана бастырып отырған болуы мүмкін. Тағы бір сыншыларға сүйенсек, суретті видеоны түсірмес бұрын салып қойған.

556
Кілт сөздер:
бейнелеу өнері, суретші, видео, сәби
Тақырып бойынша
Әсерлі биімен көрермендерді баурап алған гимнаст қыз желіні жарды – видео
Мысық әлемдік хитті орындады – күлкілі видео
Тасбақа, кесіртке мен қояндардың бас қосуы желіні жарды - видео
Қонжық құсты жеп қоюдың орнына тірілтуге тырысып жатыр - видео
Әкесі байқамай теріс киіндірген қыз желіде жұлдыз болды – күлкілі видео

Жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға бола ма видео

14
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға болатынын мәлімдеді. Сондай-ақ вакцина салдырған әйелдер баласын әрі қарай емізе алатынын айтты 

Бұл тақырып кейінгі кездері Қазақстанда да жиі талқыланып жүр. Соған байланысты Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінен ресми жауап беруін сұрады.

Вакциналау және жүктілік тақырыбы бойынша денсаулық сақтау министрлігі акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының басқарма төрағасы Динара Мырзахметова және қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма басшысының орынбасары Айнагүл Қуатбаева жүкті әйелдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салуға қатысты сауалдарға жауап берді.

Динара Мырзахметованың айтуынша, қазірге дейін вакцинаның жүкті әйелдерге қалай әсер ететіні туралы зерттеу жүргізілмеген. Сол себепті жүктілік кезінде вакцина салу қарсы көрсеткіш болып саналады.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцина шығарылатын өндірістерде жүргізілетін клиникалық өзгерістердің нәтижесі бойынша белгілі бір тұжырымдар жасайды. Соңғы 10 күнде Америкада 90 мыңға жуық жүкті әйел коронавирусқа қарсы екпемен қамтылғаны туралы ақпарат түсіп жатыр. (...) Біздің елге келіп түскен 4 түрлі вакцинаның сипаты, шығару, өндіру технологиясына жүгінетін болсақ, бұл вакциналардың құрамында жүктілік кезінде кері әсер ететін ингредиенттер жоқ", - дейді Айнагүл Қуатбаева.

Маманның сөзінше, Қазақстанда кейінгі жылдары жүктілік кезінде тұмауға қарсы вакцина салынады. Қазірге дейін олардың арасында вакцинадан кейін ауыр жағдайға тап болғандар тіркелмеген.

Сонымен қатар елімізде вакцинаның бірінші компонентін салдырған соң өзінің жүкті екенін білгендер бар. Мұндай жағдайда жүктілікті тоқтатудың қажеті жоқ.

"Мамандардың кеңесіне жүгіну қажет. Статистикалық мәлімет бойынша мұндай жағдай өте аз кездеседі. Алайда нақты саны жоқ, оларды жаппай статистикаға алып жатқан жоқпыз. Әр өңірден келіп түсетін бірен-саран жағдайлар", - дейді Айнагүл Қуатбаева.

Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.

14
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус, жүкті әйел
(NaN:NaN / NaNMb / )

Олимпиада ойындары бас стадионының көрінісі видео 

69
(Жаңартылды 17:55 23.07.2021)
Бүгін Токиода көптен күткен Олимпиада ойындары басталады. Соңғы Олимпиададан бері әдеттегідей төрт емес, бес жыл уақыт өтті

Токио Олимпиада ойындарының салтанатты түрде ашылуына санаулы сағаттар қалды.

Олимпиада ресми түрде ашылғанға дейін екі күн бұрын командалық спорт түрлері бойынша атлеттер жарысы басталып кетті. 

Бүгін де атыс пен ат спорты бойынша жарыс өтіп, садақ ату мен академиялық есуден кім мықты екенін анықтайтын алғашқы алдын ала нәтиже белгілі болды. Қазақстандықтар екі ойын түрінен де жарысқа қатысты. Құрамадағы Денис Ганькин садақ атудан өте жақсы нәтиже көрсетсе, Владислав Яковлев ат жарысында үшінші болып жетті. 

Олимпиада ойындарының Twitter-дегі парақшасында 2016 жылы Риода аталған спорт шарасының жабылу салтанатында Токионы кезекті Олимпиада ойындарының астанасы ретінде таныстырған видео жарияланды.

​Небәрі бірнеше сағаттан соң Токиода Олимпиада алауы көтеріліп, дәстүр бойынша спортшылар стадионды бойлай шеруге шығады.

69
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Тақырып бойынша
Токио Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары арасында жүлделі орынға кім ілігеді
Токио Олимпиадасы: ұлттық құраманың формасы таныстырылды
Олимпиада-2020: Токио спортшыларды қалай қарсы алып жатыр – видео
Токио Олимпиадасында жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы беріледі
Токио Олимпиадасы: Жапония астанасы дүбірлі додаға қалай дайындалып жатыр – фото
Архивтегі фото

6 жарым мыңнан астам адамнан вирус табылды: эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

5
Нұр-Сұлтанда 1 522, Алматыда 1080, Қарағанды ​​облысында 750 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
  • Алматы қаласы - 1080,
  • Шымкент қаласы - 507,
  • Ақмола облысы - 193,
  • Ақтөбе облысы - 250,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 446,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 101,
  • Жамбыл облысы - 108,
  • Батыс Қазақстан облысы - 309,
  • Қарағанды облысы - 750,
  • Қостанай облысы - 167,
  • Қызылорда облысы - 170,
  • Маңғыстау облысы - 255,
  • Павлодар облысы - 211,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
  • Түркістан облысы - 109.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.
 

5
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы