Үндістанда екі аяқты бұзау дүниеге келді - видео

690
Үндістандық фермер екі аяқты бұзауды аман алып қалу үшін аянып қалмаймын деп отыр

Фермер Калаппа Кумбар екі аяқты бұзаудың енесі емізбей қоя ма деп қорқады. Жануар өз бетімен жүре алмайды, тіпті аяққа тұруға тырыспайды да, сол себепті ер адам бұзауды бөтелкемен қоректендіріп жүр.

Болашақта фермер бұзауды екі аяғымен жүруге үйреткісі келеді. Алайда қазір жануар адамдар ұстап тұрғанда ғана, бір сәтке тепе-теңдік сақтап, тік тұрады.

Аш қасқырлардың қоршауында қалған бұлан қайсарлық танытып, құтылып кетті - видео

Сиыр – Үндістанда қасиетті жануар. Аңыздар бойынша тілектерді орындайды, сол себепті халық оны құрметтеп, тамақтандырып, қоғамдық орындардан қумайды. Үндістанда сиырдың етін жемейді.

Үндістандықтар жалғыз көзді бұзауға табынып жүр

 

690
Кілт сөздер:
видео, жануарлар әлемі, бұзау, Үндістан
Тақырып бойынша
Индонезияда екі аяқты бұзау адам сияқты жүруді үйренді – видео
Төрт көз, екі ауыз: Қытайда екі басты бұзау дүниеге келді (фото)
Жаңа туған екі тұмсықты құбыжық бұзау иесін есеңгіретіп қойды – видео

Елордада диктант жазу акциясы қалай өтті - видео

58
Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында "Жаппай диктант" жыл сайынғы акциясы өтті

"Жаппай диктант" елордада үшінші рет өтіп отыр. Оқиға "Байқоңыр" ғарыш айлағының 65-жылдығына орайластырылған.

Акцияға қатысушылардың бір бөлігі диктантты Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында жазды. Іс-шара кезінде барлық санитарлық-гигиеналық талап ескерілді. Акцияға қатысушылардың арасында арақашықтық сақталып, маскалар таратылды.

Диктантты белгілі тележүргізуші, продюсер және кәсіпкер Динара Сәтжан оқыды.

"Мен үшін бұл өте жауапты іс. Егер дұрыс оқымай, қателесіп кетсем, акцияға қатысушыларға қайта жазуға тура келетінін жақсы түсіндім. Жалпы, диктант оқу көңілімнен шықты, өзімді мұғалімдей сезіндім. Әрі бұл оңай емес екенін ұқтым. Мұндай акцияларды қолдаймын және келесі жолы өзім де диктант жазғым келеді", - деп бөлісті өз әсерімен Динара Сәтжан.

Жаппай диктант – жыл сайын өтетін акция. 2020 жылы диктантты 4 сәуірде өткізу жоспарланған еді. Бірақ коронавирусқа байланысты оны күзге қалдырды.

58

Әріптестері шатастырады: астаналық егіз полицей қалай жұмыс істеп жүр - видео

417
Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық полиция басқармасында егіздердің үш бірдей жұбы жұмыс істейді. Олардың ішінде астаналық Ербол мен Ерлан да бар. Екеуі де учаскелік полицей болып қызмет атқарады

Sputnik Қазақстан тілшісі егіз полицеймен танысып, екеуінің өмірі мен жұмысы туралы біліп қайтты.

Ербол мен Ерланның отбасында полицейлер болмаған. Екеуі осы жолды өздері таңдапты. Алдымен "Жас ұлан" мектебіне түсуді мақсат қойды. Оған бірден түсе алмаған. Дегенмен, егіздер алған бағытынан тайған жоқ, өз мақсатына жетті. "Жас ұланды" тәмамдады. Одан кейін ішкі істер министрлігінің Қостанайдағы академиясына түседі. Былтыр Сарыарқа аудандық полиция басқармасында іс-тәжірибеден өтіп жүргенде бірден жұмысқа қабылданған. Бала кезінде екеуін ылғи шатастырады екен, қазір де әріптестері бірден айыра алмайды.

"Біз "Лесозаводта" туып өстік. Сол жерге басқа ауданның балалары футбол ойнауға келетін. Біз болсақ, өзіміздің үйдің намысын қорғайтынбыз. Қарсылас команда бізді егіз екенімізді білмейді. Мен шабуылда, ал Ерлан қорғаныста жүреді. Олар маған қарап, сен артта жүрдің ғой, алға қалай кетіп қалдың деп таңғалатын", - дейді Ербол.

Ал Ерлан академияда болған қызықты оқиғаларды еске алды. Егіздер екі бөлек қабатта жүргенде басқалары бір адам деп ойлап, қалайша тез көтерілгеніне және киімді ауыстырып алғанына таңғалып жүрген. Артынан академия курсанттары оларды егіз екенін білген, бірақ бәрібір екеуін шатастыратын.

"Бала кезде күшті болатын. Мысалы, мектепте, сабақта, емтиханда киімдерімізді ауыстыра саламыз, сосын тапсыруға кіреміз. Ал қыздар ол кезде білсе, ренжиді ғой, бірақ білмеген ғой соны", - деп еске алды Ерлан.

Ербол Ерланнан 15 минутқа бұрын туған. Содан бала кезінен оны үйдің үлкені ретінде тәрбиелеген. Ербол осы міндетін де абыроймен атқарып келеді.

Ербол мен Ерлан үйлену тойын бір күнде өткізгенді қалайды. Тіпті, бір үй салып, бірге тұрамыз дейді.

"Иә, үйлену тойын бірге жасайтын ойымыз бар. Бір жағынан бұл – ақша үнемдеу. Өйткені біз бай отбасыдан емеспіз. Қарапайым отбасыдан шықтық. Енді, егіз қыздарды таба алмадық. Дегенмен, қызымыз бар. Мен інімді әлі таныстырған жоқпын. Алайда қызым фото-видеоны көріп, екеуің ұқсамайсыңдар дейді", - дейді Ербол.

Оқи отырыңыз: Ұйқастырып қоюға тырысады: қазақтар егіздерге қандай ерекше есім таңдайды?

Қазіргі кезде егіздер екі бөлек учаскеде жұмыс істейді. Дегенмен, бір-бірімен жиі хабарласып, тәжірибе алмасып тұрады. Полиция басшылығы егіздерді қазір шатастырмайды екен.

"Алыстан екеуінің дене пішімі, жүріс-тұрысы, киім киісі бірдей болғандықтан, ажырата алмаймын. Жақын келгенде ғана. Ербол менде істейді. Сондықтан мен оны жақын келгенде танимын. Өйткені оның мінезі ақкөңілдеу, пысықтау. Ал Ерланның мінезі тұйықтау. Екеуін солай ғана ажыратамын", -  дейді Сарыарқа аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қаныбек Бейсен.

417
Кілт сөздер:
егіздер, видео
Студенттер

Премьер-министр кейбір мамандыққа қатысты білім гранттарын көбейтуді тапсырды

1
Премьер-министрдің айтуынша, биылғы құс тұмауы бақылаушы органдардың жұмысында бірқатар кемшіліктің бар екенін көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин ветеринария және фитосанитария мамандықтары бойынша білім беру гранттарын көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі білім министрлігімен бірлесіп, салаға қажетті кадрларды даярлауды жетілдіру және түлектердің кеңінен ауылда жұмыс істеу шартымен ветеринариялық және фитосанитариялық қызмет мамандықтарына бөлінетін гранттарды көбейту мәселесін пысықтасын", – деді Мамин үкімет отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, биылғы құс тұмауы бақылаушы органдардың жұмысында бірқатар кемшіліктің бар екенін көрсетті. Осы орайда үкімет басшысы ауыл шаруашылығы ұсынған шараларды қолдады.

Соның ішінде ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құру бастамасы да бар. Оған республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінеді. Бұдан бөлек, жергілікті жерде шектеу шаралары шұғыл енгізу тәртібі болады. 

"Ауыл шаруашылығы және әділет министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың карантиндік және шектеу шараларын белгілеу және алып тастау жөніндегі шешімдерін әділет органдарында тіркеу рәсімін жеңілдетсін", – деп атап көрсетті Мамин.

Оқи отырыңыз: "Ауылдың балалары қатты қиналады" Ағылшын тілі қазақша неге оқытылмайды

Айта кетейік, үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жедел карантин енгізуге және инфекция ошағын жабуға біраз уақыт кететін атап өткен. Себебі әкімдердің қаулыларын келісу, бекіту және күшіне енгізу үшін 5-15 күндей күту керек. Ал ол уақыттың ішінде инфекция басқа жерге таралып кетуі әбден мүмкін. Осыған байланысты министр шектеу шаралары туралы шешімді бекіту және тіркеу мерзімін 1 күнге дейін қысқарту қажеттігін айтты.

1
Кілт сөздер:
грант, мамандықтар, білім беру
Тақырып бойынша
Ішкі істер министрі полицейлердің басты кемшілігін атады
144 мың қазақстандық маман қайта оқытылды – энергетика министрі
Атамқұловтың көңілі толмады: Авиация академиясына түсуге іріктеу күшейтіледі
Қазақстанда көне жоғары оқу орындардың бірі жабылатын болды
Қазақстанда "Цифрлық білім" бағдарламасы іске қосылады