Жанкешті ана баласын құтқару үшін жүк көлігінің астына ұмтылды қорқынышты видео

7924
Вьетнамда адам айтса сенгісіз таңғажайып оқиға болды. Видеотіркегішке мотоциклмен келе жатқан ана мен баланың құлаған сәті түсіп қалған

Артта келе жатқан көлік қасынан озып өткенде, мотоцикл жүргізушісі тепе-теңдікті жоғалтып, жолаушылар жол үстіне құлайды. Сол сәтте қарама-қарсы бетте жүк көлігі келе жатқан еді. Әйел баласымен бірге көліктің астына қарай домалап кетті.

Анасы соңғы сәтте ұлын жүк көлігінің дөңгелегі астынан алып шыққан. Абырой болғанда, өзі де, баласы да аман қалды. Оқиға видеотіркегішке түсіп қалыпты.

7924
Кілт сөздер:
видео, құтқару, ана мен бала
Ұлттық ұлан

Нұр-Сұлтанда сауда үйінде болған жағдайдың видеосы желіде тарап жатыр

2080
(Жаңартылды 16:52 20.10.2020)
Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлері түсірген видео пайда болды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда полиция "Әлем" сауда үйінде жатқан иесіз сөмкені тексерді. Ішінен тыйым салынған және қауіпті зат табылған жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне қалалық полиция департаменті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек (@astana_sergek_kz)

Әлеуметтік желіде оқиға куәгері түсірген видео пайда болды. Ол ғимаратқа "бомба қойылды" деп мәлімдейді. Автор сауда үйіне келгендердің сыртқа шығарылғанын айтты.

"20 қазан сағат 13.27-де "102" нөміріне Бөгенбай батыр даңғылындағы "Әлем" сауда үйінің бірінші қабатында белгісіз ер адам қара түсті сөмке қалдырып кеткені туралы хабар түсті. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді, оның барысында рюкзактан тыйым салынған немесе қауіпті заттар табылған жоқ", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Қазір сауда үйі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, сөмкенің иесі анықталды.

Айта кетейік, кеше Алматыда "Қаратал" бизнес орталығынан 300-ге жуық адам эвакуацияланды. Ол жерде де орталықтың бірінші қабатында әйел сөмке қалдырып кеткен еді.

2080
Кілт сөздер:
желі, видео, сауда, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Алматыда болған төтенше оқиғаның видеосы тарап кетті - мән-жайы айтылды
Әлеуметтік желіде зираттардың видеосы қызу талқыға түсті
Алматыда бизнес орталықтан 300-ге жуық адам эвакуацияланды
Жас жұбайлар суретке түсіп жатқанда болған жағдайдың видеосы тарады
Алматыда арықтан табылған нәрестені құтқару сәтінің видеосы пайда болды

"Жаппай диктант" акциясы қалай өтті - онлайн-брифинг

20
(Жаңартылды 17:21 20.10.2020)
Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында "Жаппай диктант" акциясының қорытындысына қатысты онлайн-брифинг өтті

Брифингтің спикерлері - ғарышкер Айдын Айымбетов (диктантты оқығандардың бірі), "Жаппай диктант" акциясының Нұр-Сұлтандағы үйлестірушісі Лаура Ілиясова және Нұр-Сұлтандағы ресейлік ғылым мен мәдениет орталығы директорының орынбасары Константин Воробьев. Олар халықаралық акцияның алдын ала қорытындысы туралы сөз қозғады.

20
Блок бекет

Қарағанды облысының бір ауылы карантинге жабылды

0
Карантиннің енгізілуіне ауылға инфекция жұқтырған адамның келуі себеп болды. Енді тұрғындарға себепсіз көшеге шығуға болмайды

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Қарағанды облысының Центральный ауылы карантинге жабылды. Облыс әкімдігі санитарлық шараның қатаңдатылуын ауылға коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның келуімен байланыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Омбыдан келген қонақ коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырды. Нәтижесінде инфекцияның бар екені анықталды. Ол кісімен байланыста болғандар да ауырып қалған. Бұхар Жырау ауданының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантинге алынған аймақтың шыға берісіне блок бекеттер қойылды. Енді бұл аймаққа кіріп-шығуға тыйым салынды", - делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.

Санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, ауыл тұрғындары карантин шараларын сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын маңдағы дүкен немесе дәріханаға баруына болады.

Әкімдіктің хабарлауынша, карантин инфекция жұқтырған науқастардың барлығы жазылғанша жалғасады. Шектеулерді алып тастау бойынша ақпарат қосымша хабарланады.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарында карантиндік шектеулер енгізілген болатын.

0
Кілт сөздер:
карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы