Сәби әлі жүре алмайды, дегенмен бидің түбін түсіреді күлкілі видео  

5030
Музыкамен билеген баланың ширақ қимылы жұртты таңғалдырды. Ол әлі кішкентай, бірақ ырғақты жақсы сезінеді

Шынын айтқанда, көптеген адамға талант туа бітеді. Мына сәбиге қараңызшы, ырғақты жап-жақсы сезінеді, барлық қозғалысты музыка ырғағымен қайталап отыр.

Жоғары сыныптың қызына қырындаған оқушының биі жұртты күлдірді – видео

Бала әзірге жүруді үйренбеген, есесіне ол билеуді меңгеріп алды.

Ролик сіздің көңіл-күйіңізді көтеріп тастайтыны сөзсіз! 

5030
Кілт сөздер:
видео, сәби
Тақырып бойынша
Әкесі байқамай теріс киіндірген қыз желіде жұлдыз болды – күлкілі видео
Лифтіде би билеген ұры жұртты күлдірді - видео
Талдықорғанда ескерткіштің жанында әдепсіз би билеген қыздар ұсталды
Назарбаев пен Сағынтаевтың билеп жүрген видеосы жарияланды
Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео  

Алматыны автобус-кабриолетпен аралауға болады - видео

30
(Жаңартылды 10:48 26.11.2020)
Hop-On Hop-Off экскурсиясы көптеген елде сұранысқа ие. Енді Алматыны тамашалаймын деушілер де осы қызметті қолдана алады

Автобус бағыты бойынша бірнеше аялдама қарастырылған. Экскурсияға билет алған жолаушылар олардың кез келгенінен шығып, қаланың көрікті жерлерін аралай алады. Кейін сол билетпен қалаған аялдамада автобусқа қайта отыруға болады.

Әзірге мұндай бір ғана автобус бар. Олардың санын төртеуге жеткізу көзделіп отыр.

"Жаз мезгілінде автобустың төбесін ашып қоямыз. Қыста салон жабылады. Алайда үлкен терезе мен орындықтардың биік орналасуының арқасында қаланы тамашалау мүмкіндігі жаздағыдан еш кем емес ", - деді қалалық әкімдіктің туризм басқармасы.

Экскурсия бағытына Алматының "алтын квадраты" - қаланың тарихи орталығы енген. Бұдан бөлек, автобус орталық стадион және "Атакент" көрме кешені арқылы өтеді. Барлығы 50-ге жуық орын таңдалған.

Жолаушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде Алматы тарихынан қызықты фактілер айтылады.

Жоба толықтай жеке инвестиция арқасында іске қосылып отыр.

Толығырақ видеодан көре аласыз.

30
Кілт сөздер:
видео, автобус, Алматы
Тақырып бойынша
Жеті қазынаның бірі: тазы тұқымын сақтап қалу үшін не істеу керек – видео
Маскаңды тақ! Қатал аққу саябақтағы қауіпсіздікті қадағалап жүр – видео
Конор Макгрегордан айнымай қалған қазақстандық шоумен болып кетті - видео
Семейліктерді шошытқан аспан жарқылының не екені белгілі болды – видео
Көлігіндегі қарды тазалап тұрған ер адам бір ажалдан аман қалды – видео

Ресейлік музыканттар қазақтың танымал күйін халық аспаптарымен орындады

63
(Жаңартылды 16:24 25.11.2020)
"Березка" хореографиялық ансамблі оркестрінің әртістері қазақтың әйгілі "Әлқисса" күйін орыс халық аспаптарымен орындап шықты

Қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің аңызға айналған күйіне жаңа интерпретация жазу оркестр әртісі Светлана Закунованың идеясы болып шықты. Ол қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мәскеуге келуіне орайластырылды, деп хабарлады Dimash News сайты.

Светлана Закунова "Әлқиссаны" алғаш рет "Бастау" концертінің жазбасын көріп отырып, Димаштың және басқа музыканттардың орындауында тыңдаған. Оған күйдің ерекше әдемі үні ұнаған. Оның айтуынша, туынды орыс халық аспаптары – балалайка және домрамен жақсы үйлеседі.

Оқи отырыңыз: Димашты Нью-Йорк әуежайында атақты америкалық спортшы қарсы алды 

Светлананың ойын "Березка" мемлекеттік академиялық хореографиялық ансамблінің оркестріндегі әріптестері бірауыздан қолдаған.    

"Бәріміз жиналып, композицияны тыңдадық, оны аспаптар арасында партияларға бөлдік. Өз бетімізше толықтырдық. Дайындықтан кейін ойлаған нәтижеге қол жеткізіп, жазып шықтық", - деп атап өтті Светлана Закунова.

"Березка" оркестрі 1959 жылдың басында кеңестік балетмейстер әрі хореограф Надежда Надеждиннің бастамасымен құрылды.  

63
кітапхана

Қазақстан кітапханаларында электронды кітаптарды ақшаға жүктеу ұсынылды

0
Сенатор кітапханалар мен мұрағаттар мәселесін көтерді, олардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп кітапханаларда электронды кітаптарды жүктеуді ақылы етуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатордың айтуынша, ұлттық кітапханалар мен мұрағаттарда құжаттар мен жазбаларды сақтау ісіне жеткілікті көңіл бөлінбейді. Ал көне жазбаларды санитарлық нормаларға сай сақтамаса, көзге көрінбейтін әртүрлі паразиттер жеп қояды. Мұндай жағдайда түпнұсқаларды келешек ұрпаққа жеткізу қиындайды.

"Eлордадағы Ұлттық архивке қарасты қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығын алайық. Орталықтың қолжазбалар мен сирек кітапты сақтайтын жері өте тар. Қор көбейген сайын, ғимаратқа сыймай барады. Орталықтың ғимараты еуропалық талаптарға мүлдем сай емес. Көрермендерге арнап дайындаған көрмесі де өте кішкентай", - деді Жүсіп премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Айтуынша, кітапханаларды цифрландыру сапасы да сын көтермейді.

"Шет елдердегі архив, кітапханалар өз қорларын түгел цифрландырып жатыр. Ал бізде көпшілігінің цифрландыру сапасы өте төмен. Цифрландырылған сирек қолжазбалар мен кітаптардың оқылуы қиын. Көшірменің сапасы да нашар, жүктеп алуға келмейді. Сондықтан кітаптардың оқылымын тегін етіп, бірақ жүктеуін ақылы етер болса, бұл олардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берер еді", - деп санайды депутат.

Ол елімізде реставрация саласы да дамымағанын тілге тиек етті. Нұртөре Жүсіптің пікірінше, реставраторларды арнайы даярлау ісімен бірге, олардың денсаулығына да көңіл бөлінуі тиіс. Себебі қолжазбамен жұмыс істеу, оны реставрациялау денсаулыққа зиянды.

0
Кілт сөздер:
кітапхана