Балет бишілерінің бас киімі қалай тігіледі - видео

220
"Астана Балет" театрының костюм бөлімінде бірнеше мың ерекше бас киім, костюм мен аяқ киім сақтаулы

Киімдердің әрқайсысы өнер туындысы деуге болады. Әрбір әртіс үшін арнайы пішіп, тігіледі. Балет бишілері костюміне қойылар талап қатал: ол жеңіл, қозғалуға ыңғайлы әрі әдемі болуы тиіс.

Тағы оқыңыз: Астана Опера театры Ресейде BraVo сыйлығын иеленді

Ұлттық нақыштағы қойылымға арналған киімді қалай тігу керек? Бұл сұрақтың жауабын театрдың бас киім тігетін шебері Самал Байымбетова жақсы біледі.

"Би болғаннан кейін секіреді, билейді. Сондықтан бас киім өте ыңғайлы әрі жеңіл, қоюшы режиссердің талаптарына сай болуы тиіс. Мысалы, қазақтың бұрынғы ұлттық бас киімдері өте биік болған. Ал қазір заман талабына сай қысқартылған. Балет бас киімі ең бастысы, жеңіл болуы тиіс", - дейді Самал Байымбетова.

Тігін цехында он шебер жұмыс істейді.

Тағы оқыңыз: Бойжеткен 6 тәулік бойы тоқтамастан билеп, әлемдік рекорд орнатты

Балет киімі мен ұлттық нақыштағы бас киімді тігудің қыр-сырын Sputnik Қазақстан видеосынан біле аласыздар.

220
Кілт сөздер:
видео

Көлік тізгінінде 61 жыл жамбылдық полиция жүргізуші әжей туралы видео түсірді

300
Жамбыл облысында 60 жылдан бері көлік жүргізіп, бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған әйел жас полицейлерге шеберлігін көрсетті

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 85 жастағы Лидия Сидоренкомен кездесіп қайтты. Ол жүргізуші куәлігін 1959 жылы Жамбыл қаласында алған. Көп жыл облыстық тұтынушылар одағында жұмыс істеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Лидия Сидоренко 61 жылдан бері көлік жүргізеді. Ол жолдағы тәртіпті жүргізуші, осы уақыт ішінде ешқандай заңбұзушылық жасамаған", - деді полиция.

Осы уақытқа дейін әжейдің төрт көлігі болған. Ең біріншісі – "Москвич-восьмерка". Одан кейін қызыл түсті Москвич-2140 көлігін айдаған. 1990 жылы сарғыш ВАЗ-2106 көлігін алды. Ал 2011 жылы Волга ГАЗ-24 көлігін алып, қазірге дейін осы көлікті тізгіндеп жүр.

"1976 жылы маған жұмыстағы жетістігімді бағалап Москвич автокөлігін берді. Облыстағылардың барлығы мені сол көлігімнен танитын. Ешқашан жол ережесін бұзған емеспін", - дейді Сидоренко.

Жергілікті полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Лидия Сидоренкомен кездесіп, жол ережесін қатаң сақтап жүргені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ, Сидеренко Волга, Жигули, Москвич көліктерін айдап, жиналған жас полицейлерге шеберлігін көрсетті.

"Көп жылдан бері Қазақстан заңдары мен жол қозғалысы ережені қатаң сақтағаныңыз және жауапты азаматтық ұстанымыңыз үшін сізге шынайы алғысымды білдіремін. Тұрғындар арасында көлік жүргізу тәртібін қалыптастыруға және нығайтуға баға жетпес үлес қосып келе жатырсыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін", - деді Жанат Сүлейменов.

Сонымен қатар тәжірибелі көлік жүргізушісі Лидия Сидоренко жастарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

300
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, видео, әжей, жүргізуші
Тақырып бойынша
Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне үндеу жасады
Көлік нөмірі мен төлқұжатын алуға қатысты жаңашылдық жарияланды
"Шаруаларың болмасын": 65 жастағы алматылық әжей неге түнгі клубта өнер көрсетіп жүр?
"Жылаған адам көп болды": 102 жасқа келген қазығұрттық кейуананың әңгімесі
"Дәрігерлер аң-таң": Димашпен кездескен соң жаңазеландиялық әжейдің өмірі өзгерді

Астаналықтар адам ағзасын алуға қатысты пікір білдірді видео 

223
Қазақстанда кез келген адам қайтыс болғаннан кейін ағзасын алуға алдын ала келісім бере алады, я болмаса, одан бас тартуға мүмкіндік бар  

Бұған дейін емханада арнайы өтініш жазылса, енді оны электронды үкімет порталы арқылы жіберуге болады.

Ресми мәліметке сәйкес, алғашқы бірнеше күннің ішінде электронды өтініш жазған адамдардың 7-8 проценті қайтыс болғаннан кейін трансплантация үшін тінді немесе ағзаны алуға келісім берді. Қалғаны қарсы болған. Sputnik Қазақстан тілшілері астаналықтардың осы мәселеге қатысты пікірін біліп қайтты.

Менталитет мен мұқтаждық

Қала тұрғындарының көбісі жаңа электронды қызмет туралы білмейтін болып шықты. Бірақ қайтыс болғаннан кейін ағзаны беруге дайын адамдар аз емес. Ал келіспейтіндердің басым бөлігі діни ұстанымды алға тартады.

"Біреулер үшін ол қалыпты жағдай болуы мүмкін. Ондай адамдар батыстық тәрбиеге жақын шығар. Ал біздің менталитетімізге келмейтін тәрізді. Мен де қарсымын. Өйткені ислам бойынша тыйым салынған", - дейді тұрғындардың бірі.

Енді біреулер адам о дүниеге аттанса, жерде ауру адамдардың қалатынын еске салды. Олар өлген адамға ағзаның қажеті жоқ, ауру адамға берген дұрыс деп есептейді.   

"Сіз жасай алмай кеткен жақсылықты ағзаңызды алған адамдар жалғастырып, "әттеген-ай" деп армандап кеткен ісіңізді аяқтауы мүмкін", - дейтіндер де бар.

Ал егде жастағы адамдар жемқорлықтан қауіптенеді. Дін тұрғысынан тыйым бар екенін біле тұрса да, мұқтаж адамға өз ағзасын беруге дайын адамдар да жоқ емес.

Электронды қызметті қалай алады?

13 қазанда электронды үкімет порталында қайтыс болғаннан кейін трансплантация үшін тіндерді немесе ағзаларды алуға келісім беру, я болмаса, бас тарту бойынша онлайн қызмет іске қосылған болатын. Бұрын адам өзі тіркелген емханада өтініш жазатын. Енді оны үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады.

Электронды қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында "Денсаулық сақтау" бөлімінде авторизация жасау қажет. Осыдан кейін "Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға көзі тірісінде өз еркімен келісуді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу" қызметін таңдау керек.

Бұдан әрі қолданушы өтініш түрін таңдайды: "Келісімді қайтарып алуды тіркеу" немесе "Келісімді тіркеу".

Келісім берген жағдайда қолданушыға қандай органдарын алуға болатынын көрсету мүмкіндігі беріледі.

Айта кетейік, биыл жазда президент "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске қол қойды. Оған сәйкес, енді қайтыс болған адам көзі тірісінде донор болуға келісетінін немесе келіспейтінін білдірмесе, онда оның органын алу үшін жұбайының немесе жақын туыстарының жазбаша рұқсаты қажет.

Бұдан бөлек, Қазақстан аумағынан адам ағзалары мен тіндері тек шетелде ем алып жатқан Қазақстан азаматына медициналық көмек көрсету үшін ғана шығарылады.

223
Кілт сөздер:
видео, трансплантация, адам ағзасы
Ақорда ғимараты

Тоқаев пен Назарбаев Ердоғанға жеделхат жолдады

184
(Жаңартылды 13:58 31.10.2020)
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына қажет болған жағдайда көмек көрсетуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Измир провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтар туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды, деп хабарлайды Ақорда.

"Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын", – делінген жеделхатта.

Елбасы Нұрсұлтан Назарьбаев та Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын айтты.

"Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Түркиядағы жер сілкінісі

30 қазан күні Түркияда магнитудасы 7 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан Измир провинциясында ғана емес грекиялық Самос аралында да сезілді.

Жер сілкінісінің эпицентрі - Измир провинциясының Сеферихисар қаласында. Жер сілкінісі әсерінен Эгей теңізінде цунами толқыны болды.

184
Кілт сөздер:
Режеп Тайип Ердоған, Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Қайта қарау қажет": Тоқаев қазақстандықтар ұсынысын қолдайтынын айтты
Тоқаев үкіметке кімдердің жалақысын өсіруді тапсырғанын айтты
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек – Тоқаев