Видео

Қазақстан президенттігіне кандидаттар арасындағы дебат – видеотрансляция

© Хабар NEWSТеледебаты кандидатов в президенты Казахстана пройдут 29 мая
Теледебаты кандидатов в президенты Казахстана пройдут 29 мая - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үміткерлер арасындағы пікірталас "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Сайлау күніне дейін аз уақыт қалды. Президенттікке кандидаттар "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде бетпе-бет кездесті.

Пікірталас бірнеше раундтан тұрды. Әр кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын айтып, қарсыластарының сауалдарына жауап берді. 

Тағы оқыңыз: Теледебатқа 41 млн теңге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев теледебатқа қатыспады. Себебі бүгін Нұр-Сұлтанда президенттің қатысуымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Тоқаевтың орнына сайлауалды қоғамдық штабының төрағасы Мәулен Әшімбаев келді. Сондай-ақ, дебатқа Дания Еспаева да қатысқан жоқ. Өңірлерді аралап жүрген кандидаттың орнына "Ақ жол" партиясынан Азат Перуашев келді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда бір күн бойы қоғамдық көлікпен тегін жүруге болады

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті адам таласады. Олар:

  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Жаңалықтар
0