2019 жылғы президент сайлауында Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне 7 кандидатты тіркеді.
Еліміз бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 9 970 (48 учаске 06:00-де ашылды). Шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде 65 учаске жұмыс істеді.
Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша кезектен тыс президент сайлауына Қазақстан халқының 77,4% қатысқан. Ал тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы саны - 11 947 995 адам.
Осы орайда Sputnik Қазақстан тілшісі елордалықтардың қалай дауыс бергенін, Геннадий Головкиннің жекпе-жегінен қандай әсер алғанын сұрады.
Тағы оқыңыз: Головкин Роллсты жойқын нокаутқа түсірді - видео
Дональд Трамп сол күні Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен-міс. Клинтонның бұған дәлелі бар ма? Неге АҚШ өз проблемаларының себебін сырттан іздейді?
Инаугурация дәстүр бойынша Вашингтондағы Капитолийдің алдында өтті.
Президент сайлауын қорытындылайтын салтанатты рәсімге көрермендер көп жиналды.
Ант бергеннен кейін Ақ үйдің жаңа басшысы бірден бағдарламалық сөз сөйледі – бұл әдеттегідей сайлау алдындағы уәделерді, сондай-ақ Вашингтонның алдағы төрт жылға арналған негізгі басымдықтарын қамтыды.
Америка Құрама Штаттарының 46-шы президентін ұлықтау рәсімі қалай өткенін видеодан көріңіз.
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтылды.
"2021 жылы 18 қаңтарда Баянауыл аудандық сотының үкімімен ауданның бұрынғы әкімі Қайыргелдинов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды", – деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Қайыргелдинов лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталды.
Экс-әкім Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне кәсіпкерден пайдалануға жарамсыз әуе айлағын заңсыз сатып алған.
Осылайша мемлекетке 240 миллион теңге сомасында шығын келтірді.
Оқи отырыңыз: Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты – видео
Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.
Оған қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған еді.
Оразгелді Қайыргелдинов Баянауыл әкімі қызметін 2016 жылдан 2019 жылға дейін атқарды.