Тоқаевты ұлықтау рәсімі видеотрансляция

3540
(Жаңартылды 12:28 12.06.2019)
Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр. Халыққа ант берген соң, Тоқаев ресми түрде мемлекет басшысы лауазымын иеленеді

Жаңа сайланған Қазақстан президентін ұлықтау салтанатына Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері келді. 

Рәсімді тамашалауға Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады.

Салтанатты рәсімге оркестр, әртүрлі бөлімдердің әскерилері, құрметті қарауыл ротасы қатысып, зеңбірек дүркіндері де болады.

Ұлықтау рәсімі қалай өтеді

Орталық сайлау комиссиясы ант беру күнін 12 маусымға белгіледі.

Тағы оқыңыз: Ұлықтау рәсіміне дайындық қалай өтті- видео

Ант беру салтанатты жағдайда парламент депутаттарының, Конституциялық кеңес мүшелерінің, Жоғарғы сот судьяларының, шетелдік қонақтардың қатысуымен өтеді. 

Президент елдің Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан республикасының мемлекеттiк гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы президентке Қазақстан республикасы президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.

3540
Кілт сөздер:
видео, инаугурация, президент
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Тоқаев екі қаладағы митингілерге қатысты пікірін айтты - видео
Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кете ме – Тоқаев жауап берді
ТМД бақылаушылары: сайлаудағы заңбұзушылықтардың саны түкке тұрмайды
Мен "транзиттік жолаушы" емеспін - Тоқаев көзқарасын ашық білдірді
Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі қалай өтеді?

Маскаңды тақ! Қатал аққу саябақтағы қауіпсіздікті қадағалап жүр видео

42
(Жаңартылды 18:04 24.11.2020)
Туристер коронавирус пандемиясы кезінде де дамыл табар емес – олар көрікті жерлерді аралап, жануарлармен қарым-қатынас жасағанды ұнатады

Дегенмен мына видеодан әдеттегіден өзгеше оқиғаны көруге болады. Турист қыз қорғаныш маскасын иегіне түсіріп, саябақтағы көгалда жүрген әсем аққуға жақындайды.

Осы кезде аққу "жауапсыз" келушіге күтпеген жерден тап беріп, оның маскасын тағып қояды.  

Қанатты бақылаушыдан мұндайды күтпеген қыз артқа шегініп, шалқасынан құлап түседі.  

42

Конор Макгрегордан айнымай қалған қазақстандық шоумен болып кетті - видео

76
(Жаңартылды 11:13 24.11.2020)
Қазақстандық Бахрам Сапарбаев белгілі MMA спортшысына ұқсастығының арқасында танымал болды. Оның өмірі қалай өзгергенін видеодан көре аласыз

Отыз жастағы Бахрам Сапарбаев көлікті тұраққа қоятын қызметкер болған. Ол сақалын өсірген кезде әріптестері  Конор Макгрегорға ұқсайтынын айтқан. 

Өзге адамдар да MMA спортшысынан айнымай қалғанын байқады.

Басында Бахрам әзілдеп жауап берді. Кейін осы ұқсастықтың арқасында өмірін өзгертемін деп шешті. Ол спортшының жүрісі мен мимикасын қайталай бастаған.

Ирландский боец MMA Конор Макгрегор
© AFP 2019 / VALERIE MACON
MMA спортшысы Конор Макгрегор

Бахрам әлеуметтік желіде аккаунт ашып, Макгрегор образындағы суреттері мен видеоларды жүктей бастады. Оны жұрт танып, телешоуға шақыратын болды.

Толығырақ видеода.

76
Кілт сөздер:
видео, қазақстандықтар, Конор МакГрегор
Тақырып бойынша
Макгрегордың жүрісін салған кішкентай балуан желіні шулатты - видео
Қазақстандық боксшы мексикалықты бір минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді – видео
Ит өмірден озған иесін 11 жыл бойы жолда күтіп отыр – видео
Көлігіндегі қарды тазалап тұрған ер адам бір ажалдан аман қалды – видео
Семейліктерді шошытқан аспан жарқылының не екені белгілі болды – видео
коронавирусқа қарсы вакцина

G20 саммитінде ескерусіз қалған мәселелер

0
G20 виртуалды саммиті қатысушылардың күш салуына қарамастан, жаһанданудың өлгенін, постковидті әлемде жеке-даралылық орын алғанын көрсетті

Мұнда мәселе шартты "америкалық бірполярлы әлемге" қарсы сөз байласуда немесе ХХ ғасырдың екінші жартысының үлгісі бойынша "блоктық қарсы тұруды" қайта тірілтуде емес. Деглобализация және көпполярлылық – бұл вашингтондық немесе брюссельдік "басшылардың" не ойлайтынына қарамастан орын алған ақиқат, деп жазады РИА Новости.

Мәселелерді талқылауға арналған бірыңғай саяси тілдің жоқтығы секілді бірыңғай әлемдік саяси күн тәртібінің жоқтығы проблема болып отыр. Оның үстіне, әлемдік қауымдастық үлгі алатындай "геосаяси камертон" да жоқ. 

Коронавирус пандемиясынан бастап экономикалық дағдарысқа жалғасатын ортақ проблемалар бар болғанымен, олардың ортақ шешімі принципті түрде жоқ. Себебі, жаһандық деңгейде мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттестік нөлге дейін төмендеді. Яғни, нақты бір елдің қандай да бір табысы бәсекелестердің жеңіліс табуы секілді бағаланады. Геосаяси бәсекелестердің қайсыбірі кез-келген имидждік, саяи немесе экономикалық жеңісті өз қоржынына салмауы үшін ортақ мүдделерді құрбан етуге дайын.

Бұл сөзге айқын мысалдар келтіруге болады. "Жиырмалықтың" саммитінде ҚХР елдер арасындағы жүріс-тұрыс пен келім-кетімді қайта ашатын қандай да бір цифрлық механизм құруды ұсынды. Бұл әлемдік экономикаға, халықаралық саудаға және туризмді қалпына келтіруге үлкен қолдау болар еді. Қытай тестілердің нәтижелеріне негізделетін "Денсаулық QR-кодын" өзара мойындаудың халықаралық механизмін құруды ұсынды.

"Оған мейлінше көп ел қосылады деп үміттенемін", - деді Си Цзиньпин.

Әділін айту керек, қандай да бір турист, дипломат немесе бизнесменнің дені сау және түрлі шекаралық шектеулерге қарамастан мемлекеттердің аумағына кіре алуын қамтамасыз ететін халықаралық және жаппай мойындалған "цифрлық растауды" құру өте жақсы идея. Бұл шара дәл қазір аса қажет болып тұрғанымен, оны жаһандық деңгейде жүзеге асыру мүмкіндігі жоқтың қасы. Бұған дәл осы ұсынысты Си төрағаның ұсынуы да өз ықпалын тигізеді. Себебі, батыс көшбасшыларының имидждік көзқарасы бойынша қытайлық ақпараттық технологиялардың жоғары дамуын паш ететін ресми Бейжің ұсынысына келісуге болмайды. Бұл – принцип.

Келесі мысал кедей елдер үшін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның қолжетімсіздігі турасында болмақ. Бұлай болған жағдайда ол елдер "коронавирустың ошағына" айналуы ықтимал. Владимир Путин өз сөзінде вакциналауға жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігін баса айтты: "Ресей осы саммиттің тиімді және қауіпсіз вакциналарды барлығы үшін қолжетімді етуге бағытталған шешімдер жобасын қолдайды. Біздің ел, әрине, мұқтаж мемлекеттерге біздің ғалымдар әзірлеген вакцинаны ұсынуға дайын. Бұл әлемде бірінші болып тіркелген және адамның аденовирустық векторлары платформасындағы " Спутник V" вакцинасы, новосібірлік ғылыми орталықтың "ЭпиВакКорона" вакцинасы да дайын. Қазір ресейлік үшінші вакцина әзірленіп жатыр.

Пандемияның ауқымы бізді барлық қолда бар ресурстарды пайдалануға міндеттейді. Біздің ортақ мақсатымыз – вакциналық препараттар портфелін құрып, бүкіл ғаламшар тұрғындарын сенімді қорғаныспен қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз, құрметті әріптестер, барлығымызға жеткілікті жұмыс бар және бәсекелестік болғанымен, біз ең алдымен гуманитарлық ойларды басшылыққа алып, осыны алдыңғы қатарға қоюға тиіспіз".

Декларациялық деңгейде барлығы дұрыс болғанымен, "Жиырмалық" әлдеқайда қолжетімді және тиімді вакциналарды қолдану арқылы кедей мемлекеттердің халқын вакциналауды ортақ қаржыландыру қорын құруға келісім бермейді. Себебі, бұл америкалық және еуропалық препаратқа қарағанда арзан ресейлік "Sputnik V" вакцинасын қолдануды білдіреді.

Владимир Путин бәсекелестікті бір шетке ысырып қойып, гуманизм көзқарасымен адамгершілік танытуға шақырды. Бірақ, оның бұл үндеуіне құлақ асатындар кемде-кем. Оның үстіне, батыстық БАҚ ресейлік және қытайлық вакциналарды қаралау бағытындағы ақпараттық-насихаттау жұмыстарын бәсеңдете қойған жоқ.

G20 саммитінде субстанциялық диалог орнатылмаған мәселелер тақырыбын ұзақ жаза беруге болады. Оның қатарында ДСҰ реформасы, дамушы елдердің валюталық қарыздары, протекционизмге бағытталған жаһандық тренд те бар. Батыс көшбасшылары нақты позицияны ұстанатын секілді: біз көп сөйлейміз, біз ешкімді тыңдамаймыз және барлығы біздің айтқанымызды бұлжытпай орындап, шешімдерімізбен келісуі керек. Ел президенті ауысқаннан кейін де Вашингтонның бұл позициясы өзгере қоюы екіталай.

G20 саммитіндегі субстанциялықтың жоқтығы әлем "геосаяси блоктар" бәсекелестігі мен "америкалық әлемді" қалпына келтіруге қарай дамып келе жатпағанын айқын көрсетті. Олардың бағыты мүлде бөлек. Әлем елдері тек екіжатқы келіссөздер жұргізу арқылы ғана күрделі мәселелердің де шешімі табуға болатынын түсініп, осы бағытты бетке алды.

0