Видео

Нұр-Сұлтан журналистері өздеріне жұмақ мекен жасап алды – видео

Жазылу
Қазақстандық БАҚ өкілдері Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ағаш отырғызды. Қазақстанның құрылысшылары одағы кәсіби мереке қарсаңында Журналистердің аллеясын жасау идеясын көтерді  

"Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Пановтың басшылығындағы Sputnik Қазақстан "бағбандары" ең ірі команда болды.

Елордаға нағыз жаз келді, бүгін ауа райы қарасып, 28 градусқа дейін ысыды. "Жасыл" акцияның барлық қатысушысы аллея ашу идеясын қуаттап, жұмысқа бел шеше кірісті.

Барлығы жиырмаға тарта шырша көшеті отырғызылды. Тосынсый да жасалды: ұйымдастырушылар журналистерді 23 қабаттық ғимараттың шатырына шақырды, мұнда оларды сыйлықтар мен фуршет күтіп тұрды.  

 

Жаңалықтар
0