Қалыңдық гүлін қағып алған қыздың жігіті жұрттың ішек-сілесін қатырды видео

7405
Қалыңдықтың гүлін қағып алған қыздың жігіті қуанудың орнына алды-артына қарамай тұра қашқан  

Сүйіктісі қалыңдық гүлін қағып алған жігіт не істеуі керек? Видеодағы жігіттің қылығын қайталамағаны дұрыс екені анық.

Қыз гүлді қағып алып, қуаныштан секіре бастайды. Ал сүйіктісі болса, алды-артына қарамай тұра қашты.

Жігіттің жылдам жүгіргені соншалық, қыз оған ренжіп те үлгермеді.

7405
Кілт сөздер:
видео, жігіт, гүл, қалыңдық
Тақырып бойынша
Бойжеткен бұрынғы жігітінің тойына келіп, оның аяғына жығылды – видео  
Қазақстандық жұлдызды жұптардың махаббат хикаясы - фото
"Жомарт, тоқта!" Күйеу жігіт қалыңдықты жол бойына тастап кетті – видео
Жітіқарада той қарсаңында оқыс оқиға болды: күйеу жігіт көз жұмды   
Үйлену тойына үш күн қалғанда күйеу жігіт ізім-ғайым жоғалып кетті

Жеті жасар сноубордшы 7 алтын медаль жеңіп алған видео

24
Жеті жасар Василиса Ермакова қазірдің өзінде Ресейдің үш рекордын жаңартып, сноуборд жарыстарында жеті алтын медаль жеңіп алған

Жас спортшы алғаш рет үш жасында тақтаймен сырғанаған. Содан бері қыз әкесінің жтекшілігімен спортта керемет жетістіктерге қол жеткізді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vasilisa Ermakova (@vasilisa_board)

Василисаның анасы күйеуінің сноубордпен кәсіби түрде айналысқанын, бірақ спорттан кетуге мәжбүр болғанын айтады.

Ал Василиса экстремалды спорт түріне қызығушылық таныта бастағанда, ол қар трассасына қуана-қуана қайта оралыпты. Олар бір-бірінен үйреніп, рекордтар мен жеңістерге қол жеткізу жолында барын салып жүр.   

24

9 жасар музыкант баланың көршілері полицияға шағымданды видео

47
(Жаңартылды 09:24 25.01.2021)
Көпқабатты үй тұрғындары кешке скрипкада ойнайтын бала мазаны алады деп шағымданып отыр. Алайда танымал скрипкашы Денис Мацуев жас музыкант өнеріне оң бағасын берді

Тоғыз жасар музыканттың есімі - Арсений Лис. Бала Ресейдің Челябі қаласында тұрады. Классикалық музыка десе, ішкен асын жерге қояр бала болашақта әйгілі скрипкашы болуды армандайды. Ұстаздары да өте талантты екенін айтып отыр. Баланың күнде әр минуты жоспарланып отырады.

Уақыт тығыздығына байланысты кешке үйде туындыларды қайталауға тура келеді. Бірақ оның көршілері мұндай тегін концертке риза емес. Олар полицияға ұжымдық арыз жазған.

Көршілер соғысын ресейлік пианист Денис Мацуев тоқтатуға әрекет жасады.

Толығырақ видеода.

47
Тақырып бойынша
Танымал қазақстандық әнші үйленді
Әлемге әйгілі музыкант жансақтау бөліміне түсті
Зейнетақы жинағын алуға өтінімді қалай береді – видеонұсқау
Гну бөкені баласын қорғау үшін қабыланға тап берді – видео
Алматыда көлік өртеніп кетті – видео
Ресей президенті Владимир Путин

Путин зәулім сарай туралы сұраққа жауап берді

0
Ресей президенті Алексей Навальныйдың фильмін компиляция және адамдардың "санасын шаюға" тырысу деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин оппозиционер Алексей Навальный өз зерттеуінде айтқан "Геленджиктегі сарай" туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Сұрақ Ресей студенттері күніне орай ұйымдастырылған университеттегі кездесу кезінде қойылды.

"Сіздің сұрағыңызға бірден жауап бергім келіп тұр. Ол жерде менің меншігім ретінде көрсетілгеннің ешқайсысы маған да, менің жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болмаған. Ешқашан", - деп жауап берді Путин.  

Ол сондай-ақ, бұл көптен бері көпірте айтылып келе жатқанын, "азаматтардың санасын шаю" үшін толықтырылып отырғанын мәлімдеді.

"Бұл ақпарат он жылдан астам уақыттан бері көпірте айтылып келе жатыр. Қалай болғанда да, қазір өте ыңғайлы уақыт, бәрін жинап, осы материалдармен біздің азаматтарымыздың санасын шайып тастауға шешім қабылдады. Оны интернетте жариялаған – онда қандай да бір фильмдер, видео бағдарламалар бар", - деді президент.

Төрт мыңға жуық адам жиналған: Мәскеу алаңында не болып жатыр

Сондай-ақ, Ресей басшысы фильмді құрастыру кезінде халықты адастыру мақсатында монтаж қолданылғанын мәлімдеді.

"Олар менің баттерфляй стилінде жүзіп жүрген суретімді жариялады. Кейде осылай жүзгенді ұнатамын. Бірақ ол бассейнде ешқашан болмағанмын. Неғылған бассейн екенін білмеймін. Бірақ осылай жүздім. Қашан және қайда? 2016 жылы Енисейде. Сондықтан бұл компиляция, монтаж", - деп түйіндеді Путин.

0
Кілт сөздер:
Владимир Путин