Биылғы "Танк биатлоны" өткен жылдарғыдан ерекше болды: жарысқа тұңғыш рет үш әйел командасы қатысты.
Мерейтойлық ойындардың тағы бір жаңалығы – әйелдер командасы алаңға Т-80УЕ-1 газотурбиналық танктерімен шықты.
Ал ерлер әдеттегідей Т-72Б3 танктерінде өз шеберлігін көрсетті.
Барлығы V халықаралық армия ойындарына 39 мемлекеттен 223 команда қатысып жатыр. Биылғы жылы ойындар 3-17 тамыз аралығында он елдің аумағында өтеді.
Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында "Шығыс Қазақстанды газдандыру: Ресейден газ тартыла ма?" деген тақырыпта видеокөпір басталды.
Қазақстан Барнаул – Рубцовск – Семей – Өскемен бағыты бойынша газ құбырын тарту арқылы шығыс өңірлерді газдандырғысы келеді.
Сонымен қатар, құбырды Павлодар облысына қарай бұру жоспарланып отыр.
Газ құбырының құрылысы 2,1 миллион адам тұратын өңірлердің тұрғындарын газдандыруға мүмкіндік береді. Тұтыну көлемі жылына 2,3 миллиард текше метр деңгейінде бағалануда.
Қазіргі уақытта "ҚазТрансГаз" бен "Газпром" арасында жұмыс тобы құрылды. Мәселе Ресей тарапымен пысықталып жатыр.
Премьер-министр Асқар Мамин 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысын газдандыру тұжырымдамасын дайындауды тапсырды.
2018 жылы атыстардың бірінде аяғынан айырылған Мұхаммед жарақат алғанға дейін футбол ойнап, марафондарда жүгірген. Енді ол бір аяғымен болса да, халықаралық спорттық шараларда ел намысын қорғау арманын жүзеге асыруға бел буып отыр.
Бір аяғы кесілген Ахмед те паркурмен (кедергіден өту) айналысады. Өз шеберлігін көрсету үшін жастар протезін шешіп, қоршаулар мен қабырғалардан ептілікпен секіріп жүр.
Спортшылар сонымен қатар баскетбол, футбол ойнайды және өз командасын құруды армандайды.
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.
Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.
Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.
Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.
Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді.