Сириядан қайтарылған қазақстандықтар сотталып жатыр видео

343
Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты ашық сот тыңдауы өтті. Олар ДАИШ* террористік ұйымының қатарында ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып отыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көре аласыз

Тергеудің мәліметінше, айыпталушылар бұрын ДАИШ* содыры болған.

Он төрт қазақстандыққа террорлық әрекетке қатысты, терроризмге тартты және насихаттады, сондай-ақ басқа да ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылды. Олар "Жусан" арнайы операциясы аясында Қазақстанға оралды.

Сот тыңдауында прокурор олардың кейбірінің жантүршігерлік қылмысын жариялады. Прокурор Еділ Мұраттың айтуынша, сотталушылардың ішінде Газинұр Бақытжанов пен Аманжол Жансеңгіров террористік сипаттағы роликтер түсірген.

"Сондай-ақ, қарулы қақтығыстан кейін ИГИЛ* террористік ұйымының мүшелрі төрт адамның басын кесіп алып, жұртты үрейлендіру мақсатында қала көшелерінің біріне жеті тәулікке тастап қойған", - деп атап көрсетті прокурор.

Тағы оқыңыз: "4 адамның басын кесіп алған": қазақ жігіттерінің Сириядағы қылмысы жарияланды

Прокурордың айтуынша, террористік топ мүшесі осы бастардың бірін аяғымен басып, қару ұстап тұрып суретке түскен. Ол сурет ғаламтор арқылы көпшілікке тарап кеткен.

Олар бұл әрекеттерімен көпшілік назарын аударып, адам бойында қорқыныш пен үрей сезімін тудыруды көздеген.

Жалпы ҰҚК мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестерімен бірге Сириядан 595 қазақстандықты қайтарды, олардың 400-ден астамы балалар.

*ДАИШ – Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым

"Жусан" –  қазақстандықтарды Сириядағы ұрыс алаңдарынан қайтару мақсатында 2019 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өткізілген арнайы операция

343
Кілт сөздер:
видео, сот, қазақстандықтар, Сирия
Тақырып бойынша
Сириядан оралған ақтөбелік әйелдің 5 жыл бұрын жасаған қылмысы әшкере болды
Күйеуіне хабарлама жазып жіберген: Сириядан оралған әйелдің тағдыры не болмақ
Сириядан оралған әйелдер небір сұмдықты бастан кешіргенін айтты
Сириядан оралған қазақтың өкініші: үшеуміз ғана тірі қалдық
"33 бала жетім қалды": Сириядан қайтарылған балалардың нақты саны жарияланды

Бір аяғынан айырылған жігіттер паркурден команда құрғысы келеді видео

16
Палестинаның Газа қаласында тұратын Мұхаммед Алива мен Ахмед Әбу Дакин тіпті кесілген аяқ та спорттан бас тартуға себеп бола алмайды деп санайды

2018 жылы атыстардың бірінде аяғынан айырылған Мұхаммед жарақат алғанға дейін футбол ойнап, марафондарда жүгірген.  Енді ол бір аяғымен болса да, халықаралық спорттық шараларда ел намысын қорғау арманын жүзеге асыруға бел буып отыр.  

Бір аяғы кесілген Ахмед те паркурмен (кедергіден өту) айналысады. Өз шеберлігін көрсету үшін жастар протезін шешіп, қоршаулар мен қабырғалардан ептілікпен секіріп жүр.

Спортшылар сонымен қатар баскетбол, футбол ойнайды және өз командасын құруды армандайды.    

16
(173:04 / 2876.49Mb / )

Ресейдің сыртқы істер министрі баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр - тікелей эфир

57
(Жаңартылды 14:15 18.01.2021)
Сергей Лавровтың ауқымды баспасөз мәслихаты тұңғыш рет онлайн форматта өткізіліп отыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан эфирінде

Ресейдің сыртқы істер министрі журналистердің сауалдарына жауап береді. Жиын, негізінен, көрші елдің 2020 жылдағы дипломатиясының қорытындысына арналған.

Ауқымды баспасөз мәслихаты тұңғыш рет онлайн форматта өткізіліп отыр.

Әдетте мұндай баспасөз мәслихатына ондаған елден жүздеген бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысады.

57
Кілт сөздер:
Ресей, тікелей эфир, баспасөз
Тақырып бойынша
Лавров Путиннің мәлімдемесін оқып берді – видео
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуында ән шырқады – видео
Лавров Навальный оқиғасына қатысты Еуроодақ санкциясы жөнінде пікір білдірді
Қазақстан мен Ресей жаңа газ құбырын салады – видео
Лавров Батыстың айыптауларына қатысты пікір білдірді
Архивтегі фото

Павлодар облысы әкімдігінде қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді

0
Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында екі басқарма біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді.

"Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне бақылау жасайды", - делінген хабарламада.

Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгеріс болды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды. 

Оқи отырыңыз: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді 

Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.

0