"Қате жоқ па?": Матвиенко Мәскеуде Назарбаеваны қалай қарсы алды видео

2655
(Жаңартылды 23:03 22.10.2019)
Бүгін Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның Ресей Федерациясына ресми сапары басталды. Сенат делегациясының сапары аясында Александров бағындағы Белгісіз солдат зиратына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Дариға Назарбаева сейсенбі күні Федералдық кеңес спикері Валентина Матвиенкомен кездесті. Сенат спикерін Мәскеуге Валентина Матвиенко шақырған болатын. Ол әріптесін қарсы алып, фотокөрмені көрсетті.

"Ал мынау сәлемдесу сіз үшін арнайы қазақша жасалды. Қате жоқ па?", - деді Валентина Матвиенко экранға көрсетіп.

Сондай-ақ, Федерация кеңесінің спикері Дариға Назарбаеваға Ресейдің барлық субъектісінің туларын көрсетті. Бұдан соң олар маңызды мәселелерді жабық түрде талқылады.

Тағы оқыңыз: "Еркектерден әйелдер көп...": Назарбаева тың ұсыныс жасады

Дариға Назарбаева сәрсенбі күні Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведевпен, ал бейсенбі күні патриарх Кириллмен кездеседі деп жоспарланып отыр.

2655
Кілт сөздер:
видео, Мәскеу, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
"Байғұстар кешке дейін жұмыс істейді": Назарбаев отбасы туралы айтты
"Назарбаева туралы емес": Нұрлан Әлімжанов "Томирис" фильмі жайлы не ойлайтынын айтты
"Біреуінің де нәтижесін көрмедік": Назарбаева облыс әкімінің сөзіне күмән келтірді
"Ғалымдардың өзі бас қатырып жүр": Назарбаева қазақ тіліне қатысты ойын айтты
"Халық сенбейді қазір": Назарбаева шындықты айтқан депутатты қолдады

Астаналықтар адам ағзасын алуға қатысты пікір білдірді видео 

142
Қазақстанда кез келген адам қайтыс болғаннан кейін ағзасын алуға алдын ала келісім бере алады, я болмаса, одан бас тартуға мүмкіндік бар  

Бұған дейін емханада арнайы өтініш жазылса, енді оны электронды үкімет порталы арқылы жіберуге болады.

Ресми мәліметке сәйкес, алғашқы бірнеше күннің ішінде электронды өтініш жазған адамдардың 7-8 проценті қайтыс болғаннан кейін трансплантация үшін тінді немесе ағзаны алуға келісім берді. Қалғаны қарсы болған. Sputnik Қазақстан тілшілері астаналықтардың осы мәселеге қатысты пікірін біліп қайтты.

Менталитет мен мұқтаждық

Қала тұрғындарының көбісі жаңа электронды қызмет туралы білмейтін болып шықты. Бірақ қайтыс болғаннан кейін ағзаны беруге дайын адамдар аз емес. Ал келіспейтіндердің басым бөлігі діни ұстанымды алға тартады.

"Біреулер үшін ол қалыпты жағдай болуы мүмкін. Ондай адамдар батыстық тәрбиеге жақын шығар. Ал біздің менталитетімізге келмейтін тәрізді. Мен де қарсымын. Өйткені ислам бойынша тыйым салынған", - дейді тұрғындардың бірі.

Енді біреулер адам о дүниеге аттанса, жерде ауру адамдардың қалатынын еске салды. Олар өлген адамға ағзаның қажеті жоқ, ауру адамға берген дұрыс деп есептейді.   

"Сіз жасай алмай кеткен жақсылықты ағзаңызды алған адамдар жалғастырып, "әттеген-ай" деп армандап кеткен ісіңізді аяқтауы мүмкін", - дейтіндер де бар.

Ал егде жастағы адамдар жемқорлықтан қауіптенеді. Дін тұрғысынан тыйым бар екенін біле тұрса да, мұқтаж адамға өз ағзасын беруге дайын адамдар да жоқ емес.

Электронды қызметті қалай алады?

13 қазанда электронды үкімет порталында қайтыс болғаннан кейін трансплантация үшін тіндерді немесе ағзаларды алуға келісім беру, я болмаса, бас тарту бойынша онлайн қызмет іске қосылған болатын. Бұрын адам өзі тіркелген емханада өтініш жазатын. Енді оны үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады.

Электронды қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында "Денсаулық сақтау" бөлімінде авторизация жасау қажет. Осыдан кейін "Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға көзі тірісінде өз еркімен келісуді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу" қызметін таңдау керек.

Бұдан әрі қолданушы өтініш түрін таңдайды: "Келісімді қайтарып алуды тіркеу" немесе "Келісімді тіркеу".

Келісім берген жағдайда қолданушыға қандай органдарын алуға болатынын көрсету мүмкіндігі беріледі.

Айта кетейік, биыл жазда президент "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске қол қойды. Оған сәйкес, енді қайтыс болған адам көзі тірісінде донор болуға келісетінін немесе келіспейтінін білдірмесе, онда оның органын алу үшін жұбайының немесе жақын туыстарының жазбаша рұқсаты қажет.

Бұдан бөлек, Қазақстан аумағынан адам ағзалары мен тіндері тек шетелде ем алып жатқан Қазақстан азаматына медициналық көмек көрсету үшін ғана шығарылады.

142
Кілт сөздер:
видео, трансплантация, адам ағзасы

Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан судьяларының съезі өтіп жатыр - онлайн-трансляция

29
(Жаңартылды 11:31 23.10.2020)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан судьяларының VIII съезі басталды. Жиын онлайн режимде өтіп жатыр

Съезге Қазақстан судьялары одағының делегаттары, халықаралық сарапшылар мен серіктес ұйымдар, қоғам және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жиналды. 

Съезде сот жүйесін дамыту, оның ішінде судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, кейбір қылмыс үшін жазаны қатаңдату секілді мәселелер талқыланады. 



29
Медицина қызметкері

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды

0
(Жаңартылды 10:18 26.10.2020)
Жүзден аса науқастың жағдайы ауыр, 18 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Коронавирус инфекциясынан 240 бала ем алып жатыр

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, бес адам коронавирустан қайтыс болды, бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Ал өткен тәулікте 26 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 3 042 адам ем қабылдап жатыр, арасында 246 бала бар. Стационарларда 2 283 науқас жатыр. 759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Науқастар арасында 119 адамның жағдайы ауыр, 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан 1 825 адам көз жұмды. Бірінші тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониядан 394 адам қайтыс болды.

0
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті
Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма – вирусолог жауап берді
Жасанды тыныс алдыру аппаратынсыз коронавирустан емделудің жаңа әдісі табылды
Қазақстандағы коронавирус: комиссия соңғы ақпаратты бөлісті
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді