Юлдуз Усманова әлемдік гастрольге дайындалып жатыр видео

568
(Жаңартылды 17:36 31.10.2019)
Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова әлемдік турнеге дайындалып жатыр. Ол Қазақстан, Ресей, Америкаға – әншіні жақсы көретін бүкіл әлемдегі қалаларға гастрольдік сапар жасамақшы

Оның гастрольдік картасындағы бірінші орында Ресейдің астанасы Мәскеу тұр.

Әрі қарай Қазақстанның, Американың ... әншіні жақсы көретін барлық қала бар.

Тағы оқыңыз: Тойда ерсі қылық жасаған өзбекстандық әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео 

Өзбекстанда оны жергілікті примадонна деп атап, Алла Пугачевамен салыстырады.

Видеода Юлдуз Усманова шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап береді.

Әртістің ойларын Sputnik видеосынан көріп, тыңдаңыз.

568

Астаналықтар адам ағзасын алуға қатысты пікір білдірді видео 

142
Қазақстанда кез келген адам қайтыс болғаннан кейін ағзасын алуға алдын ала келісім бере алады, я болмаса, одан бас тартуға мүмкіндік бар  

Бұған дейін емханада арнайы өтініш жазылса, енді оны электронды үкімет порталы арқылы жіберуге болады.

Ресми мәліметке сәйкес, алғашқы бірнеше күннің ішінде электронды өтініш жазған адамдардың 7-8 проценті қайтыс болғаннан кейін трансплантация үшін тінді немесе ағзаны алуға келісім берді. Қалғаны қарсы болған. Sputnik Қазақстан тілшілері астаналықтардың осы мәселеге қатысты пікірін біліп қайтты.

Менталитет мен мұқтаждық

Қала тұрғындарының көбісі жаңа электронды қызмет туралы білмейтін болып шықты. Бірақ қайтыс болғаннан кейін ағзаны беруге дайын адамдар аз емес. Ал келіспейтіндердің басым бөлігі діни ұстанымды алға тартады.

"Біреулер үшін ол қалыпты жағдай болуы мүмкін. Ондай адамдар батыстық тәрбиеге жақын шығар. Ал біздің менталитетімізге келмейтін тәрізді. Мен де қарсымын. Өйткені ислам бойынша тыйым салынған", - дейді тұрғындардың бірі.

Енді біреулер адам о дүниеге аттанса, жерде ауру адамдардың қалатынын еске салды. Олар өлген адамға ағзаның қажеті жоқ, ауру адамға берген дұрыс деп есептейді.   

"Сіз жасай алмай кеткен жақсылықты ағзаңызды алған адамдар жалғастырып, "әттеген-ай" деп армандап кеткен ісіңізді аяқтауы мүмкін", - дейтіндер де бар.

Ал егде жастағы адамдар жемқорлықтан қауіптенеді. Дін тұрғысынан тыйым бар екенін біле тұрса да, мұқтаж адамға өз ағзасын беруге дайын адамдар да жоқ емес.

Электронды қызметті қалай алады?

13 қазанда электронды үкімет порталында қайтыс болғаннан кейін трансплантация үшін тіндерді немесе ағзаларды алуға келісім беру, я болмаса, бас тарту бойынша онлайн қызмет іске қосылған болатын. Бұрын адам өзі тіркелген емханада өтініш жазатын. Енді оны үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады.

Электронды қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында "Денсаулық сақтау" бөлімінде авторизация жасау қажет. Осыдан кейін "Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға көзі тірісінде өз еркімен келісуді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу" қызметін таңдау керек.

Бұдан әрі қолданушы өтініш түрін таңдайды: "Келісімді қайтарып алуды тіркеу" немесе "Келісімді тіркеу".

Келісім берген жағдайда қолданушыға қандай органдарын алуға болатынын көрсету мүмкіндігі беріледі.

Айта кетейік, биыл жазда президент "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске қол қойды. Оған сәйкес, енді қайтыс болған адам көзі тірісінде донор болуға келісетінін немесе келіспейтінін білдірмесе, онда оның органын алу үшін жұбайының немесе жақын туыстарының жазбаша рұқсаты қажет.

Бұдан бөлек, Қазақстан аумағынан адам ағзалары мен тіндері тек шетелде ем алып жатқан Қазақстан азаматына медициналық көмек көрсету үшін ғана шығарылады.

142
Кілт сөздер:
видео, трансплантация, адам ағзасы

Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан судьяларының съезі өтіп жатыр - онлайн-трансляция

29
(Жаңартылды 11:31 23.10.2020)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан судьяларының VIII съезі басталды. Жиын онлайн режимде өтіп жатыр

Съезге Қазақстан судьялары одағының делегаттары, халықаралық сарапшылар мен серіктес ұйымдар, қоғам және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жиналды. 

Съезде сот жүйесін дамыту, оның ішінде судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, кейбір қылмыс үшін жазаны қатаңдату секілді мәселелер талқыланады. 



29
Коронавирус, госпиталь

Қазақстандағы коронавирус: комиссия соңғы ақпаратты бөлісті

18
(Жаңартылды 09:03 26.10.2020)
Індетке шалдыққандар саны Шығыс Қазақстанда көп тіркелді. Бір тәулікте жиырма бес адам, астанада - 23 науқас

НҰР-СУҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik.  Қазақстанда өткен тәулікте 140 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. 

Індетке шалдыққандар саны Шығыс Қазақстанда көп тіркелді. Бір тәулікте 25 адам, астанада - 23 науқас, деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 23
  • Алматы қаласы - 15
  • Ақмола облысы - 14
  • Ақтөбе облысы - 4
  • Алматы облысы - 8
  • Атырау облысы - 3
  • Шығыс Қазақстан облысы - 25
  • Жамбыл облысы - 3
  • Батыс Қазақстан облысы - 5
  • Қарағанды облысы - 10
  • Қостанай облысы - 6
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 12
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 9
  • Түркістан облысы - 2

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110 542. 

Коронавирустық пневмония

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 26 жағдайы тіркелді. 71 адам емделіп шықты, бір адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері 36 921 адам дертке шалдығып, 394 науқас көз жұмды. Жазылып шыққандардың саны  - 28 531 адамға жетті.

 

18
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Кавасаки синдромы коронавирустың асқынған түрі ме - ғалым жауап берді