Юрий Григоровичтің балеті астанада көрсетіледі видео

56
"Астана Балет" театрының әртістері көрерменін шығыс және классикалық тәсілдердің үйлесімділігімен таңғалдырмақ. Би арқылы ерекше махаббат сезімі туралы баяндалады

Танымал ресейлік хореограф Юрий Григоровичтің қойылымындағы "Легенда о любви" балеті "Астана Балет" театрында сахналанатын үш бөлімнен тұратын екінші ауқымды балет.

Спектакль Легенда о любви в постановке Юрия Григоровича
© Photo : пресс-служба "Астана "Балет"
Юрий Григоровичтің қойылымындағы "Легенда о любви" балеті

Қойылымды "Астана Балет" көрермендері  9 және 10 қараша күндері тамашалай алады. Костюм мен декорацияны Мәскеу және Нұр-Сұлтан қаласының мамандары жасаған.

Ведущие солисты Театра Астана Балет - Татьяна Тен и Фархад Буриев
© Photo : пресс-служба "Астана Балет"
"Легенда о любви" спектаклі

"Легенда о любви" балеті "Астана Балет" театрында 9 және 10 қараша күндері өтеді. Спектакль сағат 18:00-де басталады.

56
Кілт сөздер:
Астана, Нұр-Сұлтан, видео
Тақырып бойынша
Балет бишілерінің бас киімі қалай тігіледі - видео
Абайдың 175 жылдығы қалай тойланады – министрдің жауабы
Белгілі актриса көрерменді шапалақпен тартып жіберді
Мәскеудегі "Современник" театрында қазақша спектакль қойылды
ARTиШОК театры жас актерлер мен режиссерлерді тегін оқытады

Суретші қоқыстан ерекше мүсіндер жасайды видео

29
(Жаңартылды 09:57 05.12.2020)
Суретші түрлі қоқыстан тамаша мүсіндер жасайды. Тағам мен дәрі қаптамаларынан бастап ыдыс-аяқ, қайта өңделмейтін пластикке дейін керекке жарайды. Жұрт қалдық деп атайтын дүниенің бәрі шеберліктің арқасында өнер туындысына айналады

Ресейлік курорттық Геленджик қаласының тұрғыны Нина Никифорова Қара теңіз жағалауынан табылған қоқыстан мүсіндер жасап, галереясына қояды.

Шебер бұл іспен 14 жылдан бері айналысып келеді.

Нина Никифорова ұзақ уақыт бойы дәрігер болып қызмет еткен. Жол апатына ұшырап, бұл саладан кететінін шешті. 

Суретшінің басты мақсаты - экология проблемасына назар аударту.

Толығырақ видеодан көре аласыз.

29
Тақырып бойынша
Ақтаулық Симба Алматыдағы жаңа "үйіне" үйреніп жатыр - видео
82 жастағы буынсыз әжейдің әрекеті көпшіліктің таңдайын қақтырды – видео
Қазақстандық дзюдошы көзі көрмесе де, қарсылас шақ келтірер емес - видео
Түрікменстан президенті есірткіні өз қолымен жағып жіберді – видео
Алматыда жас жігіт ғашығы жұмыс істейтін дүкеннің шатырынан секірмек болды – видео

Калифорнияда Юта мен Румыниядағы сияқты жаңа монолит табылды не болып жатыр?

49
Ютада табылып, содан кейін Румынияда қайта пайда болған үш метрлік төрт қырлы металл баған естеріңізде ме?

Дәл осындай монолит енді Калифорниядағы Пайн тауының шыңынан табылды. Оның сырты бұрынғыларынан өзгеше: бұрыштары тойтармамен дәнекерленген.  

Монолиттер туралы жаңалық әлеуметтік желіні дүрліктірді. Оларды кім, ең бастысы, не үшін орнатқаны әлі белгісіз.

Аспандағы таңғажайып шамдар: ерекше құбылыстың видеосы жарияланды 

Кейбір қолданушылар обелискілерді қарапайым өнер нысандары деп санайды.

Монолиттерді бөгде ғаламшарлықтар орнатқан дейтіндер де бар. Өйткені, олар Стэнли Кубриктің "2001 жыл: Ғарыш одиссеясы" фильміндегі обелискілерге өте ұқсас.

49
Илья Ильин Sputnik студиясында өткен баспасөз мәслихатында

Илья Ильин сүйінші жаңалығын бөлісті

0
Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазды

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық спортшы Илья Ильин Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері болып тағайындалды.

Ауыр атлет сүйінші жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Тағайындау! Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Биыл 10 қыркүйекте Ильин Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратынын мәлімдеген еді. Танымал спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін жеткізді.

Ал 8 қазанда ауыр атлет "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

0
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, спортшы, Илья Ильин
Тақырып бойынша
Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
Илья Ильин алтын медаль ұтып алды - видео
Илья Ильин "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды