Керч бұғазында ұсталған кемелер Украинаға қайтарылды

50
Украинаға өткен жылы Керч бұғазында ұсталған әскери кемелер қайтарылды. Ресейлік шекараны бұзған "Яны Капу", сонымен қатар "Никополь" және "Бердянск" кемелері Такиль мүйісіне жеткізілді

Тараптар осы жерде ресми түрде кемелер қайтарылады деп келіскен болатын. Ресейдің аумағына кірді деген күдікпен ұсталған 24 украиналық теңізші таяуда отанына оралған еді. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

50

Терезе түбінде оркестр: әйелдерді 8 наурыз мерекесімен қалай құттықтады видео

24
ТМД елдерінің әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтап жатыр. Оларға тек гүл сыйлап қана қоймай, түрлі байқаулар ұйымдастырды

Ресейдің Переславль-Залесский қаласында әскери қызметші әйелдерге арналған "Макияж под камуфляж" сайысы өтті.

Калашников автоматымен жұлдыз болып көріну үшін қалай бояну керек?

Ұлы Отан соғысының қатысушылары әскери музыканттарға қалай алғыс айтты?

Ал Қазақстанның қорғаныс министрі әйелдерді жылдағы дәстүрге сай құттықтады.

24

Марсқа ұшырылған зымыран жарылды видео

156
Илон Масктың Марсқа ұшырылған көп мәртелік зымыранының прототипі қонғаннан кейін бірнеше минуттан соң жарылды

Starship SN10 аппараты сәтті қонды, алайда борттағы өрттің салдарынан зымыран отыны оның күлін көкке ұшырды.

Бұл зымыран қатарынан үшінші рет сәтсіздікке ұшырап отыр, алдыңғы екі прототип қонып жатқан кезде құлап кетті.

Алайда Илон Маск пен оның SpaceX компаниясындағы қызметкерлері ұшырылым сәтсіз болды деп санамайды.

Масктың Марсқа ұшу туралы арманы жайлы видеодан көріңіз.

156
Коронавирус, аурухана

Коронавируспен ауырғандарда қандай дерт пайда болуы мүмкін

22
(Жаңартылды 14:20 08.03.2021)
Бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол 2022 жылдың басында тоқтайды

АЛМАТЫ, 8 наурыз – Sputnik. Covid-19 инфекциясын жұқтырып, сауығып шыққан адам қалпына келуі үшін біршама уақыт қажет. Алайда көп жағдайда аурудан кейін денсаулық нашарлауы мүмкін.

Оксфордтың Брукс университетінің мамандары науқастардың көпшілігінде қысқа мерзімді жүйке-психика бұзылуы байқалатынын анықтады, деп хабарлады РИА Новости.

Мысалы, адамдардың 95%-інде аурудан кейінгі стресс, 45%-інде көңіл бөлудің бұзылуы, 13-28%-інде есте сақтау қабілетінің нашарлауы анықталған.

Сонымен қатар Сovid-19 инфекциясын жұқтырғанға дейін бұл науқастарда мұндай ауытқулар болмаған.
Ал 17-42% адамда аурудан кейін депрессия пайда болған. Науқастардың арасында есте сақтау (38-50%) қабілетінің нашарлауына шағымданғандар да бар.

Айта кетейік, бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол 2022 жылдың басында тоқтайды.

22
Кілт сөздер:
дерт, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Әлем халқының небәрі 10 процентінде коронавирусқа қарсы антидене бар – ДДҰ
Астанада коронавирусқа кімдер жиі шалдығатыны анықталды
Ғалымдар коронавирустың "британдық" штаммын анықтайтын алғашқы тест әзірледі
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Еуропада коронавирустың үшінші толқыны басталды – видео