Назарбаева ажырасудың себебін атады: қазақстандықтар бұл жайлы не ойлайды?

4239
Соңғы жылдары қазақ қоғамында ажырасу жиілеп кетті. Бүгінде бұл проблема қарапайым халықпен қатар биліктегілерді де алаңдатып отыр.

Жуырда сенат спикері Дариға Назарбаева да жоғары палата қабырғасында осы мәселені көтерген болатын. Айтуынша, қазір жастар электронды түрде өтініш жазып, ажыраса салады. Құжат рәсімдеу процедурасы жеңілдегенімен, шаңырағы шайқалған отбасылар саны көбеюде. Жастардың ажырасу себептерінің бірі де осы деген еді ол.

Осы тақырып төңірегінде қазақстандықтар не ойлайтынын Sputnik Қазақстан видеосынан көре аласыздар.

4239
Кілт сөздер:
Дариға Назарбаева, жастар, ажырасу

Терезе түбінде оркестр: әйелдерді 8 наурыз мерекесімен қалай құттықтады видео

25
ТМД елдерінің әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтап жатыр. Оларға тек гүл сыйлап қана қоймай, түрлі байқаулар ұйымдастырды

Ресейдің Переславль-Залесский қаласында әскери қызметші әйелдерге арналған "Макияж под камуфляж" сайысы өтті.

Калашников автоматымен жұлдыз болып көріну үшін қалай бояну керек?

Ұлы Отан соғысының қатысушылары әскери музыканттарға қалай алғыс айтты?

Ал Қазақстанның қорғаныс министрі әйелдерді жылдағы дәстүрге сай құттықтады.

25

Марсқа ұшырылған зымыран жарылды видео

160
Илон Масктың Марсқа ұшырылған көп мәртелік зымыранының прототипі қонғаннан кейін бірнеше минуттан соң жарылды

Starship SN10 аппараты сәтті қонды, алайда борттағы өрттің салдарынан зымыран отыны оның күлін көкке ұшырды.

Бұл зымыран қатарынан үшінші рет сәтсіздікке ұшырап отыр, алдыңғы екі прототип қонып жатқан кезде құлап кетті.

Алайда Илон Маск пен оның SpaceX компаниясындағы қызметкерлері ұшырылым сәтсіз болды деп санамайды.

Масктың Марсқа ұшу туралы арманы жайлы видеодан көріңіз.

160
Үйдің кіреберісі

Ақтауда үйдің кіреберісінде болған жағдай видеоға түсіп қалды

2182
Видеода оның шығатын жер іздеп, қабырғаға өрмелегені көрінеді. Ролик авторлары жыртқыш аңды далаға шығарып жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісіне түлкі кіріп кетті. Оқиға 34-ші шағын аудандағы "Сандықтас" тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Түлкінің бұл жерге қалай жеткені белгісіз.

Видеода оның шығатын жер іздеп, қабырғаға өрмелегені көрінеді. Ролик авторлары жыртқыш аңды далаға шығарып жіберді. 

"Тұрғындар түлкіні пәтерде ұстады деп ойламаймын. Бұл ең шеттегі үй, дала суық болғандықтан, түлкі даладан қашып келді деп ойлаймын", - деді "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағандыда көліктің ішіндегі арыстанның суреті жарияланған болатын. Ол жергілікті хайуанаттар бағынан екені анықталды. Алайда жеңіл көлікпен тасымалдауға рұқсат болмаған. Полиция тексеріс жүргізеді.

2182
Кілт сөздер:
видео, Ақтау
Тақырып бойынша
Арыстан өзін сипамақ болған туристің қолын тістеп жұлып ала жаздады – қорқынышты видео
Арыстан әйнектің арғы жағында отырған балаға тап берді – қорқынышты видео
"Ататын мылтық жоқ": Атырау облысында қасқыр қаптап кетті
Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындарына қасқыр шапты
"Қасқыр ұстайтын бүркіт те бар": 14 жасар құсбегі ата кәсібі жайлы айтып берді