Ұшақтарға жаңа қозғалтқыштар мен электронды жүйелер орнатылады. Сондай-ақ зымыран-тасығыштар жаңа ресейлік Х-32 және "Қанжар" ракеталарына ыңғайластырылмақ. Қосымша ұшақтарды модернизациялау америкалықтардың іс-әрекетіне жауап ретінде қолға алынған, олар B-52 бомбалауышын жетілдірген еді.
Ресейдің Переславль-Залесский қаласында әскери қызметші әйелдерге арналған "Макияж под камуфляж" сайысы өтті.
Калашников автоматымен жұлдыз болып көріну үшін қалай бояну керек?
Ұлы Отан соғысының қатысушылары әскери музыканттарға қалай алғыс айтты?
Ал Қазақстанның қорғаныс министрі әйелдерді жылдағы дәстүрге сай құттықтады.
Starship SN10 аппараты сәтті қонды, алайда борттағы өрттің салдарынан зымыран отыны оның күлін көкке ұшырды.
Бұл зымыран қатарынан үшінші рет сәтсіздікке ұшырап отыр, алдыңғы екі прототип қонып жатқан кезде құлап кетті.
Алайда Илон Маск пен оның SpaceX компаниясындағы қызметкерлері ұшырылым сәтсіз болды деп санамайды.
Масктың Марсқа ұшу туралы арманы жайлы видеодан көріңіз.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісіне түлкі кіріп кетті. Оқиға 34-ші шағын аудандағы "Сандықтас" тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.
Түлкінің бұл жерге қалай жеткені белгісіз.
Видеода оның шығатын жер іздеп, қабырғаға өрмелегені көрінеді. Ролик авторлары жыртқыш аңды далаға шығарып жіберді.
"Тұрғындар түлкіні пәтерде ұстады деп ойламаймын. Бұл ең шеттегі үй, дала суық болғандықтан, түлкі даладан қашып келді деп ойлаймын", - деді "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағандыда көліктің ішіндегі арыстанның суреті жарияланған болатын. Ол жергілікті хайуанаттар бағынан екені анықталды. Алайда жеңіл көлікпен тасымалдауға рұқсат болмаған. Полиция тексеріс жүргізеді.