Соғымның уақыты келді: жылқы етін қалай таңдау керек видео

2156
Нұр-Сұлтан қаласындағы "Шапағат" коммуналдық базарының сатушылары жылқы етін қалай таңдау керектігін айтып берді

Олардың айтуынша, жас малдың етін сүйегінен білуге болады. Қабырғаның сүйегі жіңішке болса, ол – тайдың еті. Ал еттің түсі малдың майды қалай жинағанын аңғартады.

"Мысалы, сары ет болса, даланың малы деген сөз. Осы сары ет дәмді болады. Бірақ ол сәл кештеу піседі. Ал тез пісетін ет қажет болса, онда тайдың етін алу керек", - дейді сатушы Мағфуза Нәшкенова.  

Ал сатушы Гүлсім Станбекқызының сөзіне қарағанда, еттің қыртысы жақсы болуы керек.

"Жылқы етін таңдағанда қазысы мен жаясына қарайды. Ол қыртысты және әдемі болуы керек. Қазысы екі елі болса, ет жақсы деген сөз. Түсі сары болса, жайылымда жүрген малдың еті. Сосын жеміне де байланысты. Негізі, сарғыштау ет дәмді болады", - деді Станбекқызы.

Тілеужан Қашубайұлы да ет таңдағанда ешқандай құпия жоқ екенін айтып отыр.  

"Малды бордақыласа, еті ақшыл болады. Енді, жылқы етін таңдаудың құпиясы жоқ. Қазының майына қарайсың, жаясына қарайсың, соған қарай бағасын да қояды", - деп атап көрсетті Қашубайұлы.

2156
Кілт сөздер:
видео, ет, видео, жылқы

Таулы Қарабақ тұрғындары бейбіт өмірге қалай оралып жатыр - видео

64
Мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасы біртіндеп бейбіт өмірге оралып жатыр. Қарабақ астанасы Степанакертте қоғамдық көлік жүре бастады, дүкендер мен шаштараздар жұмысқа кірісті

Азық-түлік жеткізуде де кідіріс жоқ. Қалада жол қозғалысы, тұрғын үйлерді электр және сумен жабдықтау қалпына келтіріліп жатыр. Таулы Қарабақ мамандарына көмектесу үшін Ресей төтенше жағдай министрлігі қызметкерлері келді, олар азаматтық нысандар мен инфрақұрылымды жөндеуге көмектеседі. Жергілікті тұрғындарды ресейлік бітімгерлер де қолдап отыр. Әскерилер жолдарды минадан тазартып, өзара шектесу желісіндегі аумақтарды патрульдейді және өңірге оралып жатқан босқындарды жеткізеді.

64

Мысық пен жылан арпалысы - оқиға видеоға түсіп қалды

2224
(Жаңартылды 11:00 23.11.2020)
Бұл жағдай мысық үшін қайғылы аяқтала жаздады. Адамдар оған көмектесіп, аман алып қалды. Толығырақ видеода

Таиландтың адам көп жүретін көшелерінің бірінде мысық пен екі метрлік жылан арпалысты. 

Жағдай сол жерден өтіп бара жатқан жүк көлігінің камерасына түсіп қалған. Кадрда мысық аман қалу үшін барын салғанын көруге болады. Бірақ жылан оны орап алды. 

Көлік жүргізушісі мен жолаушылар мысыққа көмекке ұмтылды. Өзге адамдар да жыланды таяқпен ұра бастады. 

Жылан мысықты босатуға мәжбүр болды. Қашуына тура келді. Ал мысық бірер секундтай қозғалмай жатты.

2224
Тақырып бойынша
Ит өмірден озған иесін 11 жыл бойы жолда күтіп отыр – видео
Мысық жарты сағат кір жуғыш машинада жуылса да, аман қалды
Қарны аш жылан өз құйрығын жұтып қойды - видео
Егеуқұйрыққа тап берген мысық қарсылыққа ұшырап, қашып құтылды – видео  
Ит пен мысық бірге "аң аулауға" шықты – қызықты видео  
Газ конфоркасы

Қазақстанда елді мекендердің тек 24 проценті газбен қамтылған

4
(Жаңартылды 09:43 24.11.2020)
2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 миллиард теңге нысаналы трансферт бөлінген

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда 6 мыңнан астам елді мекеннің тек 1468-іне газ тартылған. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 90%-тен асатын неғұрлым газдандырылған өңірлерді атады. 

Олар: Атырау облысы – 99,6%, Маңғыстау облысы – 99%, Алматы қаласы – 98,8%, Батыс Қазақстан облысы – 96,2%, Шымкент қаласы – 92,1% және Ақтөбе облысы – 90,1%.

"Жалпы, еліміздегі 6 162 елді мекеннің 1 468-і немесе елді мекендердің жалпы санының 24%-ы газдандырылған", - деді Ноғаев үкімет отырысында.

Сондай-ақ, айтуынша, соңғы бес жылда 1 334 шақырым магистральдық газ құбырлары және 20 мың шақырымнан астам газ тарату желілері салынды.

Магистральдық газ құбырлары құрылысының өсуі 7%-ті, газ тарату желілері құрылысының өсуі 49%-ті құрады.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 53,07%-ке жеткізу күтілуде, бұл 2015 жылғы деңгейден 10%-ке артық.

2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 миллиард теңге нысаналы трансферт бөлінген, оның ішінде соңғы екі жылда 76 миллиард теңге бағытталды.

4
Кілт сөздер:
газ, Қазақстан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда дәмханада жойқын жарылыс болды – видео
Нұр-Сұлтанда дәмханада қайтыс болған адамның отбасына 1 млн теңге төленеді
Газ нарығының болашағы қандай?
Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды
Мамин әкімдіктерге бір ай ішінде газ-техникалық инспекция құруды тапсырды