Қазақстан Ресей мен Қытай арасындағы жаңа газ құбыры құрылысына қосылмақшы

142
(Жаңартылды 17:22 27.11.2019)
Қазақстан Ресейге жаңа "Сила Сибири-2" газ құбырын өз аумағы арқылы тартуды ұсынды. Республика премьер-министрі Асқар Мамин осындай ұсыныс тастады.

Үкімет басшысының пікірінше, жобаға қосылу Шығыс Қазақстан аудандарын газбен жабдықтау проблемасын шешуге көмектеседі.

"Сила Сибири-2" газ құбыры: Қазақстанның ұсынысына келісе ме?

Шығыс Қазақстанға ресейлік газ тартылуы мүмкін

"Сарыарқаның" көгілдір отыны: астанада газға қосылу ақысы қанша болады

142

Студенттер пәтерде құстарға арналған аурухана ашты видео

22
Студенттер грант ұтып алып, кәдімгі пәтерде ветеринарлық клиника ашты. Жастардың тың бастамасы қалай жүзеге асқанын видеодан көріңіз

Қазан қаласының жас ветеринарлары кәдімгі пәтерде жабайы құстар үшін емдеу орталығын ашты. Жуырда қыз-жігіттер бүкілресейлік жастар жобалары байқауында жеңіске жетіп, мемлекеттік грант ұтып алған еді.

Ветеринар студенттер ақшаны жылдам игерді. Қазандағы өз пәтерлерін қайта жасақтап, арнайы құрал-жабдық пен жем-азық сатып алды. Қанаттылар оңалту орталығына Ресейдің түкпір-түкпірінен түсуде. Жастар емделген құсты бостандыққа жібереді немесе хайуанаттар бағына береді.

Қазір орталық бір мезетте 10 құсқа дейін қабылдай алады. Көршілер пәтерде емдеу орталығының ашылғанына түсіністікпен қарайды.

22

Суретші қоқыстан ерекше мүсіндер жасайды видео

39
(Жаңартылды 09:57 05.12.2020)
Суретші түрлі қоқыстан тамаша мүсіндер жасайды. Тағам мен дәрі қаптамаларынан бастап ыдыс-аяқ, қайта өңделмейтін пластикке дейін керекке жарайды. Жұрт қалдық деп атайтын дүниенің бәрі шеберліктің арқасында өнер туындысына айналады

Ресейлік курорттық Геленджик қаласының тұрғыны Нина Никифорова Қара теңіз жағалауынан табылған қоқыстан мүсіндер жасап, галереясына қояды.

Шебер бұл іспен 14 жылдан бері айналысып келеді.

Нина Никифорова ұзақ уақыт бойы дәрігер болып қызмет еткен. Жол апатына ұшырап, бұл саладан кететінін шешті. 

Суретшінің басты мақсаты - экология проблемасына назар аударту.

Толығырақ видеодан көре аласыз.

39
Тақырып бойынша
Ақтаулық Симба Алматыдағы жаңа "үйіне" үйреніп жатыр - видео
82 жастағы буынсыз әжейдің әрекеті көпшіліктің таңдайын қақтырды – видео
Қазақстандық дзюдошы көзі көрмесе де, қарсылас шақ келтірер емес - видео
Түрікменстан президенті есірткіні өз қолымен жағып жіберді – видео
Алматыда жас жігіт ғашығы жұмыс істейтін дүкеннің шатырынан секірмек болды – видео
Елорданың қысқы көрінісі

Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

0
6 желтоқсанда елордада түнде 26 градусқа дейін аяз болады, Маңғыстау облысында сынап бағанасы 23 градусқа дейін төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

6 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Түркістан облысында кей жерлерді тұман басып, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 23°С дейін аяз болжанып отыр.

6-8 желтоқсан күндері Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман.

Қостанай облысында да тұман түседі деп күтілуде.

Өңірлердегі ауа райы

Атмосфералық ағымдардың әсерінен республика бойынша қар жауады деп болжануда. Елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда желтоқсанда ауа райы қандай болады

Ақмола, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады, Түркістан облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз 18-20 градус, түнде 26 градус аяз.

Алматыда күн бұлтты, күндіз 1-3 градус, түнде 7-9 градус суық.

Шымкентте күндіз 1 градус жылы, түнде 8-10 градус суық.

0
Кілт сөздер:
жел, қар, тұман, ауа райы болжамы