Үш жасар қазақстандық бүлдіршін жәрмеңкеде автокөлік ұтып алды видео

1908
(Жаңартылды 09:28 02.12.2019)
Нұр-Сұлтан қаласының үш жасар тұрғыны Диана Әлиева рождестволық жәрмеңкенің бас жүлдесі – автокөліктің иесі атанды.

Жеңімпаздың анасы Эльвира Әлиева Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында қайырымдылық жәрмеңкесінде ойнатылған үш билетті де қызы таңдағанын жеткізді. Солардың бірінен ұтыс шыққан.

"Лотереяға ешқашан қатысқан емеспін, әділ ойнатылатынына сенбейтін едім. Осы жолы қайырымдылық жәрмеңкесі болған соң, қатысуға бел будым. Күтпеген жерден жеңімпаз атандық. Бұл билеттерді менің қызым таңдады. Сондықтан автокөлік те оның ұтысы",- дейді астаналық әйел.

Ең ірі ұтыс – көгілдір түсті 2019 жылғы Lada Granta автокөлігі. Оны "Азия Автомен" бірігіп Ресей елшілігі ұсынды.

Сондай-ақ, елордалықтар лотереядан Лондон, Париж, Франкфурт, Рига, Таллин, Токио, Әбу-Даби, Шарджу, Бангкок қалаларына саяхат, Карпаты және Карловы Варыдағы қонақ үйлерде демалыс, тағы басқа көптеген қымбат және эксклюзивті жүлделер ұтып алды.

Тағы оқыңыз: Ер адам аян беретін түстің арқасында байып кетті

Биыл рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі он екінші рет өтіп отыр.

Жыл сайынғы іс-шара түрлі қайырымдылық жобалары мен ұйымдарға қаражат жинайды. Сондай-ақ, жәрмеңкеге қатысатын ондаған елшілікке өз елінің мәдениеті мен ұлттық тағамын таныстыруға мүмкіндік береді.

1908

Бұлан адамдармен футбол ойнап жүр қызықты видео

5
Кәдімгі орман бұланы футбол алаңына кіріп кетіп, адамдармен бірге доп тепті. Күлкілі жайттың видеосын көріңіз!

Аляскадағы Хомер қаласында түсірілген роликтен бұланның допқа назар аударып, оны тұяғымен теуіп жатқанын көруге болады, тіпті әрі-беріден соң гол соққысы келгендей кейіп танытады.

Орманнан келген ойыншыны бақылап тұрған жігіттер төрт аяқты қарсыластың күтпеген жерден футбол алаңына кіріп кеткеніне таңданып, ішек-сілесі қатқанша күлді.

"Бұланның кесірінен футбол матчымызды тоқтатуға тура келді. Ол бізбен ойнағысы келген екен!", - деп жазды видео авторы.

5

Алматыны автобус-кабриолетпен аралауға болады - видео

32
(Жаңартылды 10:48 26.11.2020)
Hop-On Hop-Off экскурсиясы көптеген елде сұранысқа ие. Енді Алматыны тамашалаймын деушілер де осы қызметті қолдана алады

Автобус бағыты бойынша бірнеше аялдама қарастырылған. Экскурсияға билет алған жолаушылар олардың кез келгенінен шығып, қаланың көрікті жерлерін аралай алады. Кейін сол билетпен қалаған аялдамада автобусқа қайта отыруға болады.

Әзірге мұндай бір ғана автобус бар. Олардың санын төртеуге жеткізу көзделіп отыр.

"Жаз мезгілінде автобустың төбесін ашып қоямыз. Қыста салон жабылады. Алайда үлкен терезе мен орындықтардың биік орналасуының арқасында қаланы тамашалау мүмкіндігі жаздағыдан еш кем емес ", - деді қалалық әкімдіктің туризм басқармасы.

Экскурсия бағытына Алматының "алтын квадраты" - қаланың тарихи орталығы енген. Бұдан бөлек, автобус орталық стадион және "Атакент" көрме кешені арқылы өтеді. Барлығы 50-ге жуық орын таңдалған.

Жолаушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде Алматы тарихынан қызықты фактілер айтылады.

Жоба толықтай жеке инвестиция арқасында іске қосылып отыр.

Толығырақ видеодан көре аласыз.

32
Кілт сөздер:
видео, автобус, Алматы
Тақырып бойынша
Жеті қазынаның бірі: тазы тұқымын сақтап қалу үшін не істеу керек – видео
Маскаңды тақ! Қатал аққу саябақтағы қауіпсіздікті қадағалап жүр – видео
Конор Макгрегордан айнымай қалған қазақстандық шоумен болып кетті - видео
Семейліктерді шошытқан аспан жарқылының не екені белгілі болды – видео
Көлігіндегі қарды тазалап тұрған ер адам бір ажалдан аман қалды – видео