Кездесудің қалай өткенін және дипломаттардың америкалық президентпен не жөнінде сөйлескенін видеодан көре аласыздар.
Байден бірден білек сыбана жұмысқа кірісіп, Трамптың бірнеше шешімінің күшін жойды.
Атап айтқанда, Американың жаңа лидері АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Климат жөніндегі Париж келісіміне қайта қосты.
Байден экс-президенттің басқа шешімдерінің де күшін жойды.
Төртаяқты жануарлар көптеген тестен де жақсы жұмыс істейтін көрінеді: вирустың британдық, бразилиялық немесе оңтүстікафрикалық штаммдарын да анықтай алады.
Иттер иіс арқылы індетке шалдыққандарды қалай анықтайды? Осыған ұқсас сынақтар тағы қай елдерде өтіп жатыр? Ресейде әзірленген иттерді үйрету әдісі неге негізделген?
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын видеодан біле аласыз.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өткен тәулікте коронавирустан алты, пневмониядан екі адам көз жұмды.
Сондай-ақ, бір тәулікте 1584 адам вирус жұқтырса, 110 адам пневмонияға шалдықты.
24 қаңтардағы мәлімет бойынша, 26 736 адам короновирус инфекциясынан (15 016 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады
Науқастардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 50 пациент – хәл үстінде, 43 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.