ЕАЭО-ның бес жылдығына орай Мәскеу метросында арнайы пойыз жіберілді

49
(Жаңартылды 12:20 09.12.2019)
Мәскеу метросында енді Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығының құрметіне арнайы пойыз жүреді

Одақтың туған күніне Мәскеу метрополитені осындай сыйлық жасаған.

Пойыз метроның Сақина желісінде жүреді.

"Бұл достық пойызы, ол мәскеуліктерге Еуразиялық экономикалық одақ туралы ақпарат береді. Біз – жас ұйымбыз, мұндай бастамалар біздің одақты кеңірек танытуға мүмкіндік береді", - деді ЕЭК алқасының төрағасы Тигран Саркисян пойызды іске қосудың салтанатты рәсімінде.

49

АҚШ-ты ДДҰ-ға қайта қосты. Байден тағы қандай шешім қабылдады видео

36
Джо Байден АҚШ президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Аз ғана уақыт ішінде ол 17 жарлыққа қол қойып үлгерді. Олардың дені бұрынғы президент Дональд Трамп қабылдаған заңдардың күшін жойды. Толығырақ – видеода

Байден бірден білек сыбана жұмысқа кірісіп, Трамптың бірнеше шешімінің күшін жойды.

Атап айтқанда, Американың жаңа лидері АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Климат жөніндегі Париж келісіміне қайта қосты.

Байден экс-президенттің басқа шешімдерінің де күшін жойды.

36
Кілт сөздер:
президент, АҚШ

Иттер коронавирус жұқтырған науқастарды анықтай ала ма видео

44
Италия әуежайында өзекті сынақ жүргізіліп жатыр: иттер коронавирус белгілері бар адамдарды анықтауға үйретілуде

Төртаяқты жануарлар көптеген тестен де жақсы жұмыс істейтін көрінеді: вирустың британдық, бразилиялық немесе оңтүстікафрикалық штаммдарын да анықтай алады.

Иттер иіс арқылы індетке шалдыққандарды қалай анықтайды? Осыған ұқсас сынақтар тағы қай елдерде өтіп жатыр? Ресейде әзірленген иттерді үйрету әдісі неге негізделген?

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын видеодан біле аласыз.

44
Кілт сөздер:
видео, коронавирус, ит
Модульді инфекциялық аурухана

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан сегіз адам қайтыс болды

8
24 қаңтардағы мәлімет бойынша, республика бойынша 26 736 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулікте коронавирустан алты, пневмониядан екі адам көз жұмды.

Сондай-ақ, бір тәулікте 1584 адам вирус жұқтырса, 110 адам пневмонияға шалдықты.

24 қаңтардағы мәлімет бойынша,  26 736 адам короновирус инфекциясынан (15 016 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

Науқастардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 50 пациент – хәл үстінде, 43 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

8
Кілт сөздер:
науқастар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы