АҚШ ғарышта соғысуды көздейді. Ресейдің жауабы қандай?

843
(Жаңартылды 15:50 23.01.2020)
АҚШ пен НАТО жердің айналасындағы кеңістікті әскери іс-қимылдың жаңа алаңы ретінде қарастырып отыр

Бұған дейін Дональд Трамп әскердің жаңа түрі – ғарыш күштерін құруға бастамашы болды.

Тағы оқыңыз: АҚШ қарулы күштерінің әлсіз тұсы анықталды

2020 жылда осы құрылымды дамытуға 40 миллион долллар қарастырылған. Әзірше, штатта 200 әскери бар. Жақында қолбасшысы да тағайындалды. Бірақ Пентагон алдағы уақытта ғарыш әскері әуе, теңіз және жаяу күштерімен бірдей дәрежеде болады деп мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: НАТО ірі қақтығысқа дайындалып жатыр – бас штаб

843
Кілт сөздер:
соғыс, ғарыш, Ресей

Қазақстандықтар пандемия кезінде Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты - видео

70
Санаулы күндерден кейін 2020 жыл да мәңгіге тарих қойнауына енеді. Тышқан жылы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге ауыртпалық әкелді

Өтіп бара жатқан жыл адамзаттың есінде коронавирус пандемиясымен есте қалары анық. Осыған орай Sputnik Қазақстан тілшісі қазақстандықтардан 2020 жылдан не үйренгенін және Жаңа жылды қалай қарсы алатынын сұрады.

70
Кілт сөздер:
видео, жаңа жыл

АҚШ пен Румыния әскерилері Қырым жанында бірлескен оқу-жаттығу өткізді

43
АҚШ пен Румыния әскерилері Қара теңіз жағалауында Rapid Falcon бірлескен оқу-жаттығуын өткізді. Әскерилер M142 HIMARS алыс қашықтықтағы реактивті жүйесінің екі қондырғысынан зымыран ұшырды

Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқу-жаттығуды ресейлік әскерилер үшін "зымыран тосын сыйы" деп атады. Бірақ Мәскеу мұнымен келіспей отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл ешқандай тосын сый емес, өйткені әскери техниканың жеткізілуі бақыланады. Әрі Қара теңіз өңірінде Ресейдің радиотехникалық барлау станциясы бар.

43
кісен, архив

Қарағандылық полицейлер қауіпті банда ұсталған сәттің видеосын жариялады

376
(Жаңартылды 13:36 29.11.2020)
Банда мүшелерінен қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Қарағанды облысының полицейлері адам өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасаған төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы Теміртау тұрғыны полицейлерге қарақшылық шабуыл туралы хабарлаған.

Әйелдің айтуынша, 20 қараша күні белгісіз екі  адам пистолетпен қорқытып, Момышұлы көшесіндегі пәтеріне кіреді. Үйде бірге тұрып жатқан 50 жастағы ер адам екеуі болған. Қаскөйлер екеуін байлап тастап, ұрып-соққан. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмады. Бандиттер үйдегі ақша мен мүлікті алып кеткен.

Бұл фактілер қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі "Адам өлтіру" және 192-бабының 3-бөлімі "Қарақшылық" бойынша тіркелді.

"Қылмысты ашып, күдіктілерді ұстау үшін арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына департамент аппараты, Теміртау қаласы полиция басқармасының тәжірибелі мамандары кірді", - деді полициядағылар.

Тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтады. Олар - 25, 29, 34 және 39-жастағы Жезқазған, Сәтбаев және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Полиция қаскөйлерді 26 және 28 қарашада Нұр-Сұлтан мен Жезқазғанда ұстады.

Күдіктілердің пәтерін тінту кезінде түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың басқа қылмыстарға қатысы анықталады.

376