Қазақ дәрігер Қытайда "Қара жорға" билеп, науқастардың көңілін көтерді - видео

6142
(Жаңартылды 16:11 12.02.2020)
Қазақ дәрігер Бахаргүл Бүдәш Ухань ауруханасында би билеп, коронавирустан емделіп жатқан науқастарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Sputnik Қазақстан редакциясына қандасымыздың билеген сәті түсірілген видео келіп түсті

Видеоны қазақ дәрігерінің досы және әріптесі жолдады. Айтуынша, көңілді видео коронавирус індеті тараған Ухань қаласының Фан Цан ауруханасында түсірілген.

Аурухана дәлізінің қақ ортасында "Қара жорға" биін билеген дәрігердің есімі – Бахаргүл Бүдәш. 35 жастағы қандасымыз сегіз жылдан астам хирург болып жұмыс істейді.

"Өте мықты дәрігер-хирург. Қытай әр аймақтан білікті дәрігерлерді жинап, Уханьдағы ауруханаларға жіберген. Арасында осы кісі де бар", - деді видеоны жолдаған досы Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айтуынша, ақ халаттылар аурудан қажып, ұнжырғасы түскен пациенттердің көңіл-күйін көтермек болған. Осылайша, әр ұлттың ән-биін қойып, шағын концерт ұйымдастырған.

Он шақты ұлт өкілі би билепті. Қазақтың атынан Бахаргүл Бүдәш шығып, "Қара жорға" билеген.

Қытайдан қанша қазақстандық қайтты

Қытайды жайлаған індеттен кейін Қазақстан бұл елмен жолаушылар тасымалының барлық түрін тоқтатты.

1 ақпанда коронавирус ошағы Ухань қаласынан 83 қазақстандық санавиациямен елге қайтарылды. Олар он төрт күнге елордадағы ауруханалардың бірінде карантинге жабылды. Келгендер арасында коронавирус тіркелген жоқ.

Араға он күн салып тағы 217 отандасымыз Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

12 ақпан күні кешке "Эйр Астана" ұшағы тағы да Қытайға ұшып шығады. Бұл жолы 155 қазақстандық елге оралады. Барлығы Алматы қаласында карантинге жатқызылады.

Қытайдағы коронавирус

Әлемді дүрліктірген індет Қытайдың Ухань қаласында өткен жылдың соңында тарай бастады. Вирус Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де жылдам тарап кетті. 

12 ақпандағы мәлімет бойынша Қытайдан коронавирустан 1 113 адам көз жұмған, жұқтырғандар саны 44,6 мың адамға жетті, тек 4 740- і емделіп шыққан.

6142
Кілт сөздер:
видео, дәрігер, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1816)
Тақырып бойынша
Қытай Қазақстанға өтініш білдірді
Қытай туралы қауесетті кім таратады – Қытай елшісі ашық сұхбат берді
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Қытайдың Қазақстандағы басты мақсатын атады
Қытайдағы қазақтар "қайта оқыту" орталықтарынан босатылды - министр
Назарбаев Қытайдың бастамасы туралы не ойлайтынын айтты
Қытай Помпеоның Шыңжаңдағы қазақтар қысым көріп жатыр деген мәлімдемесіне жауап қатты

Қазақстандықтар пандемия кезінде Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты - видео

65
Санаулы күндерден кейін 2020 жыл да мәңгіге тарих қойнауына енеді. Тышқан жылы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге ауыртпалық әкелді

Өтіп бара жатқан жыл адамзаттың есінде коронавирус пандемиясымен есте қалары анық. Осыған орай Sputnik Қазақстан тілшісі қазақстандықтардан 2020 жылдан не үйренгенін және Жаңа жылды қалай қарсы алатынын сұрады.

65
Кілт сөздер:
видео, жаңа жыл

АҚШ пен Румыния әскерилері Қырым жанында бірлескен оқу-жаттығу өткізді

42
АҚШ пен Румыния әскерилері Қара теңіз жағалауында Rapid Falcon бірлескен оқу-жаттығуын өткізді. Әскерилер M142 HIMARS алыс қашықтықтағы реактивті жүйесінің екі қондырғысынан зымыран ұшырды

Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқу-жаттығуды ресейлік әскерилер үшін "зымыран тосын сыйы" деп атады. Бірақ Мәскеу мұнымен келіспей отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл ешқандай тосын сый емес, өйткені әскери техниканың жеткізілуі бақыланады. Әрі Қара теңіз өңірінде Ресейдің радиотехникалық барлау станциясы бар.

42
кісен, архив

Қарағандылық полицейлер қауіпті банда ұсталған сәттің видеосын жариялады

1
(Жаңартылды 13:36 29.11.2020)
Банда мүшелерінен қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Қарағанды облысының полицейлері адам өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасаған төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы Теміртау тұрғыны полицейлерге қарақшылық шабуыл туралы хабарлаған.

Әйелдің айтуынша, 20 қараша күні белгісіз екі  адам пистолетпен қорқытып, Момышұлы көшесіндегі пәтеріне кіреді. Үйде бірге тұрып жатқан 50 жастағы ер адам екеуі болған. Қаскөйлер екеуін байлап тастап, ұрып-соққан. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмады. Бандиттер үйдегі ақша мен мүлікті алып кеткен.

Бұл фактілер қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі "Адам өлтіру" және 192-бабының 3-бөлімі "Қарақшылық" бойынша тіркелді.

"Қылмысты ашып, күдіктілерді ұстау үшін арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына департамент аппараты, Теміртау қаласы полиция басқармасының тәжірибелі мамандары кірді", - деді полициядағылар.

Тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтады. Олар - 25, 29, 34 және 39-жастағы Жезқазған, Сәтбаев және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Полиция қаскөйлерді 26 және 28 қарашада Нұр-Сұлтан мен Жезқазғанда ұстады.

Күдіктілердің пәтерін тінту кезінде түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың басқа қылмыстарға қатысы анықталады.

1